- Мазақтамалардың балаларды әдептілікке, әдемілікке, еңбекке тәрбиелеудегі рөлі.
Мазақтаманы халық балалардың бірін –бірі мінеуі, сынауы, шенеуі, әжуалауы үшін шығарған:
«Асан жақсы баласың,
Айтқан тілді аласың;
Айтқан тілді алмасаң,
Арам қатып қаласың» , —
деп мазақтама айтушы екінші баланың кемшілігін көзіне айтып,ызаландырып, қажырын қайрайды.
Баланың табиғи кемшілігін айтып, тәрбиелеудің орнына, оның сүйегін жасытатын, тәрбиелік мәні керісінше болатын мазақтамаларда бар, соларды қолданудан сақ болу керек.
Мазақтаманың негізгі мақсаты – баланың мінін көрсетіп, сынау, оны тәрбиелеу.
- Өтірік өлеңдердің балаларды ой – қиялға тәрбиелеуі.
Өтірік өлеңді дарынды ақындар қиыннан киыстырып, қиялмен әсерлендіріп, қисынды қызықтарға құрып шығарған. Өзгеше әсерлік өтірік өлеңдерді хаолық ықылас қоя жаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізді. Авторы белгісіз болғанмен халық аузынан жиналған өтірік өлеңдердің көркемдігі биік, мағынасы терең.
Өтірік өлеңдерді тәрбие ісіне пайдаланудың да тәсілдерін білу керек. Біріншіден: өтірік өлеңдерді көркемдеп оқудың мәнін оқушыларға терең ұғындырып, көркем оқуды ұйымдастыру.
Екіншіден: өтірік өлеңдерді жаттап оны сахнада айтуды ұйымдастырудың тәрбиелік мәні зор.
Үшіншіден: өтірік өлеңді өнер жарыс ретінде екі оқушының кезектесіп айтуын ұйымдастырып, оны сахнада орындаты – оқушының актерлік бейімділігін, өнерпаздығын, ақындық нышанын дамытып, абыройын, білімін арттырады.
Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең –жырға деген ықыласын, бейімділігін артырады.
Отбасында ойын өлеңдерін, әсіресе, айтыс ойын олеңдерін балаға айтқызып, олардың тәрбиелік мәнін пайдалана білу – ата –ананың борышы. Ойын баласы ойын өлеңдерін өздерінше де ықыластана жаттапалады, тек олардың ойын сабақтап, үлгі көрсетуді, үлкендер ұмытпау керек.
- Ойын өлеңдері балалардың өлең – жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады.
Қазақтың халық педагогикасындаойынөлеңдеріқызықтыойындардыңэстетикалықәсерінарттырып ,балалардыңөлең-жырға дегенықыласын ,бейімділігінарттырады.
Қуырмашойыныәрі баланыңкөңілінкөтеруүшін ,әрі еңбекке тәрбиелеп ,дүниетанымынарттыруүшінжүргізіледі.
Қуыр-қуыр қуырмаш ,
Бидай қуыр , қуырмаш .
Тауықтарға тары шаш
Бас бармақ ,
Балан үйркек,
Ортантерек ,
Шылдыр шүмек
Кішкенебөбек ,—
депқуырмашайтушыбалдырғанныңсаусақтарынсанамалап , жүдырыққа түиеді де,одансоңәрбірсаусаққақызметберіпіске жұмсап ,балдырғанның жұдырығынжазады :
Сен тұр — қойыңабар !
Сентұр – жылқыңа бар !
Сен тұр — түйеңебар!
Сен тұр — сиырыңабар !
деп , төртсаусақты түлікмалға жұмсайдыда, ең кішкене саусақтыжалқау , жатыпішер деп :
Ал сен алаңдамай
Қазанның түбін жалап,
Үйдежат!-
дейдіде, оныжатқызыпқойып , ойыншықолбойынан қызықіздейді.
Мына жерде қант бар ,
Мынажерде жент бар ,
Мына жердеқатық бар,
Мына жердеқытық бар !-
депқытықтап ,балдырғандыеріксізкүлдіреді .
Кімкерексиақты қалмақөлеңді.Ақсерек ,көк серек . ойыны үшіншығарылған :
Ақ серекпен көк серек
Шауып алдым бәйтерек .
Бізгесұлуқыз керек ,
Қыз ішінде сізкерек !
Бізге күшті ер керек !
Өзіңе керек -Еркөқбек !
Ойындағыжекеойыншылардыңбейнелікерекшеліктерінеқарайбалаларбұлөлеңді құбылтып , әрлендіріп ,әртүрліетіп айта береді.
Ұшты – ұштыойынықызықтыөтуүшінұйқассөздерді тез тауып ,оны да бірнешетүрлендіріпайтып , ойынбасшысы өзініңақындықауқымыарқылыойыншыларды көңілдендіре біледі:
-Ұшты – ұшты ,сұңқарұшты!
— Ұшты – ұшты , тұлпарұшты !
— Ұшты – ұшты , қарғаұшты !
— Ұшты -ұшты , арбаұшты !
-Ұшты – ұшты , тарғақ ұшты !
-Ұшты –ұшты , жарғақ ұшты !
- Ұшты- ұшты , дауыл ұшты !
- Ұшты — ұшты , қауын ұшты !
- Ұшты –ұшты , үйрек ұшты !
- Ұшты –ұшты , бүйрек ұшты !
- Ұшты –ұшты , қыран ұшты !
- Ұшты –ұшты, жылан ұшты !
- Ұшты –ұшты, қызғыш ұшты !
- Ұшты –ұшты , сызғыш ұшты !
- Ұшты – ұшты , ұзақ ұшты !
- Ұшты – ұшты , түзақ ұшты !