Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі
Графикалық әдістер көбінесе дербес және көмекші ретінде құрастырылады. Мамандарда олар негізінен өте нашар сенімсіз ретінде бағаланады. Алайда, олар адамға шындықты жобалау және өз бетінше елмеуге мүмкіндік береді. Демек, сурет белгілі дәрежеде адамның жеке тұлғасын, оның көңіл-күйін, сезімдерін, уайымдарын, қарым-қатынасын көрсетеді.
Практиктер сурет тесттерді жиі қолданады. Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді. Әрине, зерттеуші үшін оның суреттері қандай бейнеде колданғаны және олардың көмегімен қандай мәлімет алынғандығы әрқашан түсінікті.
Психодиагностиканың мақсаты жобалық графикалық әдістерінің оныңт нәтижесінің психотүзету үрдісінде қолданды, сол сияқты көбінесе олар бала өзінің ішкі дүниесін көрсетуге және өзін түсінуге ықпал етеді.
«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі сирек кездесетін, бірақ қызықты және мәліметті әдістеме болып табылады. Ол адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы түру қабілетіне бағытталған. Сонымен қатар, қорғаныс механизмдернің касиеттері мен жеке тұлға резервтерін ашуға көмектеседі.
Нұсқау
Нұсқау классикалық вариантта карапайым түрде беріледі. Зерттеушіге тік Бағытталған қағаздың А4 ақ парағына адамның суретін салу ұсынылады, ал бұдан кейін сондай басқа параққа бөлек — жаңбыр астындағы адамнын суретін салуды тапсырады.
Екі суретті салыстыру адамның стресстік қолайсыз (жағымсыз) жағдайда ол қиындық кезінде не сезінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.
Тестілеу кезінде салынған суретті бақылау маңызды және зерттеушінің барлық айтқандарына назар аудару керек. Көбірек сенімді мәлімет алу үшін зерттелінушіге косымша сұхбат жүргізу керек.
Суреттерді интерпретациялау кезінде келесі мәліметтерге көңіл бөлу керек. Интепретацияда ұсыныстарға сүйене отырып, логикалык көзқараспен барлық арнайы датальдарды талдауға көшуге болады.
«Жаңбыр астындағы адам» суретін «Адам» суретімен салыстырғанда көптеген айырмашылықтарды айқандауға болады.
Экспозиция қалай өзгергенін қарау маңызды. Сонымен, мысалы, егер адам күтіп тұрғандай бейнеленсе, онда бұл өмірдің қиын жағдайларынан кету тенденциясымен байланысты, қиындықтан қашумен де байланысты болуы мүмкін (мысалы, әсіресе, егер адамның бейнесі құс ұшатын биіктіктен бақыланғандай бейнеленсе).
Жаңбыр астындағы адам кескіні парақтың жоғарғы жағына жылжу жағдайында зерттеулушінің әрекеттен қашу бейімділігі, сонымен қатар корғаныс механизмдерінің бар екендігі айтылады.
Кескіннің өзгеруі (трасформация)
Кескіннің көлемінің ұлғаюын кейде жасөспірімдерде кездеседі. Олар көбірек күшті және өздеріне сенімді болғандығын білдіреді.
Кескіннің кішіреюі зерттелуші өзін қорғау мен жақтаушылыкты қажет еткенді танытады, өзінің өміріндегі жауапкершілікті басқа адмдарға көшіруді көздейді. Кішкентай кескіндеулерді салатын бала әдетте өзінің сезімін көрсетуге ұялады және адамдармен өзара қарым-қатынасы кезінде кейбір кедергілер мен көпшілік тенденцияларына ие болады. Олар стресс нәтижесінде депрессиялық жағдайға душар болатындығын сездіреді.
Егер де Жаңбыр астындағы адам суретінде кескіндерді бейнелеу кезінде дененің қандай да бір бөлігі (аяқ, қол, құлақ, көз) салынбаса, онда бұл қорғаныс механизмдерінің өзгешелікгерін және эго реакциясының көріну ерекшеліктерін көрсетеді. Киімнің болмауы мінез-қүлыктың анықталған таптаурындарын ескермеумен, сезінудің албырттығымен байланысты.
Жаңбыр белгілері (атрибуттары)
Жаңбыр — адамдарда болатын кедергілер, жағмсыз әсерлер.
Бейнелеудің сипаты адамның қиын жағдайларды қалай қабылдайтындылығымен байланысты: сиректамшылар — уақытша, жеңуге болатын жағдайлар, боялған тамшы немесе сызытар — қиын, үздіксіз жағдайлар.
Жаңбырдың қайдан «келетінін» (адамның оң немесе сол жағынан) және кандай бөлік көп жағдайда әрекетке душар болатынын анықтау керек. Интерпретация адам кескіні немесе оң және сол жағының жазылған мәнімен қатысып жүргізіледі.
Қара бұлт жағымсыз жағдайларды күту белгісі болып табылады. Бұлттар, қара бұлттардың санына, олардың мөлшерінің қалындығына, орналасуына назар аудару маңызды. Депрссивтік жағдайда барлық аспанды алатын ауыр қара бұлт бейнеленеді. Шалшық су, батпақ,балшық бұл үрейлі жағдайдың салдарын. «жаңбырдан» кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді.
Шалшықтыңбейнелеуерекшелігіненазараударуқажет(форма, тереңдігі, шашыранды). Адам кескініне шалшық қалай орналасқанын ескеру маңызды. (Кескеннің артқы жағынан немесе алдыңғы жанына орналасқан ба, адамдарды барлық жағынан қоршаған немесе оның өзі шалшықта тұр ма?). Қосымша бөлшектер
Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке, гүл, кітап) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.
Бөлшектерді көбірек толықтай түсіндіру (мәнін ашу) көрсетілген бейненің символдық мәнін құрайды. Мысалы, найзағай дамудағы жаңа циклдің бастауын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын күннің шығуын алдын-ала білдіретін кемпірқосақ толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.
Қолшатырдың сырты жағымсыз нөсерлерден психикалык қорғанудың символикалык бейнесін түсіндіреді. Бейнелерді түсіндіру көзқарасы бойынша қолшатыр бейнесінде ана мен әкесіне байланысты белгі ретінде қарастырылады. Қолшатырдың жауын-шашыннан қорғауы да, қорғамауы да мүмкін.
Сонымен, мысалы үлкен қолшатыр-саңырауқүлак адам адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқұрайдылығын дәлелдеуімүмкін. Адамдардың кескініне қатысты қолшатырдың көлемі мен орналасуы психологиялық қорғаныс механизмі әрекетінің қарқындылығын көрсетеді.
Қатыстыбөлшектердіңболмауышиеленістіжағдайларғажәне психикалық корғаныс механизмдерін ығыстырудың салдары болуын көрсетуі мүмкін. Мысалы, суретте қолшатырдың қатыспауы қиын жағдайда ата-анасы жағынан көмектің болмауы жағдайын көрсетуі мүмкін.
Суреттердегі түстер
Суретті қарапайым қаламмен орындауға болады. Көп адамдар түрлі-түсті қаламның қолдануын калайды. Егер зерттелушіде түрлі-түсті қаламдардың барлығы түгел болмаған жағдайда түстерге карап шешім шығарудың қажеті жоқ.
Түстер белгілі бір сезімдерді, көңіл-күйді және адамдардың қарым-қатынасын білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі реакциялардың және шиеленісу жағдайдың да бейнелеуі мүмкін. Жақсы бейімделген эмоциялық қалапты бала әдетке 2-ден 5-ке дейінгі түстерді қолданады. 7-8 түстер жоғары лабильділікті көрсетеді. Бір түстің қолданылуы эмоциялық өзгеруде қорқыныштың болуын көрсетеді.
Қорытындылау кезеңі
Суреттің интерпретациялау кезеңі 1-ші және 2-ші кезеңінен алынған мәліметтер жиынтығы болып табылады. Стандартты тесттер нәтижесінің және адам туралы мәліметтерге қатысып алынған барлық материалдар талданады.
Тест нәтижесін талдау кестесі
Балалар аты | |
1.Айжан | Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,
сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.
|
2.Ақнұр | Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз
орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде. |
3.Әлия | Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,
сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм. |
4.Бану | Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм |
5.Данабек | Эгоцентризм, танымдық кызығушылығы жоғары,
сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм. |
6.Гүлдана | Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,
сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм. |
7.Мақсат | Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,
сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм. |
8.Марс | Эгоцентризм, танымдык қызығушылығы жоғары,
сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм. |
9.Нұрсұлу | Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,
сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұріақсыз, инфантилизм.
|
«Жаңбыр астындағы адам» тестінің нәтижесін үш баланың суретін талдаумен көрсеттік. Ал бүл пиктограмманың нәтижесі бір-біріне өте ұқсас болып шықты.
Зерттеу нәтижесі бойынша балалардың басым көпшілігінің эгоцентризмі анық байқалатын, танымдық қызығушылығы жоғары дамыған және эмоционалдық тұрақсыз. Зерттеулер нәтижесінде 7 сынып оқушыларының басым көпшілігінің акцентуациясы нормаға жақын немесе соның дисперсиясы аралығында орналасқанын байқадық. Танымдық қызығушылығының жоғарылығы балалардың болашағы туралы ойға бөленіп жүргенін көрсетеді. Шешім қабылдауға пысық болғандары зерттелінушілердің үштен бірі. Сонымен қатар балар арасында өзіне сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм деген жарамсыз көрсеткіштер орын алды. Өзін жоғары бағалайтындары сонымен қатар, эмоционалдық тұрақсыздығы әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайтындығынан, сонымен қатар олардың жоғары дамыған танымдық қызығушылығының қанағаттандырусыздығынан тууы мүмкін. Жеткіншек жастағы балаларға тән тынымсыздық, барлық уақытта іс-әрекет үстінде болу кажеттілігі зерттеу нәтижесінде жиі кездесті. Біз бұл әдістеме нәтижесін көрсететін тоғыз оқушы жұмысын талдау нәтижесін келтірдік. Бұл зерттеуге барлығы 19 бала қатынасты. Басқаларының салған суреттерінің талдауы осы нәтижені көрсетеді.