- Тартыс — әрбір жақ өз пікірін қорғайтын сайыс.
Тартыстың мынадай негізгі түрлері болады:
жақтардың біреуі шын мәнісінде дұрыс білімге ие болады;
екі жақта ең анық, бірдей білімге ие және мұны дәлелдей алады;
ешқайсы тарапта анық ақпаратқа ие емес;
Тартыс мақсатына қарай былай жіктеледі:
аподиктикалық тартысқа: дұрыс шешімді табу нәтижесінде жаңа білім келіп шығады;
эвристикалық тартыс: әрбір тарап өз мақсатына бірін-бірі алдамай жетеді;
софистикалық тартыс:тараптар кез-келген тәсілменбасқа тараптың мақсат мүддесімен санаспай өзінің жеке мақсаттарына жетуге ұмтылады.
Дәлелдемеде қателіктерді жібермеуде мақсатты болған жағдайлар:
келіссөз жүргізудің дөрекі тәсілдері жайында қарсы сөйлеушімен ашық түрде талқылау;
істің мән жайын аңғаруға ұмтылу;
қате ойша тұжырымдау сипатын әдепті түрде түсіндіру;
«қарымта соққы» тәсілін пайдалану: қарсы сөйлеушінің дәлелдерін өзіне қарсы пайдалану;
қарсы сөйлеушінің бұрыстығын мойындатуға логикалық тәсілмен мәжбүрлеу;
қолда бар дәлелдердің барлығын бірден айтып салуға асықпау.
Еңбек психологиясында пікірсайыс таласқа қарағанда қайшылықтарды шешудің ең тиімді тәсілі болып саналады.
- Пікірсайыс — баспасөзде, жиналыста бір мәселені талқылау.
Сындарлы талқыға себеп болатын жағдайлар:
мәселе бойынша алғашқы жұмыстар;
жақтардың мүдделерін талдау;
талқыланатын мәселелердің тиімділігінің бағасының өзара келісуге боларлық белгілерінің шығуы;
талқыланатын мәселеге жандасудың бірлескен тұжырымдамасын жасап шығару;
мүмкін болған жағдайда екі жақта өз ұстанымдарының негізгі ойлары мазмұндалған мәтіндер түзу;
келіспеушіліктер көрсетілген мәселелерді талдау;таласта мүмкін болған ымыраға келу ұстанымдарын алдын ала белгілеу.
Белсенде түрде талқылау үшін қажет:
барлық қатысушыларға мәселенің өзектілігін айқынырақ көрсету;
көз жеткізуші дәлелдерді басшылыққа алу;
қарсылықты ығыстыру;
анықтаушы мәселелердің көмегімен қарсы сөйлеушінің белсенділігін марапаттау;