ХХ-ХХІ ғасырдың шегінде адамзат қоршаған ортаның ластануының жаһандық проблемаларымен кездесті. Қолайсыз экологиялық ахуал үлкен дәрежеде адамның негізгі тұтынатын өнімі ауыз судың сапасында көрінді. Бүгінгі күні нарықтағы ең бағалы және қажет бұйымдардың біріне әр түрлі типті ауыз суды тазарту құралдары жатады. Ауыз суды тұрмыстық тазартқыш құралдардың көптігіне қарамастан нағыз эффективті және зиянсыз ауыз-су тазарту әдісіне озондау жолымен тазарту әдісі жатады.Алғашқыда озон тек қана суды залалсыздандыру үшін ғана пайдаланылды, одан соң ол бөгде иістерді кетіруге, судың түсін өзгертуге қоспаларды тазартуға қолданыла бастады. Бірақ, көп уақыт бөгіп, озондаудың суға әсері бүге-шүгесіне дейін зерттеп болмай, өнеркәсіптік деңгейде суды залалсыздандыруды хлорлау әдісі арқылы жүргізіліп келді.
Постсоветтік кеңестік елдерде ауыз суды хлорлауды осы күнге дейін жүзеге асырып келеді. Дамыған елдер (Евроодақтың көптеген елдері, АҚШ, Канада) бүгінгі күні ауыз суды озондау арқылы тазалауға көшті.
1857 жылы неміс зерттеушісі Вернер Фон Сименс «Заманауи магнит индукциясы түтігін» — алғашқы техникалық озон аппаратын жасады. Міне, дәл осы құрал өнеркәсіптік масштабта гигиеналық тұрғыдан таза және эстетикалық жарамды ауыз суды алуға мүмкіндік берді.
Озонның бактерицидтік әсері оның өңделетін судағы белгілі бір шекті массасы жинақталғаннан кейін басталады (0,4-0,5 мгл). Озондаудың нәтижесі суды практикалық тұрғыдан толық залалсыздандыру болып табылады. Озон көптеген белгілі бактерияларға қарсы эффективті әсер етеді. (Озон бактериялардың жасушалық мембраналары арқылы өтіп кетіп, олардың өмірлік маңызды орталықтарын тапқандайды).
Ауыз судан темір мен марганецті аластату озондаудың негізі функцияларының бірі болып табалады, себебі дәл осы элементтер табиғи суларда ең көп кездеседі. Темір мен марганец суға ерекше түс пен дәм береді.
Озон темір мен марганец тұздарын оңай тотықтырып, ерімейтін заттар түзеді, олар сүзгілер көмегімен сүзіліп, тазаланады.
Ауыз судан мұнай өнімдерін, пестицидтерді, гербицидтерді, тұрмыстық химия өнімдерін озондау арқылы тазалау -осы тазалау әдісінің оң көрінісінің бірі. Озондау арқылы бұл зиян қосылыстаркетеді де, ауыз су таза залалсыз ғана емес, сонымен бірге дәмді бола түседі.
Асбесттен, мыстан, қорғасыннан, радийден, фенолдардан, мұнай өнімдерінен, хромнан бензолдан темірден, хлорбензолдан және ауыр металдардан (кадмий, сынап, кобальт, ауыз суды озондау арқылы тазарту 97-99% ке жетеді. Бұл кезде бактериялар мен вирустар 100%-тің ықтималдықпен жойылады.
Ауыз суды оттекпен байыту, озондаудың нәтижесі ретінде, оның пайдалы қасиеттерін жақсартады. Озондалған суды пайдалану адам ағзасының жасушаларында зат алмасу процестерін күшейтеді, олардың оттекпен қаныққандығын арттырады. Ұлпалар мен мүшелердің глюкозаны сіңіруін белсендіреді, қанның микроциркуляциясын арттырады.
ХІХ ғасырда орыс дәрігері Т.Разенберг жоғары тыныс жолдарының ауруларын және аллергияны емдеуде озонотерапияны пайдаланады. Тыныс жолдарының аурулары ХІХ ғасырда кең таралған болатын. Тіпті қазірдің өзінде ХХІ, «жайлы» ғасырда нашар экологиялық ахуал мен адамға техногендік жүктемелердің артуы себепті, көптеген аурулар етек алуда.
Пульмонологтардың соңғы жетістіктеріне сүйеніп 1 текше метр ауада шаң –тозаңдардың 10мг-ға дейін өсуі адам өлімін 0,5 тен 1%-ға дейін, астма ұстауын 10%-ға, ал ауатамырлық инфекцияларды 25%-ға дейін арттырады. Жабық жайлардағы әрбір тыныс алу кезінде адамның өкпесіне 40 мыңнан 75мыңға дейін шаң бөлшектері (күкірт қосылыстары, нитраттар, мыс, қорғасын, әр түрлі өрт өнімдері т.б.) түседі.
Экологиялық жағдайдың құлдырауынан бүгінгі күні жер планетасының әрбір бесінші адамы аллергиядан зардап шегеді.
Жабық жайлардағы ауаны озондау адамның уақытының көп бөлігін өткізетін жайлардағы атмосфераны залалсыздандыру, дезинфекциялау, дезодорациялау және иондаудың жалғыз эффективті әдісі.
Жабық жайларды озондағанда, ауада болатын химиялық элементтер мен зиянды қосылыстар, көміртектің қос тотығына, су буына және бос күйіндегі оттекке ыдырап кетеді. Озондау кезінде түзілген оксидтер бейтарап, зиянсыз заттар болып табылады.
Жабық жайларды концентрациясы 1-5 мг/л озонмен 4-20 минут залалсыздандырғанда және дезинфекциялағанда практикалық тұрғыдан ауру туғызатын бактериялар, вирустар, зең және ашытқы саңырауқұлақтарының барлық түрлері жойылады. Тұрғын, өнеркәсіптік жайлардағы және қоғамдық пайдалану орындарында дүкендер, кафе, ресторан, банктер, оқу орындары т.б. ауаны озондау кең таралған грипп, гепатит, типтік емес пневмония сияқты аурулардан адамдарды кең түрде қорғауға мүмкіндік береді.
Химиялық заттардың (бояулар, лактар, ерікіштер, т.б.) жағымсыз иістерін және жабық жайлардағы атмосферадағы темекі түтінін кетіру — ауаны озондаудың пайдалы қызметтерінің бірі. Қымбат тұратын сүзгілер, ауаны кондицирлеу жүйелерінен айырмашылығы, озондау кезінде зиянды химиялық және органиалық қосылыстар залалсыздандырылады, жайлардағы жабайы табиғатқа тән жаратылыстық процестерді қалпына келтіреді.
Адамның тағам рационының мынадай ет, балық, сүт өнімдері, жұмыртқа сияқты маңызды компоненттерін ұзақ уақыт сақтау тек қана озондау арқылы қамтамасыз етіледі. Мұздатылған сиыр етінің сақтау мерзімі озон концентрациясы 10-20мг/м3 озондық ортада 30-40%-ке артады. Кәдімгі ортада 7 күн сақталса, озондық ортада 14 күн сақталады. Жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтау мерзімі озонмен өңдегенде 2-2,5 есе артады. Озондау көкөністер мен жемістердің беткейіндегі шіріту микрофлорасының өсуін едәуір төмендетеді. Мысалы құлпынай , жүзім мен қарақатты озондау олардың сақталу мерзімін, сапасын төмендетпей екі есе ұзартуға мүмкіндік береді. Картопты ұзақ уақыт сақтағанда озондау олардың тағамдық бағалылығын арттыруға мүмкіндік береді. (түйнектерде крахмал мен С витаминін арттырады). Озонның әсерінен картоптың өнуі баяулап бұл кезде оның өніп-шығу қабілеті еш төмендемейді.Тағам өнімдерін өңдеуде озондауды пайдалануды негізгі екі бағытқа бөлуге болады.
1) Өсімдіктекті және жануартекті азықтарды олардың бұзылуынан сақтау, мерзімін ұлғайту және тағамдық қасиеттерін жоғарылату үшін озондау.
2) Тағам өнімдерін оларды зиянды органикалық және бейорганикалық заттардан вирустардан, ашытқы саңырауқұлақтарынан, паразиттерден тазалау үшін тікелей тамаққа пайдалану алдында озондау.
Тамақ өнеркәсібінде бұрыннан әр түрлі этиологиялық микробтардың тағам өнімдеріне бұзатын әсері мәселе болған және осы күні де үлкен мәселе болып табылады. Озондаудың тағам өнімдерін залалсыздандырудың басқа әдістерінен қарағанда бірнеше артықшылықтары бар. Озон бактерияларды, спораларды, саңырауқұлақтарды жоюда қазіргі уақытта кең түрде қолданылатын формальдегид, этилен оксиді, хлор сияқты заттарға қарағанда өте эффективті болып табылады. Бірақ бұл аспектідегі озонның ең басты артықшылығы тағам түрлерінің барлығын озонның әсер етуінің зиянсыздығы болып табылады.
Озондау тек қана ауаны экологиялық тазарту әдісі ғана емес, сонымен қатар ол сүзгі және т.б. қондырғыларға қаржы үнемдеу болып табылады.
Соңғы жылдарда озонның қышқылдандырылған түрін қолдануда жаңа мүмкіндіктер ашылды. Озондалған су химиялық, фармацевтикалық және текстильдік салаларында кеңінен қолданылады. Озон ауылшаруашылығында да қолданылады яғни қораларды дезинфекциялауда қолданылады. Озон бұл айтылған қасиеттерден басқа тұқымдарды өндіру эффектісі қасиеттері де бар екендігін Г.А.Русских анықтаған.
Тәжірибенің мақсаты озонның өсімдіктерге тигізер әсерін бақылау болған. Тәжірибелер қияр өсіретін жылыжайларда өткізілген. Озон қатты қышқылдандырғыш қасиетке ие және сонымен қатар адамға және қоршаған ортаға ешқандай кері әсері жоқ.. Озонның молекуласының өмір сүру уақыты ортаның температурасына байланысты, температураның көтерілуі нәтижесінде озон кәдімгі жай ауаға айналып қалады. Ауада озон молекуласы бірнеше минутқа дейін, ал сұйықтықта 1 сағатқа дейін сақталады.
Озонды алу үшін арнайы озонды генераторлар қолданылған. Г.А.Русских пен Н.М.Токмаков тәжірибе жүргізгенде озон мен суды араластыру үшін рециркуляциялық насос қолданған. Бұл өткізілген тәжірибенің схемасы 1-ші суретте көрсетілген.
Бірінші болып өткізілген тәжірибе 2003 жылы Киров қаласындағы «Красногорский» Ж.А.Қ. (жабық акционерлік қоғамы)-ң жылыжайында өткізілген. Бұл жылыжайларда өткізілген тәжірибелер келесідей түрде өткізілген
Жылыжайдың бір бөлігінде озондалған су қолданған, ал екінші бөлігінде озондалмаған су қолданылған. Осылайша 2 ай көлемінде суарылған. Бұл жылыжайдың 14 жылдан бері жері ауыстырылмаған және осы суарылудың нәтижесінде жердің құнарлана бастағаны біліне бастаған. 2 аптадан соң өсіріліп жатқан өсімдіктердің өсіп қалғанын және басқа бөліктеріндегі өсімдіктерге қарағанда жақсы өнім бергені байқалған.Жақсы өнім берген жылыжайлар озондалған су берудің нәтижесінде болған. Бұл көрсеткіштерге қарай отырып озондалған сумен суарылған өсімдіктер жақсы өнім беретінін көруге болады. Бұдан шыққан қорытынды яғни озондалған су төмендегідей жағдайлары өзінің өсімдіктерге тигізетін әсерін көруге болды..
1)Бастапқы сатыда яғни өсімдіктердің өсу қарқынын жақсартады, сабақтарының мықты болып, жапырақтары саны жөнінен көп әрі көлемі де үлкен болып келеді.
2)Тамырының кеңінен жайып өсуі және оның салмағын арта түседі.
3)Өсімдіктердің гүлдену кезеңінде және өнім жағынан жақсы нәтиже береді және генеративтік мүшелеріне жақсы әсер етеді.
4)Өсімдіктерден алынған өнімнің тұқымдары көлемі жағынан көп әрі қияр тұқымдарының өнімділігін арттырады.
Озондалған сумен суарылған қиярларды бақылай отырып, олардың жылыжайларда қолданылуы жақсы нәтиже беретінін көруге болады. Бірақ (оған қарамай) жүргізілген тәжірибиелерге қарамай әрі қарай кең масштабта жан жақты озонның өсімдіктерге тигізетін оң әсерлерін одан ары зерттеу керек.
1935 ж неміс ғалымы Е.Рауч іріңдеген менингит ауруын озонмен эндолюмбальды инсуффуляция жолдары арқылы емдеу туралы өз қорытындыларын жариялады. Сонымен қатар автор озоннның инсуффуляция уақытында жоғары бактерицидтік әсеріне аса назар аударған.
С.Д.Разумовскийдің пікірінше көп мөлшерде озон ұлпаға кері әсерін тигізеді. Озонның емдік қасиеті оттегінің 15% концентрациясы кезінде әсер етеді. Біз озонотерапияны 1972 жылдан бері орталық жүйке ұлпасын емдеуге қолданып келеміз.
Озонды Болгаев А.Б. (1977) методикасы бойынша газды эндолюмбальды енгізу аппаратын ыңғайластыру арқылы аламыз. Озонның пайда болуын тексеру үшін М.А.Ветохин (1959) озон концентрациясы 1% ден асқан жағдайда көгерген йод крахмалды сызықша сүзгі қағазын ұсынды.
Озонды енгізу аяқталған соң емделушіні арқасымен жатқызады. Бұл кезде газ омыртқа жотасының алғы камерасы толтырылады. Бел омыртқаның сыну кезінде аурудың аяқ жағын көтеру керек, сонда озон мидың каудальды бөлігінде жиналады.Озонмен емдеу курсы интервалы 10 күн 25 см, 4-5 сеанстан тұрады. Біз бас миының арохноидті ауруымен ауыратын 60 адамға омыртқа жотасының зақымдары бар 48 адамға және 80 қоянға тәжірибе үшін озонмен эндолюмбальды инсуффлуляцияны қолдандық.. Өткізілген клиникалық-тәжірибесін зерттеулер озонның емдік құрал екендігін іс жүзінде дәлелдеді.
Заманауи кезеңде озонотерапия травматологияда, ортопедияда, нейрохирургияда, хирургиялық ауруларды емдеуде, травматологиялық ауруларды, ЛОР-мүшелер ауруларын емдеуде және терапияда табысты түрде кеңінен қолданылуда (А.Б.Болгаев, 1987, 1988, 1990, 1993, Э.А.Апсаттаров әріптестерімен 1994, С.А. Грошева әріптестерімен , Е.А.Жармухамбетов 1997, Г.М. Мулдаева 1997)
Хирургиялық практикада озонның пайдалануының нақты мысалына тоқталайық..
Э.А.Апсаттаров пен әріптестерінің (1994) жедел іріңді холангитті озонды-оттекті қоспамен емдеу де арналған жұмысы үлкен қызығушылық туғызады. Жедел іріңді холангитті емдеу 47 науқасқа пайдаланылған. Барлық науқастарға эндоскопиялық манипуляция жасау кезінде немесе интраоперациялық жолымен өт шығару жолдарын 20-30 мл озонды-оттекті қоспа енгізілген. Алынған нәтижелер эндоскопиялық манипуляциялар кезінде де, операция кезінде де холедохты санациялау үшін озонды-оттекті қоспаны қолдану антибактериалдық терапияны пайдаланбай-ақ қысқа уақытта (2-3 тәулік) жедел іріңді холангиттік құбылысты жоюға мүмкіндік беретінін көрсетті. Бұл 26 науқасқа (55%) іріңді холангиттен құтылуға, ол 5 науқасқа (11%) операцияға дейін холангитті жоюға, ал қалған 16 науқасқа (34%) орындалған инраоперацияның санация операциядан кейінгі тәуелділігін төмендетті. Грошева С.А әріптестерімен трофикалық жаралар мен панарицийлерді комплексті емдеуде озонотерапияны пайдаланудың нәтижелерін сипаттап жазған. Автор көктамырлық жетімсіздік, қант диабеті, хроникалық остеомиелит, экзем фонында трофикалық жарасы бар 27 науқасты емдеп жазған. Озонотерапия келесідей әдістеме бойынша өткізілген: жараны алдын-ала 3%-тік сутегі пероксиді ерітіндісімен және спиртпен өңдегеннен кейін, жарасы бар дене бөлігін озоны бар полиэтилен пакетіне орналастырып, 15 тен 30 минутқа дейін экспозициялап, одан соң мазьдік және компрессиялық таңғышпен таңып қойылды. Озон өндіру үшін 0-3 портативті аппараты пайдаланылды. Емдеу курсы 3 және одан жоғары процедура құрайды. 3-5 процедурадан кейін перифокальды инфильтрацияның азаюы, гранулацияның өсуінің көбеюі, дерматит және экзематоз құбылыстарының жоғалуы байқалған. Панарицийлерді емдеуде емдеу мерзімі 2 ден 13 күнге дейін қысқарған. Іріңді операциядан кейінгі асқынулар кезінде озонды пайдалану тері астылық зақымдануларды науқастың жазылуын 3-7 күнге қысқартқан және сіңірлік жарақаттардан жазылуды 20-24 күнге қысқартқан.
Бүгінгі күні озонотерапия ішкі мүшелердің ауруларын емдеу практикасына кеңінен қолдануда. Helicobacter pulori бактериясының ашылуы асқазанмен он екі елі ішектің жарасы және созылмалы гастродуоденит ауруының этиологиясы, патогенезі және диагностика мен емдеу әдістері туралы түсініктерді қайта қарауға негіз болды. Озонның бактерицидті әсері Helicobacter pulori бактериясымен байланысты болатын асқазан жарасының ауруын емдеуге озондалған дистилденген суды пайдалануға себеп болып табылады. Г.М.Мулдаева (1997) озонды дистилденген суды гистаминнің Н-рецепторлардың блокаторларымен антибиотик, антимикробтық заттармен комплексте қолдана отырып асқазанның және он екі елі ішектің жарасымен ауыратын 130 науқастарда жақсы нәтижелерге жеткен. Емдік құралдардың осындай комбинациясында автор қысқа уақыт ішінде аурудың және диспепсиялық синдромдарды жоюға қол жеткізген. Helicobacter pulori бактериясын гастродуоденальдық сілемейлі қабықшадан эрадикациялаудың жоғары дәрежесіне қол жетіп, жаралық дефектінің эпителиленуінің мерзімдері қысқарған. Автор осындай асқазанның және он екі елі ішектің жарасын емдеудің экономикалық эффективтілігін көрсетіп, терапевтердің практикалық іс-әрекетіне ұсынған.
Қазіргі уақытта озонотерапия жаралардың және оның өскіндерінің қабыну ауруларын емдеуде кеңінен қолданылады. Сонымен озонотерапия медицинада барған сайын кеңінен пайдаланылуда. Зерттеудің ендігі кезеңі ағзаның әртүрлі ауруларын емдеуде оттектің қоспадағы озонның оптимальды концентрациясын анықтау болмақ.