Басқа пәндермен байланысы: философия, психология,жүйелердің теориясы,басқару теориясы.
Елімізде қайта құрумен байланысты оқыту, білім беру, тәрбие мәселесінде айтарлықтай өзгерістер пайда болуда. Оның өзіндік әлеуметтік – экономикалық негізі де бар. Бір орталықта топтастырылған, сол арқылы бүкіл оқу тәрбиенің процестерінің орталық арқылы реттеп отыратын, салаларға бөлінген, басқару жүйесі күйреді. Еліміз өз алдына мемлекет болып, енді өз алдына барлық шаруашылық – экономикалық, ағарту – педагогикалық, саяси — әлеуметтік ахуалды өз қолына алып, өзі басқару дәрежесіне жетті. Сондықтан, еркін елдің болашақ азаматтарына жаңа жағдайларға байланысты, жаңаша тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне қойылған кезек күттірмейтін мәселе болып отырғаны белгілі. Олай болатын себебі қоғамдық — өндірістің дамуы, қоғамдық- экономикалық қатынасуы күрделі өзгерістерге түсуде . Меншік түрлері өзгеріп, енді жекеменшік иелері, шаруашылықтың түрлі саласында оның ішінде білім беру саласында да жаңа терминдер, жаңа ұғымдар, жаңа құрылымдар пайда болуда. Бұрын орта, жоғары оқу орындарымен мектептен тыс мекемелерде бір мақсатта, біртұтас ынтымақты жұмыс жүргізілмей келсе, бүгінгі күннің өзгерісі ендігі жерде біртұтас педагогикалық процестің мәні зор болып табылады .Бастауыш мектепте білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процеске айналдыру немесе біртұтас оқу – тәрбие процесі деп атау, оқу-тәрбие процесін ұштастырып жүргізуге, олардың мақсатын бір жерге ұштастыруға зор педагогикалық мүмкіншілік береді. Демек, білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу бүгінгі таңда оқу – тәрбие процестің басты шарты болып табылады. Педагогика ғылымында бүгінгі таңда ұсынып отырған біртұтас педагогикалық процестіңкомпоненттері деп мыналарды атауға болады: оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны формалары мен әдістері, сонымен қатар олардың шығатын , нәтижелер. Бұл компоненттер бір — бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады. Демек педагогикалық процесс сонда ғана нәтижесін береді. Тәрбие мен оқыту процестерін бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процесіне(ауысды) ұласады. Сондықтан, тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерініңтабиғи бірлігі деп қарастырлады.
Педагогтың бастауыш мектепте мамандық дәрежесін көрсететін бір көрсеткіш алынатын өлшем (оның өзі басқарып сабақ беретін) , ұжымды басқаруда дұрыс әдіс-тәсіл қолдана білу. Ұжымның тұрақты, қалыпты өміршеңдігін көрсету-сол әдіс –тәсілге де байсанысты. Дұрыс ұйымдастырылған балалар ұжымы олардың әржақты, толық қанды әрекетіне жол ашып, оқушылардың ынтымақтасуына мүмкіншілік туғыза отырып, оларға қанағаттанғандықтан сезім, қуаныш әкеледі. Мүндай ұжымда педагог пен тәрбиеленушілердің арасында түсіністік орнайды. Көрнекті педагог А.С. Макаренко былай деп жазған болатын: “Жеке басы бақытты болу үшін тәрбиелемеу керек, жалпылық бақыт үшін жалпылық күрес үшін тәрбиелеу керек”.
Біртұтас тәрбие процесін адамдар арасындағы қайырымдылық, өзара түсіністіктен бөле қарауға да болмайды. Сондықтан бүгінгі тәрбиенің де алдындағы мақсаты балаға білім бере отырып, сол білімді өзінің мақсатына сай пайдалана білу, басқалардан рақым күтіп отыру емес, өз басын әр түрлі жағдайлардан жол тауып шыға білетін, өзінің де өзгені де бақытты болу үшін күрсе білетін адамдарды тәрбилеп шығару- бүгінгі біртұтас педагогикалық процестің алдына қойған негізгі принцпі болуға тиіс. Бүгінде егеменді елге , өз алдына мемлекетке айналып отырған Қазақстанның болашаққа қызмет ететін өркендерін жан-жақты жетілген адам етіп тәрбиелеу барысында әрекет ететін біртұтас педагогикалық процесс өзінің басқару іс-әрекетінде жаға қабылданған Конституцияның 1-ші бабының 2-ші тармағына сүйенеді:”Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірін маңызды мәселерінің демократия әдістермен, оның ішінде республикалық реферумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешу”-деп көрсеткен. Бүгінгі деомократияланған қоғамда адамның жеке басын қадірлей отырып оған талаптар қойу арқылы өзінің де , өзгенің де бақытыүшін күресе алатын адамды тәрбиелеу біртұтас педогогикалық процесстің алдындағы аса абыройлы міндет болып саналса керек. Бұл жерде педогогтің жеке басы мен балалар ұжымына ара қатынасы, жеке оқушы мен мұғалімнің арасындағы қатынас, мұғалім шеберлігі, оқушылардың басқарудағы өзіндік ерекшеліктірі ескеруі тиіс.
Тәрбие өте күрделі процесс сондықтан педагог өте іскерлікпен алдын –ала ойласырған күрделі ғылыми жоспар арқылы ұзақ жұмыс істеуге тура келеді . Оқыту, білім беруден тәрбиенің өзіндік ерекшелігі оқытудың нәтижесі оқушының білімінде болса оны күнбе күнгі педагогикалық іс-әрекет арқылы тексеріп білуге болады. Ал тәрбиені алатын болсақ , ол — өте күрделі процесс. Ол бірден көзге көрініп өзін-өзі анық айқын көрсете бермейді.
Оқыту мен тәрбие процесі туралы сөз болғанда, оларды бір-бірімен ажыратуға болмайды десекте, бұлардың әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тәрбие процесі-бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған қоршаған ортаның,әлеуметтік жағдайдың ықпалы жоғары, атап айтқанда: отбасының, түрлі адамдардың ерекше әсері бар.Сондықтан жоғарыда айтқанымыздай тәрбие процесін, оқыту процесі сияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижелерін анықтау өте қиын. Мысалы, мінез-құлықты адамгершілік сезім мен сенімнің және дағдының бірлігін тексеруге бола ма? Өйткені мұндай қасиеттер балада жастайынан бастап,бүкіл өмір бойы қалыптасады . Тәрбие процесі әр уақытта динамикалық қозғалмалы жылжымалы болады. Сондықтан педагогикалық ықпал әр балаға әр түрлі әсер етеді, біріне әсер етсе,екіншісіне әсер етпейді.Педагогикалық ықпал ету үшін баланың қөңіл-күйін, психикалық жағдайын, орнын еске алған жөн. Сондықтан ертеде қазақ халкы “Ақпа құлаққа айтсаң ағып кетеді, құйма құлаққа айтсаң құйып алады” деген. “Біреу тыңдар сөзді ұққанынша,біреу тыңдар үйден шыққанша”-деп Абай тегін айтпаған. Әрине баланың тәрбиені қабылдауына әр түрлі сыртқы және ішкі факторлар өте күшті немесе өте әлсіз әсер етуі мүмкін-мұғалім оқу-тәрбие процесінде бұл факторларды есінен шығаруға болмайды. Оқыту процесі-тәрбиеге қарағанда анағұрлым жеңіл басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, бір сабақтың үстіне бақылау, жаттығу, сұрақ, жауап секілді оқушылардың білімін тексеру әрекетін іске асырып, олардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, қортынды шығаруға болады.Оқыту мен тәрбие процестері негізгі үш функция бірлігі бойынша іске асырылады.Олар: білім беру, тәрбиелеу және дамыту функциялары. Оқыту мен тәрбие процесі-балаға білім берудің даму функциясын жүзеге асырудың негізі. Осы екі процесс-баланы жан-жақты дамытып, қалыптастырудың негізі болып табылады.
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады. Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Демек, тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары. Осыдан педагогикалық процестің мынадай заңдары болуы мүмкін:
-бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері-тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс-әрекетінің арқасында ғана бола алады;
-индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік-азаматтық дәрежесі бар (барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі тұлға ретінде дамуы, әлеуметтену процесі барысында, әлеуметтік белсенділік кеңістігінің бірте-бірте қеңеюі барысында жүзеге асады;
-ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс-әрекеттері педагогикалық процесс қатысушылардың әрбіріне және барлығына жетістіктер мен қамтамасыз етеді.Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқты педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін- өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процестесолардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н. Т., Афанасев В. П., Блауберг И. В., Садовский В. Н. және т.б) қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсаты, оның қызметті атқаруы тиімділік сипат әкеледі; жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден (компаненттерден) бөліктерден тұрады; жүйе тиым салушылық әкелетін арада өмір сүреді жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оған қызмет істелуімен тұрақтылықты қамтамасыз етеді; жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы мен ортамен байланысын көрсетеді; жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті; жүйе басқару орталығы арқылы басқаруындағы көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек қана сипаттарға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасында оның орнын анықтап және “ұстаздар- оқушылар” жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық ұғым болғанда қалай әрекет етіп шешім қабылдау қиын.
Процесс (латынның processus- қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген “процесс”деген ұғымның мағынасын“ұстаздар- оқушылар” жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білу керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстармен және мұғалімнің педагогикалық процестіңбөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтармен байланысты.
Педагогика ғылымында қарама-қайшылықтардың ролін ХХ ғасырдың барлық кезеңдерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А.Данилов, М.Н.Алексеев, М.Н.Скаткин,Ю.К.Бабанский,В.И.Загвязинский).Кейбір жұмыстарда ұжымның қарама-қайшылығы (Л.И.Новикова) тәрбие процесінің (И.С.Марьенко, Г.И.Щукина, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев) білім берудің мазмұнындағы қарама-қайшылықтар (Г.И.Батурина) зерттелді. М.А.Данилов алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртұтас педагогикалық процестің диалектикасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау қызметінің күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді. Ю.К.Бабанский қарама-қайшылық көп жағдайда (нередко) кездейсоқ бір ізділікте қарастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау процедурасына сәйкес келмейді, оқыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлік нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді.Зерттеу нәтіжесінде мыналар анықталады:-қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процестің жүйе ретінде олар зерттелетін объектінің мәнін, ашуы тиіс.
Негізгі ұғымдар: объект, пән,ғылым, жүйе,әлеуметтік,жүйелер, «ұзтаздар-оқушылар» жүйесі, педагогикалық процесс, педагогикалық ситуация.