Студенттердің ғылыми үйірмелері, олардың студенттердің ғылыми шығармаларын дамытудағы рөлі.

  1. Университет қабырғасында студенттер білім алумен қатар оқытушы ұстаздарының жетекшілігімен ғылыми үйірмелерге қатысып, ғылым жолындағы алғашқы қадамдарын- ізденістерін де бастайды. Бұл ретте студенттердің өзіндік жұмыстарының атқарар ролі ерекше.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының түрлері де сан алуан, олар белгілі бір тақырып, проблема, туынды бойынша реферат жазу, оқу әдістемелік, ғылыми сын еңбектерден конспект жасау, студенттік ғылыми конференцияларда баяндамалар жасау, курстық және дипломдық жұмыстарды жазу т.б.

Курстық және дипломдық жұмыстар — студенттердің сөз өнерінің сырлары мен етене танысып, әдеби – эстетикалық талғамы мен шығармашылық тұлғасының қалыптасуына, ғылыми ізденіс жолына бел алуына, жазу дағдысына машықтануына мол мүмкіндіктер ашатын өзіндік жұмыс түрлері. Сондықтан жоғары кәсіби білім беретін университеттердің оқу процесінде курстық, дипломдық жұмыстардың да алатын өзіндік орны ерекше.

Жоғары мектептің типтік оқу жоспарына сәйкес курстық жұмыстар ІІІ курста, ал диплом жұмыстары соңғы курста жазылады.

Жоғары оқу орындарындағы оқу педагогикалық процесте курстық жұмыстардың өзіндік маңызды рөлі бар.

Курстық жұмыстардың мақсат-міндеті — әдбиет тарихының немесе қазіргі әдеби дамуға қатысты, сондай ақ әдебиетті оқыту әдістемесінің өзекті бір мәселелерін қарастыру, зерттеу, сөйтіп, студенттердің өзбетімен жұмыс істеу, ғылым жолында іздену дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізу.

Практикалық, семинарлық сабақтардың маңыздылығы өз алдына, студентер өткен курстарда алған әдеби- теориялық білімдерін басшылыққа ала отрып курс жұмыстарын жазу барысында ізденеді, әдеби фактілерді талдауға, жинақтауға, бағалауға, зерттеу жұмысында қолданылатын түрлі әдіс тәсілдерді игеруге машықтанады. Осындай сан- сала шығармашылық ізденістер, зерттеу жүргізу нәтижесінде орындалатын қурыстық жұмыстар студенттердің ғылыми — танымдық көзқарасының кеңеюіне, жауапкершілігінің артуына, күнделікті үлгерімінің жақсаруына да игі әсер етеді.

  1. Өкінішке орай жоғары мектептерде түрлі себептер мен студенттердің жазу дағдысының қалыптасуына жеткілікті көңіл бөліне бермейді.

Курстық жұмысқа кірісер алдында студент ең алдымен жалпы жұмыс жостарын жасап алуы міндетті. Жалпы жұмыс жоспары мынадай бөліктерден тұрады.

1).тақырып таңдау;

2)Таңдаған тақырыпты жан- жақты таңдап ашуға қажетті көркем туындыларын іріктеу, әдеби — сын зерттеу еңбектерді іздестіріп, олардың тізбесін жасау;

3) Іріктелген көркем туындылар мен әдеби — сын, зерттеу еңбектерді оқу, тақырыпқа сай жүйелеу, міндет- мақсаты айқындау;

4) Курс жұмысының нақтылы жоспарын жасау;

5)Жұмысты жазу аяқтау.

Курстық жұмысқа кірісудің бастамасы тақырып таңдаудан басталады.

Кафедра ұсынған тақырыптар тізбесін студент өзіне тиесілі тақырыпқа байланысты таңдауға құқылы.

Жоғары мектеп тәжірибесінде студенттің курстық жұмыстарында жоспардың жиі кездесетін бірнеше түрлері бар. Біріншісі, кіріспеден негізгі тараудан (курс жұмысының тақырыбы жазылады). Қорытынды мен әдебиет тізімінен түзілсе, екіншісі де осыған жақын, тек негізгі тараудың бірнеше тараушалардан (параграфтардан) немесе а);ә);б); деп санамалаған бөліктерден құрылуы мүмкін. Сондай- ақ, кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиет тізімімен түзілген жоспар үлгі де кездеседі.

Жоспарды әдетте ғылыми жетекшіге бекітуге ұсынылады.

Курс жұмысын жазуға дағдылық сатыларынан өткен соң енді ең жауапты кезең-жұмысты жазу басталады. Басты талап, тілек, туындыны тақырыптақ- идеялық тұтастықта, мазмұн мен пішін бірлігі тұрғысынан қарастырып, көркемдік әлемінің құпия сырларына бойлай білу, осынау алуан тағдыры адамдар жаратылысы, өмір- тіршілік күйлері жайлы, өзінше толғанып, ойлай білу.

Курстық жұмыс шығармашылық еңбек болғандықтан, студенттер зерттеу, сын материалдарын, жетекшінің кеңесін басшылыққа ала отырып тақырыпты мүмкіндігінше өзінің көркемдік- эстетикалық түсінігі тұрғысынан талдап- таразылап, түйген ой- тұжырымдарын ортаға салуы керек.

  1. Көп жағдайда курстық жұмыстарды төмендегідей олқылықтар орын алады:

1) Тақырыпқа, зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ

Мемлекеттік стандарттарына сай құрылған оқу жоспары университетті бітірушілердің міндетті түрде диплом жұмысын орындауын талап етеді.

Диплом жұмысын бүкіл оқу мерзімінде студенттің таңдап алынған тақырыбына орындалған курстық жұмыстарының тұтастығы деп қарауға болады.

Диплом жұмысын жоғары оқу орнын бітірушінің ғылыми жұмысы деп қарауға болады. Диплом жұмысын белгілі бір педагогикалық құбылысқа байланысты заңдылықтар мен оның шешімін табу жолдары деп қарауға болады.

Диплом жұмысын белгілі бір тақырыпқа байланысты ғылыми мазмұндағы ішкі бірлік пен тұтастығы және зерттеу барысы мен нәтижесі деп қарауға болады.

Мамандыққа сәйкес диплом жұмысының мақсаты — әлеуметтік гуманитарлық, ғылыми- жаратылыстану, жалпы кәсіпқой және арнаулы пәндер блоктары бойынша студенттердің өзіндік танымдық іс- әрекет нәтижелерін ұштастыра біріктіріп, қазіргі бастауыш мектептің кәсіпқой мұғалімі ретіндегі даярлығын қамтамасыз ету.

Бұл анықталған мақсатқа жету жолындағы орындалатын диплом жұмысына төмендегідей міндеттер жүктеледі:

-мамандыққа сәйкес теориялық және тәжірибелік білімдерді жүйелеу, бекіту және кеңейту;

-осы білімдерді нақты педагогикалық мәселелерді шешу барысында пайдалануды қамтамасыз ету;

-ғылыми — зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгеру және өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту;

-қазіргі бастауыш мектеп тәжірибесіне студенттің дайындығын анықтау.

Диплом жұмысына бірқатар талаптар қойылады:

-зерттелетін тақырыптың көкейтестілігі және оның сол мамандыққа сәйкес келуі, факультетте орындалатын диплом жұмысының жалпы мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі;

-Диплом жұмысының тақырыбы қамтитын таным ауқымына сай ғылыми педагогикалық және әдістемелік еңбектерді зерттеу және талдау;

-зерттеліп отырған мәселенің тарихын зерттеу және оған сипаттама беру, педагогикалық озық тәжірибені жинақтау және қорытындылау, студенттің жеке тәжірибесін дамыту;

-зерттеу объектісіне, пәніне, әдістеріне және кезеңдеріне айқын сипаттама беру, жүргізілген педагогикалық тәжірибені талдау және жазу;

-Жұмыс нәтижелерін, қорытындыларды және тәжірибелік нұсқамаларды жинақтау;

Дипломдық жұмыстар студенттердің жоғары теориялық білімінің көрсеткіші әрі мамандық пән бойынша мемлекеттік емтиханнан орнына қабылданатын болғандықтан, оларға тақырыптық- проблематикалық жағынан да, талдау сапасы, мазмұны тұрғысынан да жоғары талап қойылады.

Курстық жұмыс тақырыптарын әдетте кафедра ұсынса, диплом тақырыптарын студенттердің өздірінің таңдауына ерік беріледі, кейде ғылыми жетекші — оқытушымен ақылдаса отырып, та тақырыпты білуге болады. Диплом жұмыстарының жетекшілік жасайтын оқытушылардың ғылыми — зерттеу жұмыстарымен байланыс сабақтастыққа берілсе тиімдірек. Тақырыптар кафедра мәжілісінде және факультеттің ғылыми кеңесінде бекітілуге тиісті.

Дипломдық жұмыстың жоспары қарастыратын проблеманың күрделілігіне орай бірнеше тараулардан түзілуі мүмкін.