Мектеп оқушылар арасындағы күй сайыстың дәріптелуі және оның келешек өнерге тигізер әсері

 

Қазіргі іріленген Мақтаарал ауданы еліміздің ең шетіндегі шекараға орналасқан аудандардың бірі. Ал Жетісай қаласы осынау мақталы өлкенің рухани-мәдени астанасы десек, ешкімнің дауы болмас. Оған айғақ кешегі кәсіптік-техникалық, мәдени-ағарту училищелері, 1965 жылдан бері жұмыс істеп жатқан Жетісай қазақ педагогикалық училищесі (қазіргі Жетісай гуманитарлық колледжі), 1968 жылдан бергі Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ драма театры, Жетісай халық хоры, халық оркестрі, республика көлемінде іргелі оқу ордасына айналып келе жатқан «Сырдария» университеті кішігірім облыстардың бірінде болса, бірінде жоқ.

Осындай мәртебесі биік, экономикасы мен мәдениеті бірдей өркендеген өлкеде талай мәдени іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.

Бірнеше өнер, спорт саңлақтарының есімі республикаға, тіпті әлемге әйгілі бола бастады. Десек те біз мекендеп тұрған ортаның үлкен мәдени орталықтармен тығыз араласуы жылдан-жылға қиындап келеді. Әсіресе қатты ойландыратын жай — мектеп жасындағы болашақ өнерпаздарымыз. Оның ішінде күй орындаушылық өнерінің мүлдем құрдымға кетуі ертеңгі күннің кешірмейтін парағы болмақ.

Жер-жерде өткізіліп жүрген әнші балапан конкурсының көпшілігі жас балапандардың кәсіби өнерін қолдағандық емес, қорлағандық боп жүр. Дарынсыз, ойсыз өнерпаздарға жол ашып жатқандаймыз. Өйтпегенде ше аузына дауыс күшейткішті тығып, дауысы бары да жоғы бақырып ән айтса, соған мәз боп қол шапалақтаймыз, ал мыңнан бірі қолы майысып жазатайым күй тарта қалса, тыңдамақ түгіл мазақтаймыз. Бұл қасірет пе, жоқ па?

Жалпы күй өнері — киелі өнер жолы азапқа толы. Көптеген 2 сағатқа созылған концерттік бағдарламаларда бір күй тартылса тартылды, көп жағдайда ол да жоқ.

Соңғы кезде ән мен күйдің орындалар орны тойхана тыңдаушылар мен оның қонақтары боп жүргені жасырын емес. Ол жерлердің көпшілігінде бірде-бір күйдің үні естілмейтіндері де жетерлік.

Әрине тойдың аты той, талғамның аты талғам. Бірақ тойдың өзін тәрбие мектебі десек, тарзының басын мүкіндігінше тең ұстасақ, болашақ ұрпаққа жасаған бірден-бір әлілдігіміз болар еді.

Көпшілікке күл шашу қашанда қателік. Ел ішінде небір күйді қастерлейтін, құдірет тұтатын жандар да аз емес.Мысал ретінде айтар болсақ, асықаталық бір азамат өз қызықшылығын, бас қонағын күйші деп есептейді, ақын-жазушылардың айнымас досы, өзі тұрған бойы өнер дүниесінің энциклопедиясы, керісінше сол аймақтың тағы бір азаматы, ол да үлкен білімпаз, шындықтың қаншалықты ащы екенін білсе, күйдің соншалықты тәтті екенін біле тұра өз қызықшылығында күй өнерін ұнатпайды. Тіпті, оның не керегі бар, кім тыңдайды оны дейді. Сол ненің керегі бар, ненің керегі жоқ екенін білетін білгіштердің көбіне жолы болғыш келеді. Бірақ бір көнекөз қария адамның бір айтқаны есімде қалғаны кейбір адамның өмірден ұзар тұста үйінде ойналмай тұрған домбырасына көзі түсіп, бір күй тыңдағысы келеді. Бірақ, күй ауылы алыста, құлақта баяғы бозбала кездегі күй күмбірі кеп тұрады екен деп еді. Күйге шөлдеген тұста таңдай жібітер тәтті күйдің үнін естімеуден азап жоқ шығар, сірә. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, өңіріміздің белгілі ақыны Әлібек Мейірбекүлы: «Ән үшін, күй үшін, керек қой өмірді сүю үшін» — десе, қазақтың батыр данышпаны Бауыржан Момышұлы айтады: «Домбыра — қазақтың касиетті дүниесі, оны тарта алмасаң да қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала, уызына жарымағана көтерем қозыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып, сая да бола аламайды». Қандай дөп айтылған сөз десеңізше шіркін.

Сол қастерлейтін киелі домбыра, күй өнері, күй орындаушылық өнер әзір қандай күн кешіп отыр. Күйші өнерін насихаттау үшін бе? Арзан көңіл жықпастықта әйтеуір күйшіні бірде ақындар айтысы ішінен, бірде тамашаның бағдарламасынан көріп қаламыз. Әрине, бұдан насихаттың басқа жолы қалмағаны ма деп қауіптенесің. Күйшінің де өз орны, өз төрі болу керек емес пе? Ілгеріректе күйшілер аулында туылып, соңғы өмірлерін қалада өткерген. Ал қазір шын кәсіпқой домбырашылар үлкен мәдени қалаларда ғана дайындалатын болып отыр. Ауылды жерлерде музыкалық мектептердің көпшілігі жабылып, жалпы білім беру мектебінде балаларды домбыраға баулу мүлдем тоқтағанның қасы. Оған ұмтылушылық, қызықтырушылық мүлдем байқалмайды. Домбырамен өлең айтуға да құлшыныс азайды. Дайын терілген, өзі оркестр, өзі аспап «Ямаха» деген пері шықты дәуірге. Оған қосылып айту да ыңғайлы, содыр, шодыры да білінбей кетеді кей кезде. Қазіргі жастардың көпшілігі классикалық әуенді тыңдаудан кетті деп бас ауыртып кайтейін, өзіміздіңқара домбырамыздың кей-кезде теледидардан беріліп қалғанбағдарламаларды сарт еткізіп өшіріп, айқай-ұйқай, өзі де сөзі де түсініксіз жеңіл әуенді эстрада музыкаларын күні-түні тыңдаудан жалықпайды. Сонда да біз дәуірге бара жатырмыз ба жоқ әлде тас дәуірге бара жатырмыз ба? Қайранмын.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жуырда Алматыда өткен әдебиет, өнер қайраткерлерімен кездесуінде сөзге шыққан шешендердің сөзін тыңдай келе: «Біздің ең көрнекті жазушыларымыз мен суретші, сазгерлер ең таңдаулы шығармаларын өзінің қиыншылық кезеңдерінде шығарғанына осы отырған бәрің де куәсіңдер, жақсы туынды жазуға әзір кім кедергі жасап отыр?» — деді.

Ал бізге не жасық, ел аман ай жарықта барды жоғалтып алу, әсіресе баладарымыздың-болашағымыздың жолын байлауымызға жол болсын.

Қиын кезең, уақыт деп музыка мектебін жаптық, сонда не ұттық? Келешегімізге балта шаптық, одан басқа айтар теңеу жоқ. Ірі-ірі кәсіпкерлердің балалары музыка мектебінде оқығанда, ол орын жабылмауы мүмкін еді ғой.

Ол азаматтардың балалары өздері сияқты ірі кәсіпкер немесе заң қызметкері болуына бесігінен тәрбиеленеді. Ілгері кеңес үкіметінің кезінде сол саз мектептерінде 400-ден астам оқушылар оқып, солардың бес-алтауы өзгелері басқа кәсіптің маманы болып кетті. Жалпы музыка мектебіне тек қана кәсіпкер-музыкант болу үшін ғана бермейді, бала жан-жақты тәрбиелену үшін беретін және сол балалар бәрінен де тәртіпті, басқа сабақтар да үлігілі болып өсті. Әзір ше? Балалардың көбісі музыка, спорт мектебіне бармайды. Есесіне күніге ойын, бейне-фильм көру, бесінші, алтыншы сыныптан бастап жаппай бірігіп туған күні өткізу. Бастапқыда елу теңгеден жинаса, мектеп бітіргенше мың теңгеден жинайтын жағдайға жетеді. Оның бәрін қайдан алып жатыр? Рас, балаларын оқытуға шынымен жағдайы келмей жатқан жанұялар бар. Зәулім-зәулім үйлер, 6-7 автокөлік, 200 гектардан жері бар қалталы азаматтардың табысын қызғанбай-ақ қояйық. Бірақ сонын қайсысы дарын балалардың оқуына қол ұшын беріп отыр? Айтты не, айтпады не. «Бермесе де бай жақсы, жемесе де май жақсы» — деген мақал арада ғасыр салып, жаңғырғандай сыңайы бар.

Солай бола берген жағдайда да жас дарындардың оқуына мүмкіндік жасау әрбір көкірегі ояу азаматтың күн тәртібінен түспейтін кестесі болуы керек. Алысқа бармай-ақ қойғанда, өзіміздің мақтаарал ауданында 100-ден астам мектеп бар десек, әр мектеп бір-бір дарынды күйшіден берсе де, сол жүз күйші үнсіз қала қоймас, бірақ күйсіз қалдырмауы әбден мүмкін еді ғой. Қолдан жүз пайыз келетін істі істемеуді қазақы жалқаулық демей не дейміз? Енді, істі оңғарар жағына келсек, біздің «Сырдария» университетіндегі «Ән-саз» кафедрасы өзіміздің барлық мектептің ән-күйден беретін мұғалімдеріне жарты жылда бір рет қоғамдық негізде кеңес семинар қазіргі өзекті мәселеге байланысты ғылыми-әдістемелік конференция өткізуге дайын. Қала маңындағы дарынды оқушыларға өте арзан нарықта домбыра, қобыз т.б. аспаптарда оқытуға, тіпті жағдайы өте төмен дарынды балаларды тегін оқытуға дайын екендігін жұртшылықтың есіне салғым келеді.

Қазіргі хал-ахуалдың анық- қанығына жету үшін жақын арада жас күйші-орындаушылардың конкурсын ұйымдастырып өткізу алғы шарт. Құрылықтан жасалған аралдай азғантай жердегі ауданымыздың кешегі жеткен жетістіктерін жаңғыртып, әнші-күйші-жыршы ауылы атанатынымызға жазсын алла.

Күй өнерін дұрыс насихаттап жүрміз бе? Тарихқа үңілсек, қазақ арасында айтыс өнері қаншалықты кең тараған болса, күй тартысы да сондай дәрежеде таралған. Бұл бір енені тел емген егіздер секілді. Күй тартыс өнерінің бірнеше түрлері бар:

  1. Домбырашылық-орындаушылық шеберлікті таныту жарысы;
  2. Күйшінің өз шығармаларын ойнап жарысу;
  3. Импровизаторлық, яғни табан астында ойдан шығарып,

жалғасын қарсыласына тартқызу;

  1. Белгілі біроқиғанынемєсетақырыпқакүйшығарыпжарысу(мысалы,»Нар идірген»).

Осылардың ішінен бүгінге жеткені — орындаушылық шеберлікті таныту жарысы. Оның өзі жекелей емес, көбінесе ақындар айтысының ортасында, концерттердің құрамында дегендей… қоса салынады. Қазір, қүдайға шүкір, ақындар айтысы өнері өркен жайып, жас айтыскерлер қатары көбейді. Олардың арасында елді тамсантқан майталман таланттар жетерлік. Ендігі кезекте күй тартысына баса назар аударсақ деп ойлаймын.

XVIII және XIX ғасырларда қазақ даласын шарлаған орыс, неміс т,б. халықтар саяхатшыларының күнделіктері мен естеліктерінде әсіресе, осы күй тартысы өнеріне ерекше таңданыс, сүйсініс көп. Бұрынғының ақындары да күйшілерді аға санап, күй өнерін кие тұтады екен. Бұл өнерге үлкен шеберлік керек. Ал қазіргі жағдайымызда күйшілік түгіл, тіпті күйді түсініп тындайтындардың өзі де сирек. Осы жағдайды ескерсек, халқымыздың ежелгі өнерін дамытып, тұғырына қайта қондыру оңайына түспесі керек.

Ал, екінші жағынан, бұған жетпейтін бар болғаны — ниет, ықылас қана секілді, Айталық, неге баланы күй тыңдауға бесіктен баулымасқа? Ғалымдардың сөзіне сесек, музыкаға немқүрайлы қарауға болмайды. Ол — үлкен күш, психикаға әсері бар құдірет. Мысалы, осы күнгі жастардың тындайтын даңғаза, мән-мағынасыз шулы әуендердің әсері есірткінің әсерімен тең дегені оқығаным бар. Өз басым осыған сенемін. Арзан, жеңіл айқай жас баланың миын ашытып, ойын тұмандайды. Ал, өнерді, сырлы жас жан тазалығына жетелейді. Осыны тек ата-аналар ған емес, мұғалімдер де білім беру саласының «тетігін бұрап» отырған шенеуіктер де ескерулері керек. Тәрбиелеудің жаңа тәсілі деп алыс-жақын жұрттардың озығын, да тозығын да талғамастан өзімізге қарай сүйрелеумен жүрген сабаздар неге екені белгісіз, тамыры тереңде жатқан ата-баба мұрасын пайдаға асыруға көңіл белгілері келмейді. Үйлестіре білсе, күйді де тәрбие құралына айналдыруға болар еді.

Күй тартысы өнерін дамыту мәселесіне келсек, меніңше мұны бірте-бірте қолға алған жөн. Алдымен, орындаушылық шеберлікті таныту жарысын әр түрлі мәдени шараның арасына бір тықпалап, қадірін кетірмей және өзін бір қолға алса. Несі бар, дүрілдетіп өткізер едік!

Кәдімгі ақындар айтысы XIX ғасырда шарықтау шегіне жетті десек, XX ғасырдың әр кезеңінде өз өрісін тауып, тіпті 90-жылдарды жас айтыскер өкілдерінің қатары көбейіп, шеберлігі едәуір тартса, күй тартыс өнері айтыс өнерінің арасында қосалқа құрамы сияқты, әр жерде жыл-жылт етіп көрініп, күй беделі, күй орындаушылық өнері бұрынғыдан төмендемесе, артты өсті дей аламыз. Күй-тартыс, күй-айтыс бір жақтылық қана танытып, күйді тартып, кенет бірден тоқтап қалса, екіншісі сол күйді бірден жалғастыра іле жөнеледі.

Жалпы алғанда, естіген құлаққа, көрген көзге, сол сәтте әсерлігі жаман емес, бірақ күй тартыстың өзге түріне тындаушымыз дайын емес дейміз бе?, әлде күйшілеріміз дейміз бе? Айтып отырған күй-тартыс бұл тек орындаушы күйшілер тартысы. Қай күйшінің шебер тартатынын, орындаушылар конкурсында да дәлірек анықтасақ болады. Бұл жерде ұтып отырғанымыз, көзге ұратын, әсерлі алдамшы көрініс қана. Жасыратынымыз жоқ, осы өңірімізде айтысының жоғарыда аталған түрлеріне қосалқы топ ретінде қатысқанымыз бар. Ақындардың жеңгендері темір ат, ақбоз ат мініп жатқанда күйші жазғандар жәй қол сағат алып жатты. Бұған да қүдайға шүкір дейміз. Әңгіме ат, патта емес, күйші өнерінің рухани арзан бағалануында. Қазақ тарихында бұрын да ақындар мен күйшілер бірге єл аралап жүрген. Ақындар күйшіні аға тұтып, күй қүдіретіне бас иіп, тіпті күйшілердің рухани есесі керкен жерлерін, ақындар жақтап әперіп отырған. Ата көрген оқ жонса, қазіргі ақындар да солай етіп жүр деп ойлаймыз. Күй қашанда құдіретті. Күй тарту мен күй тыңдаудың мәдениетін бабаларымыз XIX ғасырдың басында-ақ салып кеткенін, зерттеуші ғалым-саяхатшылар күнделігенен оқығанымыз бар. Бір жерінде айтады: «Күйші қара киіз үйде, қоңыр үнді күйді күңірентіп отырады. Алыстан аттылы кісі келе жатып үйге шамада 50-60 қадамдай жер қалған тұста, күй күмбірін есітіп, атынан әсте түсіп, күйге берілген сонша күрс-күрс шайнаған атынын ауыздығынан ноқтаны қымти ұстап, күй біткенше демін ішіне тартып тұрады,»- деп келтіреді. Ал әзір ше? Оны айтпай-ақ қойғанымыз дұрыс ау шамасы.

Бұл тұста күйпаз, күй тыңдаушылар тіпті қалған жоқ деуден мүлдем аулақпыз. Тек қана әзіргі зәулім концерттік залдарда күйшіге қойылған дыбыс күшейткіштері көп жағдайда дұрыс қойылмай, күйші өнері тындаушыларын баурап алатын мүмкіндіктерінен мүлдем айырылып жатады. Есесіне «Ямаха» аспабымен айтатын солақай әншілдер құлақты жарып жібере жаздап айтып жатса, өнердің қай түріне табынарын білмеген тындаушылар дел-сел болмасына не шара. Ал күні-түні теледидар алдын бермей өзі де, өзге де әсер түсінетін жеңіл де шулы әуендерге құлағы әбден үйренген жастарды, дәл қазір қоңыр күйге тартып көр. Ал сондай екен, ендігі бірақ үміт, күй тыңдауды, әуен толғауды бесіктен қайта босату керек.

Әңгіме басында сөз еткен күй тартыс өнері арқылы да тыңдаушы қауымды дұрыс тәрбиелеуге болады. Мұсылмангершілік бірте-бірте десек күй тартыс формасын сол естіп көрген жерден әрі қарай дамытуымыз абзал.

Қопалдау айтсақ, соқыр көргенінен жазбайды дегендей сол тартысты, сол айтыс дәл осы күйде кете берсе, алға басарынан гөрі тұңғиыққа батарына дау жоқ. Солай екен, қайталап айтқанда қазіргі көріністі, күй айтыстың осы түрін дамыта отырып, тағы бұнын алғашқы шарты деп ұғынып, табан астында күй шығарып, оны қарсыласына тартқызу, күйшінің өз шығармаларын ойнап жарысуын, белгілі бір тақырыпқа күй шығарып жарысуларды қиын да болса, бірте-бірте қосып дамытып отыру керек-ақ. Бұл тәрбиенің алғаш жеңіл түрлері тағы да сол мектеп қабырғасындағы балалар дұрыс бастағаны ләзім. Жалпы, ақындар айтысы болсын, күй тартыс өнері болсын, жас жеткіншек өнерпаздарды жан-жақты тәрбиелеуге, шығармашылық белсенділігін арттыруға сөзсіз әсер етеді. Ендеше қос егіздей тел емген, қос қастерлі өнерді бір-біріне кемсітпей тең ұстауға ұмтылайық ағайын.

Әдебиет

  1. М.Шахай. Мақтаарал ауданының 70 жылдығына арналады., Алматы., РГЖИ.

Дәуір., 1999.-98 б.