Зерттеу объекті ретіндегі жұмысшының жеке тұлғасы

  1. Жеке тұлға — мінез бен қызығушылықтардың, темперамент пен қабілеттіліктердің және сонымен бірге басқа да мінездің ерекшеліктері, қасиеттерімен кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі, қоғамның саналы мүшесі адам.

Жеке тұлғаның ұжым әсерінен өзгеруінің мынадай сипаттарыболуы мүмкін:

уақытша;

ауыспалы;

үстірт немесе терең;

тұрақты.

Жалпы әлеуметтік бағыт бойынша тұлға мынадайдәрежелербойынша бір-бірінен ажыратылады:

адамгершілік тәрбиелілігі;

саналылық;

еңбексүйгіштік;

тәртіптілік;

білімділік;

қабілеттілік.

  1. Сана — психикадамуының еңжоғарғы сатысы, тек адамға ғана тән іс-әрекет кескінінің формасы.

Санаадамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті.Ол-ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі.Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен- бірі тығыз байланысты.

Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі.

Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, санасының қалыптасуымен дамуының негізгі факторы болып табылады.

Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.

Адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп дами береді.

Сана танымдықжәне практикалық әрекеттерде білінеді.

Сананың басты функциялары:

болмысты оның сезіну, түйсіну, ойлау және қиялдаупроцестерінде бейнеленуі (берілуі) арқылы тану- өзіндік сана,психикалық әрекеттердің белгілі қасиеттері мен сапалары қалыптасады;

болмыстың қайта жаңаруы;

өзінің келешегін алдын ала болжау және оқиғаларды алдын ала сезу;

жағдай талаптарына сәйкес өзін өзі басқару.

  1. Өзіндік сана — өзін білуде, өзіне дегенқарым-қатынасында айқындалатын тұлғасанасының бір формасы.

Өзіндік сананың негізгісипаттары:

өзіндік сана — кемелденген тұлғаның белгісі: адам өзін- өзі әрекеттерінің салдарын, жеке мінез-құлықтарын, өінің іс-әрекеттерін талдау арқылы таниды;

өзін-өзі бақылау процесінде қалыптасады;

өзінің өткен өмірін талдау арқылы пайда болады: адам өткенөміріндегі бір нәрсені қуаттайды, бір нәрсе үшін ұялады;

адам өзіне әрекетті өзіндік басқарудың орталық органы — «Мен» органын енгізеді.

Тұлғаның саналылығының негізгі сипаттамалары:

ол ұжым мүдделеріне, қажеттіліктеріне және қоғам талаптарына сәйкес өзін-өзі ұстайды және соған сәйкес әрекет жасайды;

қоғамдық жұмыстарға белсендіқатысубарысында көрінеді;

саналы тұлға өзінің іс-әрекеттерініңсалдарын алдынала болжайды және ол істеген жұмысынажауапкершілікті толық өз мойнына алады.