Ұғымдар (категориялар) дегеніміз- объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды ,олардың өзара байланысын танимыз.
Тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп , жаңа ұрпаққа қоғамдық- тарихи тәжірибені беру процесі болып табылады.
Тәрбие –аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі.
Тәрбие ұғымы кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата- ананың , бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсінуі керек.
Білім беру- бұл ұғымды ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
Білім беру деп-табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Қазіргі атом, космос, халық шаруашылығының автоматтандыру дәуірінде білім беру ғылыми — техникалық үдеудің құдіретті факторы болып отыр. Халыққа білім беру ісінің негізі- жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады.
Оқыту–білім берудің
негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты біртекті процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп , іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп , дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
ХIХ ғасырға дейінгі ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы) белсенді жүріп жатты. Педагогика- да бірте-бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері, оқу- тәрбиелеу, оқу орындарындағы типтері бойынша ерекшелігі бар салалар айқындала түсті.
Педагогикалыќ ѓылымдардың жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, коррекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика , жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады.
Жалпы педагогика педагогикалық процестің білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анотомиялық және физиологиялық және әр түрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.
Кәсіби –техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы –пәндері (дисциплины) ,олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары б.т
Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс- әрекетінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Еңбекпен түзету педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады. Мұнда жас ерекшелігі ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу зерттеледі.
Педагогика тарихы — адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы өзіндік ерекшіліктерін салыстыра , дамуын зерттейді. Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды, онда жалпы — бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшелік берілетін сабақ пәнінің мазмұны.
Тәрбие мен оқыту ісінің дамуына байланысты педагогика ғылымының мынандай салалары бар: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология, пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік — техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, мәдени – ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс – еңбек педагогикасы т.б. пайда болды.
Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланысады. Өйткені, адамды жан – жақты тәрбиелеу проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олар: философия, психология, жас ерекшелігі физиологиясы, мектеп гигиенасы, социология, кибернетика т.б.
Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды.
Педагогикалық ой алғашқыда жалпы философиялық білімдер жүйесінде , діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды.Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді.
Педагогика организмнің материалды – энергиялық түрлерін ашып көрсететін физиологияға , соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И.П. Павлов, П.К. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаның әлеуметтану процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады.
Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға – тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және т.б. таралады.
Негізгі ұғымдар: педагогика, тәрбие, білім беру, педагоикалық процесс, педагогика пәні, педагогика ғылымдарының жүйесі, әдіснамалық негіздер, педагогикалық пәнаралық байланысы.
Бақылау сұрақтары.
«Педагогика»ұғымына ертеежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беріңіз?
Педагогиканың ғылым ретіндегі ілгерідаму (прогресін) не анықтайды?
Педагогика ғылымының дамуы және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері қандай?