- Мінездемелердің негізгі функциялары:
мұнда тұлғаның қсаиеттері мен оның іс-әрекеттері бағаланады;
мұнда тұлғаны зерттеудің нақтыланған нәтижелері болады;
ол басқару тактикасынанықтау мақсатындағы ұжымбасшыларының қызмет барысында пайдалануға арналады;
мінездеме берілуші тұлға конкурсқақатысу үшін, жұмысқа тұру үшін кепілдеме түрінде пайдаланады;
осы арқылы тұлғаның еңбектің осы немесе басқа түріне жарамдылығы анықталады;
қызметтік аттестация үшін қажет.
Толық мінездемеге қойлатын талаптар:
әділетті болуы қажет, жұмысшының шынайы бет-бейнесі бұрмаланбастан көрсетілуі қажет;
тілектес болуы қажет: тұлғаның жағымсыз қасиеттерін көрсете отырып, оның келешекте түзелуі және табысты жұмыс істеуі үшін жақсы тараптарында ұмытпау керек;
дағдыға айналған тұжырымдамалардан қашқақтай отырып, тұлғаны жан-жақты сипаттау қажет;
мінездеменің мазмұны істелінген істің сапалылығы көрсетілген аяқталған істерді талдау арқылы ашылуы керек;
тұлғаның жеке ерекшеліктері көрсетілуі қажет.
- Мінездемелердің мынадай түрлері болады:
ресми және бейресми;
жабаша немесе ауызша;
толық және ішінара;
жинақталған (қорытындыланған).
Ресми мінездемелер:
ашық, жария болады — мәлімдеме тек сипатталушыға ғана емес, сонымен бірге ұжымға да беріледі;
ұжым басшыларымен үйлестіріледі және бекітіледі.
Ауызша бейресми мінездемелер:
қысқа және біржақты, адмның не адамгершілік қасиеттерін, не оның іскерлік қасиеттерін бағалайды;
ұжымда талқыға салынбайды; жиі субъективті, демек мінездеме беруші мен алушының арасындағы қарым-қатынастың сипатына байланысты болады;
әдетте басшылар жұмысшының қызмет бойынша көтерілуі жайындағы мәселені қарастыру барысында қолданады.
Жалпы қорытынды мінездеме:
білікті жақтардың (адамдардың) ұсынған (көрсеткен) тәуелсіз мінездемелерінің қатары негізінде құралады;
көп адамдар арқылы түзіледі;
жұмысшының жауапкершілікті қызметке қарай ілгерілеуі мәселесін шешу барысында қажет;
мұндай мінездеме бір адам тарапынан берілген мінездемеге қарағанда шынайы болады