Дау – дамай тудырушы тұлғалар сипаттары

  1. Дау – дамай тудырушы тұлғалардың сипаттары:

өзінің психикалық сипаттары бойынша өз серіктесінен қатты айырмашылықтары болады;

қарым – қатынастың психикалық мәдениетінің, жалпы мәдениеттің жеткіліксіздігі бойынша;

сол адамның дау – дамайлық жағдайының жалпы деңгейі.

Ф.М.Бородкин мен Н.М.Коряк дауды тудырушы (даукеш, жанжалкеш) тұлғалардың мынадай негізгі типтерін көрсетеді:

наразы типтің жанжалкеш тұлғасы;

ригидті типтің жанжалкеш тұлғасы;

басқарылмайтын тип;

өте дәл тип;

мақсатты тип;

«конфликтсіз» типтің даукеш тұлғасы.

  1. Наразы типтің жанжалкеш тұлғасы мынадай мінез – құлық ерекшеліктерімен сипатталады:

үнемі зейін орталығында болуды қалайды;

бақаларға болған қарым – қатынасы олардың өзіне қалай қарайтыны бойынша анықталады;

жанжалға тез барады;

рационалды мінез – құлық өте аз білінеді, эмоциялы — қызбалық — өте жоғары;

өзінің іс — әрекетін нашар жоспарлайды;

ауыр, жүйелі жұмыстан қашады;

даудан қорықпайды және өзін мұнда сенімді сезінеді;

ол жиі жанжалдың көзі болып табылады, бірақ өзін олай санамайды.

Ригидті типтегі жанжалкеш тип:

күдікті;

өзін — өзі аса жоғары бағалайды;

әрдайым өзінің жеке маңыздылығын құптауды талап етеді;

бірбеткей және иілмейді, нақты жағдайларды есепке алмайды;

біреудің көзқарасын зорға қабылдайды;

өте ренжігіш.

Басқаруға көнбейтін жанжалкеш тип:

қызба өзін нашар бақылайды;

болжап болмайтын мінез-құлық иесі;

жиі шамданады, өзін агрессивті ұстайды;

өз маңыздылығын құптауды үнемі талап етеді;

өзінің сәтсіздіктерінде басқаларды кінәлағанды жақсы көреді;

өз іс-әрекетін жоспарлай алмайды;

бұрынғы тәжірибелеріндегі қателіктерден сабақ алмайды.

Өте дәл типтің даугенді тұлғасы:

өз жұмысына асқан дәлдік иен қарайды;

өзіне жоғары талаптап қояды;

айналасындағыларға да өте талап қойғыш;

өте жоғары мазасыздануға ие;

ұсақ-түйектерге сезімтал, өте мән бергіш;

өзінің асқан дәлдігі мен күдіктілігінен зардап шегеді (ұйқысыздық, бас аурулары жиі мазалайды).

«Даусыз» типтің даукеш тұлғасы:

бағалауда және пікірлеуді тұрақсыз;

оңай иландырушылық қасиетке ие;

мінез-құлқы тиянақсыз;

берілген жағдайда бір сәттік табысқа бағдар жасайды;

лидерлердің пікіріне тәуелді;

ымыраға артықтау талпынады.

Тұлғаның мақсатты даукеш типі:

дауды өзінің мақсаттарына жетудің басты құралы ретінде қарайды;

дауды жиі өршітеді;

өзара қарым-қатынастарда қулық жасауға бейім;

дауда рациоаналды әрекетт жасайды, қарсыластарын бағалайды;

дауда мінез-құлық техникасын меңгерген;

  1. Даудың дамуына бейімделген типтік мінез-құлық реакциялары:

серіктесін бөліп жіберу;

жеке жаратпаушылық қасиетін саналы және санадан тыс көрсету;

ұсақ ілінісулер;

серіктесін кемсіту, серіктесін тұлға ретінде кемсіте бағалау;

серіктеске жаман пиғылмен айтылған күдік;

сұхбаттасының дұрыстығын немесе өзінің қателерін мойындауды қаламау;

үнемі өзінің көзқарасын қыстырмалау және серіктесіне қысым жасау.