Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны

Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтік психология, әлеуметтану, мәдениеттану.

Халыққа білім беру ісін жетілдіру-мемлекет саясатының өзекті мәселелерінің бірі.

Білімнің мазмұны-оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми-материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады. Мектеб халық шаруашылығының әр түрлі саласына белсенді, қызметке қабілетті, саналы, жоғары білімді адамдарды тәрбиелеу үшін қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындайды. Сондықтан білімнің мазмұны тұлғаның Жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталуы тиіс.

Осы талаптардың негізінде мынандай принциптерді қолдану білім мазмұнының деңгейін көтеруге өте қажет:

  1. Оқушыларды білммен қаруландырудың табиғатты қорғауға, еңбекке және өмірге жауапкершілік қатынасты тәрбиелеудің қажеттілігі.
  2. Білім мазмұны негізінде ұлттық мәдени тарихи байлықты жалпы азаматтың мәдени мұрасымен ұштастыру.
  3. Пәнаралық және пәншілік байланыстарды ғылыми-әдістемелік негзде жүзеге асару.
  4. Білім мазмұнында әлеуметтік- экономикалық жолдарын ескерудің маңыздылығы.
  5. Қазіргі үдемелі ғылыми-техникалық жағдайда ақпаратты технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту.

Мектепте білім мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:

— табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағыбілімді қалыптастыру;

— диалектикалық-иатериалистік көзқарастары тәрбиелеу ;

— адамды Жан-жақты дамыту міндеттерін жинақты шешу;

— жастарды өмірге,еңбекке, мамандық таңдауға даярлау;

Білім берудің мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негізі:білім беру жәнеоның мазмұны туралы жалпы ұғым, мектеп тарихындағы білім мазмұнының мәселелері мен педагогикалық ой-пікірлер; кеңесмектептерінің даму мен қалыптасу дәуәрәндегі білім мазмұнын құраудың негзгі кезеңдері; жалпы адамзаттық мәдениетмәдениет; әлеуметтік тәжрибе білім берудің негізгі құрамын анықтаудың негізі ретінде. Білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама: табиғат, қоғам, техника, адам, іс-әрекет қабілеті туралы білім негіздері; алынған білімге сезімдік-құндылық қатынасын тәрбиелеу.

Жалпы политехникалық, кәсіби білім берудің өзара байланысы. Білім мазмұнындағы пәнаралық байланыстың мәселелері. Оқушылардың шынайы оқу мүмкіндіктері, оларды білім берудің мазмұнын айқындауды ескеру.Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнын анықтау мәселелері. Білім беру мазмұнын сұрыптаудағы шығармашылық қатынас. Ұлттық мектептердегі білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.

Білім беру мазмұынын айқындайтын құжаттарға сипаттама: оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары. Шетел мектептеріндегі білім берудің мәселелері. Білім беру мазмұны – оқушыларды жан – жақты дамыту, ақыл–ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.

Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде “нені оқыту керек” сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан–жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындайды. Сонымен, бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсаттарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады.

Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік – экономикалық және ғылыми – техникалық қажеттіліктеріне сай қалыптасады. Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.

Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетістіктер деңгейі де өз әсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқырып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.

Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.

Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.

Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі.

Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады.

  1. Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар

Оқу жоспары– оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемелекеттік құжат.

Типтік оқу жоспары Оқу министрлігінде жасалынып барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектті, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.

Оқу жоспары қоғамның мектеп алдында қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және жүйелілік принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне, санитарлық – гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара логикалық байланыстылығына тәуелді. Оқу пәндері міндетті және таңдаулы деп бөлінеді.

Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Оқу бағдарламасының құрамы:

– аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат;

пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;

негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;

әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;

пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;

әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;

ұсынылған әдебиет.

Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан тұрады.

Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1999 жылы қабылданған “Білім туралы” заңға байланысты білім беру саласын демократияландыру, гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді.

Бағдарлама жасауда кейбір кемшіліктерді атап өткен жөн болар:

оқушылардың түсінігіне қиын оқу материалын енгізу;

курсаралық байланысты ұмыту;

Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады. Солардың ішінде басты назар оқулыққа арналады. Жақсы оқулық оқушыны нәтижелі оқуға жетелейді.

Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.

Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:

оқу бағдарламасына сәйкес болу;

оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу;

көрнекіліктермен жақсы жабдықталу;

тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;

тексеру, өзін–өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы.

Оқулық оқушылардыњ оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамассыз етуі керек.

Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандықтан соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары жарыққа шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио – видеокассеталар және компактдисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып жүр.

Негізгі ұғымдар:білім беру, білім мазмұны, мәдениет, пәнаралық байланыс, оқушылардың оқу мүмкіндіктері.