Дау-дамай

  1. Дау – дамай — өзінің шешілуін талап ететін және оны жеңуге бағытталған белсенділікті келіп шығаратын адам үшін маңызды психологиялық мәселе ретінде қабылданатын қарама — қайшылық.

Дау – дамай -жақтардың (тараптардың) өзара әрекет процесінде келіп шығатын маңызды қайшылықтардың шешілуінің ең өткір тәсілі.

Дау – дамайдың негізгі функциялары:

белгілі бір психологиялық жүйенің (адамның, топтың, ұйымның, қоғамның), әлеуметтік субъекттің тіршілік әрекетіндегі проблемалар мен қайшылықтардың айқындалуы;

берілген әлеуметтік субъекттің (психологиялық жүйенің) қайшылықтары мен оның дамуының шешу жолдарын анықтау.

Дау – дамайдың басқа функциялары:

белгі беруші функция — дау – дамайды қоғамның белгілі бір жағдайының көрсеткіші ретінде сипаттайды;

ақпаратты функция — жүйедегі сәтсіздіктің себептерінің көрінуі және айқындалуы;

дифференциялаушы функция — әлеуметтік күштердің дауындағы әрекетке қатысушыларды қайта топтау мен қайта бағыттауды көрсететін әлеуметтік дифференциация процесі;

динамикалық функция — әлеуметтік прогреске мүмкіндік туғызу; мұнда дау жиналған қайшылықтардыңдамуының бастапқы нүктесі және оның шешу тәсілдері ретінде қаралады.

Дау – дамайдың объекті үш түрге бөлінеді:

бөліктерге бөліне алмайтын объектілер;

дау – дамайдың қатысушыларының арасында түрлі пропорцияларға бөліне алатын объектілер;

дау – дамайдың екі қатысушысы да бірге иелік ете алатын объектілер — «алдамшы дау – дамай» жағдайы;

Дау – дамай мынадай белгілермен сипатталады:

қайшылықтардың болуы;

қайшылықты жеңуге бағытталған белсенділік;

қайшылықты шешуді талап ететін маңызды мәселе ретінде түйсіну.

Дау – дамайдың негізгі элементтері:

инцидент (ақпаратты) — өзара әрекеттесуші субъекттердің ең болмаса біреуіне өз мүддесінің басқа қатысушылардың мүддесінен айырмашылығын көрсетуге көмектесетін жағдаят;

инцидент (әрекеттік) — бағыт-бағдар құндылықтары мен мүдделерінің әртүрлілігі үшін қарсы тұрушы әрекеттерді жариялау үшін сылтау;

дау — дамай жағдаяты — нақты бір уақыт кезеңінде даудың дамуы;

дау — дамайдың субъекті — индивид немесе индивид тобы болып табылатындаулы өзара әрекетке қатысушылар;

дау — дамайдың предметі — даулы өзара әрекеттер тудыратын айырмашылықтары бар, нақты мүдделер мен бағыт – бағдар құндылықтары.

Дау – дамайдың жағдаяттарын анықтайтыншарттар:

техникалық шарттар: топтағы лидерлер саны, топтардың ұйымдастырылуы мен бірігуі дәрежесі және т. Б,;

саяси шарттар: тәуелділік пен билік қарым-қатынастары арқылы анықталады;

әлеуметтік шарттар: топ ішіндегі коммуникация жүйесі, өзара түсіністік деңгейі;

психологиялық шарттар: дауласушы жақтардың тұлғалық ерекшеліктері.

  1. Дау – дамайлар жіктеледі:

қатысушылар саны бойынша — жаппай және жұп;

ұзақтығы бойынша — қысқа мерзімді және ұзаққа созылған;

көлемі бойынша — кең көлемді қамтитын, дауға кім қатыса алса, соның бәрі тартылады (барлық тұрғындар, ұйымның барлық жұмысшылар), және парциалды, дауға небәрі бірнеше субъект ғана қатысады (ұйымның екіжұмысшысының арасындағы дау);

даулар мәртебесінің ара қатынасы бойынша — вертикальді және горизонтальді;

танылу сипаты бойынша — іскерлік (көңіл көбірек кофликт предметінебөлінеді) және эмоциялық, бұл жағдайда даудың предметі қарсы тараптың жазғырулары, реніштері, шамданушылықтарына «батады»;

қарсы әрекет өріс алатын іс-әрекет немесе қарым –қатынас сферасы бойынша — өндірістік (іскелік, қызметтік), тұрмыстық, отбасылық, саяси, әскери, қылмыстық даулар;

жеңу үшін қажетті шарттары боынша — оңай шешілетін даулардан шешілмейтін дауларға;

салдарлары бойынша — асқынулармен және асқынуларсыз.

  1. Дау – дамайдың себептерінің түрлері:

әлеуметтік психологиялық себептер: топтағы, ұйымдағы кейбірадамдардың өзінің тұрмыс жағдайына қанағаттанбаушылығы;

моральдік – этикалық себептер: берілген топтар мен ұйымдардың құндылықтары мен қоғамдық нормаларын мойындамау;

ұйымдық сипаттағы себптер:қол астындағылар мен басшылардың өзара қарым – қатынасы мәселелері;ақпаратты факторлар бойынша даулардың себептері:

бір объект жайындағы толық емес дәйектер;

ақпаратты орынсыз жария ету;

еріксіз (немесе саналы) қате ақпарат;

құрылымдық факторлар бойынша даулардың себептері:

билік заңдылығы мәселелерінің екіұштылығы;

субординация мәселелерінің екіұштылығы;

меншік мәселеріндегі түсініксіздіктер;

дау – дамай факторларының құндылықтары:

топтардың мінез – құлықнормаларының бұзылуы;

кәсіби құндылықтардың бұзылуы;

қарым – қатынас факторлары:

арадағы бар қарым – қатынасқа қанағаттанбаушылық;

өзара қарым – қатынастар мақсатының сәкессіздіктері;

мінез – құлық факторлары біреудің мінез – құлқы біреудің қауіпсіздігіне қатер төндіреді, біреулер үшін ыңғайсыздық тудырады.

М.Х.Мескон, М.Альберт және Ф.Хедоурндар өндірістік, ұйымдық даулардың негізгі себептерін көрсетеді:

ұйымдағы ресурстардың (қаржы) бөлінуі мәселелері:

мақсаттардағы айырмашылықтар: ұйымның ішінде мамандандыру қанша көп болса, өзара түсініспеушілік те соншакөп болады, демек әрбір құрылымдық бөлімшелердің өз мүдделері болады;

құндылықтарды түсіну айырмашылықтары;

өмірлік тәжірибе мен мінез – құлық мәнеріндегі айырмашылық;

қызметтес тараптардың өзара түсініспеушіліктеріне алып келетін қанағаттанарлықсыз коммуникация.

Дауды реттеу мәнісі — тоғысқан мүдделерді көру және қанағаттандыру немесе оларды ажырату.

Реттеу мақсатындағы дауды талдау үшін құрылымды элементтер болып табылады:

жанжалдасушы тараптар құрамы және басқа қатысушылар ( жанашырлар, шағыстырушылар, жарастырушылар, кеңес берушілер, кінәсіз құрбандар және т.б.);

келіспеушілік аймағы — даудың предметі, дәйек немесе наразылық тудырушы мәселе;

әр бір қатысушыға жазбаша түрде жағдай жөнінде мәлімдеме жасалады;

мотивтер (саналы, санасыз, рационалды, иррационалды);

дауласушы тараптар әрекеті — бір мезгілде орындалмайтын мотивтер мен мақсаттардың нәтижесі, наразылықтардың болуы.

Реттеу процесінің басталуы үшін бір қатар принциптер мен шарттарды сабақтау қажет. Бұларға жатады:

  • реттеуге тараптардың өз еріктерімен қатысу принципі. Реттеу процесін қосуға немесе қолдауға мүмкіндік береді;
  • құпиялық принципі — ізгі қатысушылардың (ниеті түзу) дауды реттеу барсында және даудың жайылып кетпеуін қалайтын шарттары ретінде;
  • тараптардың белсенділік принципі — дауласушылардың шынайы мүдделеріне жетуге және сындарлы реттеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді;
  • делдалдың (медиатордың) бейтараптық және әділдік принциптері — реттеуге қол жеткізудің маңызды шарттары.

Дауды табысты реттеу ережелері:

  • дау жағдайының бар екендігін мойындау, оппоненттің (қарсы сөйлесеуші)дәйек және құдылық ретінде бар екендігін мойындау. Бірақ бұл олар тарапынан ұсынылған талаптардың мүлдем әділдігін мойындауды білдірмейді;
  • әр бір тараптардың қарсылық және келіспеушілік пен айырмашылық дәйектерін қабылдау;
  • сәйкес келмейтін мүдделердің мазмұны жайында анық бір көрініс болуы керек (мүдделердің екіұшты, араласқан мәні дауды реттеуге жинақталуға (бір тотамға келуге) мүмкіндік бермейді);
  • белгіленген жалпы мінез – құлық нормалары мен ережелерін қабылдауға тараптарды дайындау. Бұл нормаларды сақтау келіссөз барысында да, кейінгі жағдайларда да олардың арасындағы қарым – қатынасты қолду немесе сақтауды қамтамасыз етеді.

Конфликтолог даудағы келіссөз процесіне және делдалдыққа кіріспес бұрын мыналарды білуі қажет:

дауға тікелей кім қатысады (жеклеген адамдар, ұйымдар) және кім қандай жақтарды қолдайды;

дау — жанжал негізінде не жатыр, қарсы сөйлеушілерді не бөліп жатыр, олардың қандай талаптары бар және қарсы күрестің себептері қандай;

дау (оның тарихы) қайсы кезеңде тұр, реттеуге шара қолданылды ма, жоқ, әлде оған әрекет жасалындыма (егерде әрекет болған болса, оның орындалмауының себептері және қандай жақсы нәтижелер бар);

нақты жағдайдағы мүдделер, мәселелер, ұстанымдар мен ұсыныстар арасында қандай айырмашылық бар.

  1. Дау – жанжал динамикасында мынадай дәуірлер мен кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

объективті проблемалық жағдайлардың келіп шығуы:

өзара әрекет субъектінің объективті проблемалық жағдайды сезінуі;

бұл жағдайды жанжалсыз тәсілмен шешуге тараптардың әрекеті;

даудың алдындағы жағдайдың келіп шығуы;

инцидент — тараптардың алғашқы қақтығысы, мәселені өз пайдасына күшпен шешуге әрекет;

даудың ушығуы (эскалация) — қарсы сөйлеушілердің күресінің бірден қарқындылануы;

қарсы әрекетті баланстандыру — тараптар өзара әрекетті жалғастырады, бірақ күрестің қарқыны төмендейді;

даудың аяқталуы — даулы қарсы әрекеттен мәселенің шешімін қарастыруға және дауды бітіруге өту.