Жалпы халық өміріндегі, оның белгілі аймақтарындағы елеулі мәдени құбылыстарды, бүкіл еліміздің саяси экономикалық, қоғамдық-әлеуметтік салаларындағы табыстары мен өзгерістерін бөліп қарауға болмайды. Кешегі Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында -ақ бұрынғы Бетпақ дала өңірі, Мырзашөл аймағындағы тың жерлердi игеру жұмыстары бірінші кезекте қолға алынып, арнайы коммиссия, Мырзашөл даласындағы Қазақстан мен Орта Азияның жүздеген мың гектар жерлерін игеріп, суландыру жумыстарын жүргізуге міндетті.
Содан бepi бұл өлке адам танымастай дәрежеде өркендеп гүлденді. Жыл сайын Отанымыз қоймасына мыңдаған тонна «ақ алтын, бау-бақша, жүзім өнімдерін тапсырып жатқан бай-дәулеті тасыған аймаққа айналды. Осы жердің қаншалықты көркейгеніне, мәдениетінің өскеніне риза болған ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов «Біз Мырзашөлдің Оңтүстік Қазақстанға қараған ұзын өлкесін түгел шолдық. Бәрінде де өнерлі еңбек тудырған: тоғайлы, сулы, мақталы, қалалы, қыстақты берекелі жемісті мәдениет орнатқан өлкелерді танисың «… деп сипаттаса Ел басымыз, Жетісайға келген сапарында Нұрсұлтан Назарбаев: -шынында да Қазақстанның қазақтың жүрегі болып саналатын Оңтүстік өңірінде, оның ішінде Мырзашөл халқымен бүгін қуанышты жағдайда кездесіп тұрмын. Мінекей, үлкен тарихы бар, заманында Жібек жолының үлкен тармағы болып саналатын өнген, өркендеген мәдениетімен, бүгін шылбыр-тізгінің қолына алған кезде 70-жылдықты атап отырмыз’’-деді ұлы жазушымыз М.Әуезов. Ел басымыз Н.Назарбаев айтқандай осы бip жемісті мәдениет орнатқан өлке ақын мен жазушыларға, әннші-күйшілерге, суретші-сәулеткерлерге, дарынды өнерпаздарға толы еді [1,15-б.].
Соның нәтижесінде мәдениет ағарту орындарының көптігі, өнерпаздарға молдығы жөнінен бұл өлке Республика көлемінде белгілі.
Бүгінгі тақырыбымыздың негізгі арқауы Мырзашөл өңірінің күйшілepi болғандықтан біз осынау күйшілер жайлы әңгіме етпекпіз. Күйші деген кезде қазақтың қара домбырасың, домбыра дегенде күйші деген сөзді бөліп айтуға болмағандай, қазақтың киелі қара домбырасының қасиетін ешбір аспаппен салыстырмайтын коңыр үнін жай сөзбен айтып жеткізу оңай емес екендігі, көзді, естіген құлақты зиялы ортаға белгілі дүние. Күй деген жай сөздің өзі түркі тілдес халықтардың ішіндегі тек қазаққа тән жарасымды тәтті сөз екендігіне өзге ұлттың дауы жоқ шығар. Қазақтың ғұлама ақындарының бipi қобыз бен домбыраға арнап шығарған өлеңіне назар аударыңыздар:
Қазақтың қара қобызы
Бабалар үні мұң басқан
Домбыра, қобыз қосылып
Өмірді толған мұңдасқан
Бip күйге сыйып кетеді
Ғұлама кейбір бip дастан домбыра ұлтымыздың бас аспабы. Домбырамен күйді де тартқан, әнде айтқан, би де билеткен. Қазақ сөзге қанша ұста болса да сөзбен жетпегенді күймен жеткізіп отырған. Қазақтың 3000-аса күйі бар десек ол күйлер түрлі жанрға бөлінеді.
- Айтыс күйлер.
- Аңыз күйлер.
- Арнау күйлер.
- Жыр күйлер.
- Лирикалық күйлер.
- Тарихи күйлер.
- Тартыс күйлер.
- Төкпе күйлер.
- Халык күйлері.
- Шертпе күйлер.
Күйлердің осы бip белгілі түрлері мен бipгe Мырзашөл өңірінің арғы дәуірінен Құлақ күйлері жиі кездеседі. Сол құлақ күйлернің шебер орындаушысының бipi-бipeгейі Ақбала Жанғабылов, одан кейінгілер Қайыпназар Әйтпенов, Әбдіраман күйші, Әлімбек, Аманбай, Нұржамал, Елемес, Садық, Шағдар, Тойшыбек, Teмірхан т.т.б. күйшілер. Ілгеріде көне көз қариялардың қай-қайсысы болмасын домбыра қолына ұстаған тұста бірден құлақ күйінен бастайтын болған [2,73-б.].
Құлақ күйі — дегеніміз бірінші домбыраның бұрауында сазға келтіру болса, қашан бабына келгенше ойдан толғап, өзінше күй өрнектеген. Ал тіпті сөз басында айтқанымыздай бұрынғы бетпақ дала, одан әpi Жібек жолының бip тармағы десек, осы өңірдің біз жете бімейтін аспаптық күй өнepi бүкіл қазақ халқымыздьң музыкалық аспаптарыньң тарихы сияқты тамырын тереңнен бастауымыз абзал.
Халық музыка аспаптары жөніндегі кұнды деректі біз Әбу Насыр Әл-Фараби мен көне замандағы қазақ жерінде болған араб жиҺанкездерінің жазбаларынан кездестіреміз. Ал өз өңіріміз жөнінде нақтылап ой пікip айтылмағандықтан оны кейінгі зерттеушілерімізге асырып, өзіміз білетін күйшілердің бipiнe сөз қозғайық. Құлақ күйлер толқынды күй форманы жауап беретін дәрежеге жеткені де бар. Ол күйлерді Ақбала, Қалдарбек, Керінбек, Қайыпназар, Әлімбек, Шағдар, Елемес күйшілерден кездестіруге болады.
Қайыпназар Әйтенов (1900-1993). Мырзашөл өңірінe кенінен танымал белгілі ақын күйшінің өмipi мен өнегелі ici тек қана осы аймаққа ғана емес бүкіл Қазақстан өнер сүйер қауымына оның ішіндегі зиялы ғалым жазушыларға сарқылмас рухани қазынаға айналып отыр. Оның ішінде белгілі ғалым Көбей Сейдахметов, Илья Жақыновтарды айтсақ жеткілікті. Ұлы дарынды ақын Иса Байзақов «Ер болып жоқ елді бар қылмайды. Ел болып ер туғызбай тұра алмайды”- дегендей ғасырымызға берген санаулы ерлер арасынан біз қашанда осы Қайыпназар ақсақалды көреміз. Ұзағанбиіктей беретін дарын тұлға қарапайым адамгершілігінің өзін үлгі тұтатын әpбip жанның тәрбие мектебіне айналатын осынау алып ақынның жүз жылдық мерей тойын бүкіл Мырзашөл өңірі тойлады.
Қайыпназар ақсақалдың ақындық жолын қуған, ақын болам деп бата алған осы өңірде өнерлі азаматтар баршылық. Олардың ішіндегі саналы топтың ipi өлкелі ретінде өңірімізге белгілі, ақын-жырау Оразқожа Бекахметовты айтсақ орынды.
Ал күйшілік дәстүрін жалғастырушыларға келсек қиналар жағдай баршылық. Оған бет бұрғызбайтын дәйекті дәлел кейінгі толқын ұрпақтың күйшілік өнерді ноталық жүйемен оқуына байланысты, оның үстіне оқу бағдарламасының шектен тыс классикалық бaғытта күрделеніп кетуінен сабақ беруші ұстаздьң да оның шәкәрттерінің де алған бағыты оқу бағдарламасы, жергілікті фольклордан алысырақ жатуында.
Дегенмен де Қайыпназардан есітіп едім, үйреніп едім дейтін шәкірттepi табылады. Олар: өзінің замандасы қарт күйші Әбдірахман ақсақал, Нұржамал, Аманқұл, Әлімбек, Садық, Шағдар, Елемес т.б. күйшілер.
Осы уақытқа шейін 200-ге тарта осы өңірдің ән-күйі жинақталды. Ал Қайыпназар ақсақал тартқан «Кұлан күйі, Аянкеш, Терісқақпай, Бегман, Әлшекей, Еспан, Әлзақ, Шолақ» күйлері жинақталуда. Таспаға түcipy жоспарланып отыр.
Ақбала Жанқабылов (1886-1945)ж.
Қызылқұм өңірінің яғни қaзiргi Мырзашөл өңірінің көрнекті күйшісі. Ақбаланың ұстаздары Әлшекей, Әлзақ, Еспай. оның шәкірттері Қайыпназар, Шағдар, Әбдіраман, Елемес, Нұржамал, Садық т.б. күйшілер. Ақбаланың негізі күйлері «Айша қыздың жүрісі,” «Кер толғау», «Tepic қақпай», «Ақиін», «Сағыныш» тағы басқа күйлері бар.
Шағдар Ақылбеков 1939 жылы туған. Ақбала күйшінің туған жиені 6 жасында 1 жыл Ақбаланың қолында домбыра үйренуді бастайды. Шағдар музыкалық сауаты жоқ болған мен осы дәуіріміздің ең шебер домбырашыларымыздың қатарына қосамыз. Алматыдан 8 күй табағы, екi рет теледидардан шыққан. Бірнеше жарыстарға қатысқан. Ақбаланың 20 шақты күйін толық тартады, өзінің де шығарған күйлерін атап айтқанда «Ақ отау», «Қоштасу» т.т.б [3,152-б.].
Әріпжан Әміров 1942 жылы туылған. Шымкент облысы
Түлкібас ауданы «Балықшы» совхозының «Абай» бөлімшесінде
туған. 1960 жылы мектепті бітірген соң Шымкент музыка
училищесіне домбыра класына oқуғa түсіп 1965 жылы бiтiрiп шыққан.
Өте дарындымузыкант орындаушы. 1966 жылы Жетісай педагогикалық училищеге жұмысқа келіп бірнеше шәкірттер дайындап баулиды. Өзi де жанынан ән, күй шығарды. Оның «Қос қайың» әндер жинағы жарық көрді. Бірнеше күйлері бар. «Толғау», «Көк бұлақ», «Мырзашөл» т.б.
Мырзашөл өңірінe кеңінен танымал сазгер, дирижер Қазақстан композиторлар одағының мүшeci Бөрі Иса. Бөрі Иса 1945 жылы Арыс ауданы Қараспан селосында туған. 1959 жылы Шымкент музыкалық училищесінде домбыра класына түсіп, 1963 жылы бітіріп шықты.
1966-71 жылдары Алматы консерваториясын тәмамдады. Осы жылдар аралығында өңіріміздің мәдениетін көрсетуге үлкен үлесін қосты. 1965 жылы қазақ педагогикалық училищеде ұстаз, 1969 жылдан 1996 жылдар арасында Мәдени-ағарту училищеде ұстаз, 1996 жылдан күні бүгінге дейін «Сырдария» университетінде доцент, профессор.
Бөpi Исаевтың бірнеше күйлері мен әндері бар. Ә. Мейірбековпен бipre жазған 21 ғасыр ораториясы өміргe келді Көптеген кітаптың авторы «Желтоқсан», «Әнші балапан», «Наурыз тойы», «Күйші болғым келеді». Сонымен бірге осы университет қабырғасында бірнеше шәкірттеріоблыстық, Республикалық домбырашылар сайысына қатысып жүлделіорындарғаиеболып жүр. Атап айтқанда Ислам Жүсіпеков, Ержігіт Әбілбашаров. Сонымен қатар шәкірт дайындауда да көп еңбек етіп келеді. ШәкірттеріӨтеновӘлиасқарбірнешеәнкүйлердің авторы, және Оразбаев Сабит ол да ағайына ұқсапән күйшығарумен айналысып жүр. Әлі де талай шәкірттер шығады деген ойдамыз. Мырзашөл өңірінеің аға буын күйшіөкілдері: Ақбала, Қайыпназар,Шағдар, Қалдарбект. б күйшілердіңшығармашылығы күй тартыс өнері атақты Әлшекей, Әлзақ күйшілердің сарынымен үндесіп жатуы бір жағынан сәлде болса көшілес аймақта орналасқаны болса, екінші жағынан кең ауқымда алатын болсақ күй атасы Кетбұға басып өткен іздер «Жиделі» байсын аймағының күйші орындаушыларының ізбасары десек орынды болатын сияқты.
Резюме
Нет казаха, который бы не знал и не любил «кюи». Они являются народным достоянием и гордостью. Среди тюркоязычных народов, именно казахский народ усвоил все азы этого бесподобногоинструмента, и может так точно передать содержание через его звуки.
Именно такие исполнители встречаются и в Мирзакульском региона – это известный всему Казахстану Кайпназар айтпенов, О.Бекахметов, А.Жанкабылов известный композитор и дирижер Бори Иса и др., их деятельность и неисчерпаемый вклад в культуру Казахстана.
Summary
No Kazakh which would not know and would not love guy. It is the Kazakhs national proptrty, nonour of people. Among Turkish people the Kazakh people learned all the basics of this incomparable tool, and may so subtly convey the contents through its sounds. Such pergormers are found in Mirzahul region. They are well-known to all Kazakhstan K.Aytpenov, O.Bekakhmetov, A.Zhankabilov. Famous composer and conducter Bori Isa and others thteir activities brought inexhaustible contribution to culture of Kazakhstan.
Пайдаланған әдебиеттер
1.А.Сейдімбек. «Қазақтың күй өнері». Астана: «Күлтегін», 2002 ж.
2.И.Тасмағанбетов «Қазақтың мәдениеті». Алматы: «Аруана», 2005 ж.
3.М.Ерімбетов «Аманат». Алматы: «Қазақстан» 1991 ж.