Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, әлеуметтік психология, мәдениеттану, педагогика тарихы.
Мақсаттылық және әлеуметтік келісімділік-педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары. Педагогикалық процестің негізгі компоненті мен тірегі-тәрбиенің мақсаты.
Педагог пен оқушылардың іс-әрекет нәтижесінің идеалдық моделі. Тәрбиенің мақсаты. Педагогикалық ой-пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты мен мәселелері.
Қоғамдық мәдениет-жас ұрпақ тәрбиесінің мақсатын айқындаудың әдіснамалық негізгі (материалдық,рухани, әлеуметтік-нормативтік мәдениет).
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары және жас ұрпақты өз бетінше өмір сүруге дайындау. Әлеуметтендіружәне жеке тұлғаны дербестендіру мәселесі. Жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы туралы ұғым.
Тәрбиенің жан-жақты үйлесімді мазмұны, міндеті, мақсатының өзара диалектикалық байланысы.
Педагогтің кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ жәй белсенділік деп түсіну керек. Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағаттанушылық тудырады.
Тәрбие мақсаты-педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау-педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы. Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатының мазмұны қоғамның өркениеттілігіне (цивилизованность), оның демократялық сипатына, экономикалық мүмкіндігіне, педагогикалық жүйелер дамуын болжастыратын және нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын мекемелеріне байланысты.
Мақсаттың жалпылаған сипаты жағдайлардың әртүрлі көрініске енуіне тәуелсіз, оның іске асып отыруын қамтамасыз етеді. Мақсат әрекеті адамның саналық (идеялдық) өнімі болғандықтан өте құбылмалы, тез өзгеріске түседі, себебі ол үздіксіз ауыспалы дүниемен, сонымен бірге өзгерістегі тұлғамен де әрекеттік-қозғалмалы байланыста болады. Тәжрибе, білім, оқиға т.б. адамды байытып отырады, бірақ құбылмалы сана иесі-субьект сол байлыққа жету жолында өзінің де өзгеріп жатқанын байқай бермейді, не оған тіпті мән бермейді.
Мақсат – бұл да бейне, бірақ онан келетін қанағаттану тек ішкі қабылдаудан емес, сол бейнені іс-әрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл бейне субъекті белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген нетижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Бұл арада бейне-нәтиже тек іштей қызығу үшін емес, нақты жетістік үшін қажет.
Арман субъекттің енжарлығынан келіп шығады, әркетсіздікке байланысты, ал мақсат – іс-әрекет, белсенді қызметтін бастау көзі. Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан барша дүниеміздегідей — бұл екі шекті құбылыс — арман мен мақсат өзара тығыз байланысқан. Арман — мақсат түзу үшін негіз, арман — мақсаттарды қайта қарас-тырып, үйлестіріп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегінде жаңа мақсатқа жетелейтін жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетудің жолы тұп-тура болмақ емес, ол үшін талай міндеттерді іске асыру қажеттіліктері туындайды.
Міндет – бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтиже де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен пайда болады. Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп, іс-әрекеттің жалпы нәтижесін алуға жұмсалады. Іс-әрекеттің барысын-да субъект, әдетте, мақсат жөнінде ойламайды, оның есінде тек міндеттері, өз іс-әрекетін сол міндеттердің кезегімен шешілуі деп біледі.
Мақсаттың ұмыт болуы – жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына әкеледі, ендеше, міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өз маңызын жояды. Мысалы, бағбан адамдарға ләззат берер бақ бергісі келді (жалпы мақсат). Бірақ нақты істерді (міндеттерді) орындау күйбеңімен жүріп, тиісті орынға гүл егуді ұмытты, соның салдарынан бақ ләззат беру сипатынан айрылды, яғни негізгі мақсат іске аспады, сонымен атқарылған міндеттер (атызды дайындау, суғару, күтім жасау — бәрі де) босқа кетті.
Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мақсаты, жалпы адамзаттық мәдениет, жеке тұлғаны әлеуметтендіру және дербестендіру, жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімдідамыту, тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі.