- Шағын мектептерде сапалы білім берудегі педагогика-ғылым ретінде өте күрделі. Бұл сабақ уақытысында екі немесе үш сыныппен сабақ өткізу мұғалімнің шеберлігін қажет етеді
Шағын мектептерді топтасып отырған оқушыларды ұйымдастыра отырып, сабақтардың тәрбие мен эстетикалық міндеттерін қадағалай отырып, әр оқушының қабілетін ашу арқылы өмірге жетеленелді. Оқушының жеке басының психоллогиялық негізін ескере отырып, топтасу сатысындағы негізгі ерекшеліктерді: өзін-өзі бақару, пікірін дәлелдеу, өз білімін қолдану қажеттілігін шағын мектептерде интеллектік, коммуникативтік, іскерлік, өмірге икемділік жақтары жақсы дамып, жетіледі.
Олармен, біріншіден, өздігінен орындайтын жұмыс түрлерінің білік, дағдыны арттыратын ақыл-ой өрістерін кеңейту жұмыстарын ұйымдастыру. Екіншіден, баланың өзін-өзі бақылауын, өсу мақсаттылығын жетелей отырып, ізденімпаздыққа үйрету маңызды.
- Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту бастауыш мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі формасы –сабақ. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту математика сабағының мақсаттары мен міндеттері (білімділік, тәрбиелілік, дамытушылық). Сабақтың түрі мен типі (аралас, біріккен, ойын, экскурсия т.б.). Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда сабақтың құрылымы, кезеңдері және олардың арасындағы байланыс; сабаққа дайындық және оны ұйымдастыру қажет. Жаңа сабаққа қойылатын талаптар, сабаққа әдістемелік талдау жасау, берілген тақырыптар бойынша сабақтар жүйесін дайындау, жоспарлау міндетті шарт. Сабақты оның дидактикалық мақсатына байланысты құру қажет. Математика бойынша оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формалары: кластан тыс жұмыстар, үй жұмыстары, оның рөлі, мазмұны, көлемі және оны тексеру жолдары жүргізілуі тиіс.
1-4 сыныптарға арналған математикадан оқу-әдістемелік топтама
- Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты;
- Бағдарлама;
- Оқулық;
- Дәптер №1,№2;
- Математиканы оқыту әдістемесі, 1-4 сынып;
- Математикадан дидактикалық материалдар, 1-4 сынып;
- Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар, 1-2 сынып;
- Көрнекі көрсету кестесі, 1-сынып. Көрнекі көрсету кестелеріне әдістемелік нұсқау; үлестірмелі дидактикалық материалдар;
- Көру-есту техникалық құралдарына арналған материалдар;
- Ата-аналарға арналған түсіндірме.
2-сыныптан тұратын комплектідегі сабақтың құрылымы
Сабақ минуттері | Сыныптар | |
2 ші | 3 ші | |
2-3 | Жұмысты ұйымдастыру | Жұмысты ұйымдастыру |
15-18 | Мұғалім түсіндіруі және өз басшылығымен бірінші бекітуі | Өздік жұмыс |
15-18 | Өздік жұмыс | Мұғалім түсіндіруі жаңа материалды мұғалім басшылығымен бірінші бекітуі |
3-4 | Қорытынды шығару.
Үйге тапсырма беру. |
Қорытынды шығару.
Үйге тапсырма беру. |