- Дауда өзін-өзі ұстаудың негізге стильдері:
конфронтация (қарсы тұру) — басқа тараптың мүдделеріне залал келтіре отырып өз мүдделеріне жетуге ұмтылу;
көндігі — басқа тараптың мүдделері үшін өз мүдделерін құрбан ету;
қашу —— өз мақсаттарына жету үрдісі мен бірлестікке ұмтылыстың болмауы;
бақталастық —— қарсы тарапқа міндетті түрде залал келтіру бағытқа алынбаған, өзара жарысты әрекет;
мәмле — өзара бір-біріне жол беру;
қызметтестік — екі тараптың да мүдделерін толық қанықтыратын шешімдер қабылдау.
- Дауды шешудің негізгі әдістері:
жұмысқа қойылатын талаптарды түсіндіру;
үйлестірілген және ықпалдастық механизмдер;
бірнеше жұмысшылардың әрекетінің бірігуін талап ететін жалпы ұйымдық кешенді мақсаттар;
сыйақылардың жүйелік құрылымы – осы арқылы салдардың алдын алу мақсатындағы адамдардың мінез-құлқына әсер ету.
Дауды басқарудың негізгі стратегиялары:
даудың алдын алу стратегясы:
даудың нақты предметін жою;
төреші ретінде тәуелсіз мүдделі емес адамды тарту және шешіміне бағынуға дайын болу;
дауласушы тараптың біреуі екіншісінің пайдасы үшін даудың предметінен бас тартқызуға қол жеткізу;
дауды басу стратегиясы қажет болған жағдайлар:
мақсатты түрде дауласушылар санын азайту;
бір-бірімен дауласушы адамдардың өзара қарым-қатынасын ретке келтіруші жөн-жосықтар, нормалар және ережелер жүйесін істеп шығу;
даулы өзара қарым-қатынастың келіп шығуына тосқауыл болатын жағдайлар жасау;
кейінге қалдыру стратегиясы. Мақсаты:
дауласушылардың біреуінің екіншісіне деген қатынасын өзгерту.
Қажет:
дауласушылардың біреуінің орны мен ролін басқасының ой-қиялында азайту немесе арттыру;
дауласушының даулы жағдай туралы ойын өзгерту.
Дауды шешудің негізгі принциптері:
түсіністік принципі — нақты мәселені сезіну, даудағы күштердің өзара қатынасын, даудың предметін сезіну; даукеш тұлғалардың білімі, даудың шығу жағдайындағы жақсы бағыт-бағдар.
Алдын ала болжау принципі — топтардың және әріптестрдің арасындағы дауды болжау және оған өз уақытында дайындық жасау.