1.Адамның психикалық жай-күйі — адам мен сыртқы ортаның өзара қатынасы
қызметін атқарушы психиканың барлық құрамдас бөліктерінің жиынтығы.
Психикалық жай-күй былай жіктеледі:
созылу белгісі бойынша:
жетекші компоненттері бойынша;
олардың жалпы тонусының ынталы болудәрежесі;
сананың белсенді әрекет дәрежесі;
үстемдік етуші (тұлғаның) қасиеттері бойынша.
Психикалық жағдайлардың ұзақтық белгісі бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
уақытқа байланысты салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ жағдайлар — ұжымның жалпы психологиялық күйін көрсетеді;
уақытша, жағдаятты, жедел өтетін жағдайлар- жұмысшылардың өзара қарым-қатынасында немесе өндіріс процесіндегі болатын кемшіліктерден (ұрыс-керіс) келіп шығады;
еңбек әрекеті барысындағы жүйелі түрде пайда болып тұратын жағдай — жұмысқа бейімділік, жұмысқа төменгі дайындық, жоғары жұмыс қабілеті, қажу.
Жетекші құрамдас бөліктер бойынша психикалық жағдайлар топтарға бөлінеді:
эмоциялық, ерікті — ерікті күш салу жағдайы;
зейіннің жағдайы — шашыраңқылық, жинақтылық;
ойлау белсенділігімен сипатталатын жағдай — ойшылдық, шабыт, бір ойдың келуі.
Еңбек психологиясы үшін зорлану дәрежесі(напряжение) жағдайы үлкен маңызға ие. Бұл жағдай әрекеттің тиімділігіне әсер етеді.
Зорлану жағдайы бойынша психикалық жағдай мынадай топтарға бөлінеді:
интелектуалды зорлану — толып жатқан проблемалық жағдаяттарда интеллектуалды процестерге жиі бет бұру барысында туындайды;
сенсорлы зорлану — сенсорлы жүйенің әрекетінің үйлесімсіз жағдайларда қажетті информацияны түйсінудегі үлкен қиындықтары барысында пайда болады;
бір сарынды — зейін ауысуы мүмкін болмаған жағдайларда орындалатын әрекеттердің біркелкілігі барысында туындайды;
көп сарынды — күтілмеген бағыттарға зейіннің жиі ауысуы қажеттілігінде туындайды;
физикалық зорлану — адамның қозғалыс аппаратына өте жоғары күш түсуі барысында пайда болады;
эмоциялық зорлану — дау-дамай жағдайларында, апатты жағдайлардың болуының жоғары мүмкіндіктері туындаған жағдайларда пайда болады;
күтуден зорлану — әрекеттіліктің болмауы жағдайларында қызметші функцияларының әзірлігін қолдау қажеттілігінде туындайды;
мотивациялық зорлану — шешім қабылдау критерийлерін таңдау барысында туындайды;
қажу — ұзаққа созылған жұмыстан келіп шыққан жұмыс қабілеттілігінің уақытша төмендеуі барысында туындайды.
- Қажу жағдайы дегеніміз әр текті құбылыстар кешені.
Қажу жағдайы субъективтік жағынанпсихикалық жағдай ретінде, физиологиялық механизмдер және еңбек өнімділігінің төмендеуі жағынан қарастырылады.
Қажудың психологиялық көрсеткіштері:
әлсіздіктің сезілуі — сенімсіздіктен болатын жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі;
зейіннің бұзылуы — зейін солғын тартып, аз қозғалыста, тұрақсыз болады;
сезім аумағының бұзылуы — жұмысқа қатысқан рецепторлардың бұзылуының күтілуі;
моторлы (қозғаушы) сферадағы бұзылу — қозғалыстың баяулауы, ырғақтың бұзылуы;
ойлау мен естің ақаулары — зеректіктің төмендеуі, ақыл-ой бағытының төмендеуі;
еріктің әлсіреуі — табандылықтыңболмауы; төзім мен қайсарлық әлсірейді;
ұйқышылдық — қажытатын жұмыс барысындағы ұйқыға қажеттілік.
Бір сарындылық жағдай біртекті қысқа мерзімді операциялардың орындалуы бойынша еңбекпен байланысты.
Психикалық қанықтыру және бірсарындылық жағдай:
өзара бір-біріне әсер етеді;
олардың салдары жинақталған түрде адамның жай-күйіне әсер етеді;
?
Өндірістегібірсарындылықпен күресу жолдары:
қарапайым және бірсарынды операцияларды күрделірек және мазмұны бойынша әр түрлі операцияларға біріктіру;
операциялардың жүйелі түрде ауысуы;
операциялардың ортақтасуы;
операциялардың ырғағының жүйелі өзгеруі;
қосымша үзілісті кіргізу;
жанама қоздырғыштардың кіруі.
Эмоциялық напряжение екі түрлі формада көрінеді:
қозушы — жоғары қозғалыс реакциялары, беймазалық, сөзқұмарлық;
тежеуіш — әрекеттің ауырлауы, реакцияның бәсеңдігі.
Әрекеттің төтенше жағдайларындағы адамның мінез-құлқы жұмысқа психологиялықдайындығының нәтижесі мен көрінуі болып табылады.
Психологиялық дайындық топтарға бөлінеді:
күні бұрынғы, жалпы ұзақ дайынық;
уақытша, жағдаятты;
Дайындықтың уақытша жағдайы — бұл барлық күштің маңыздануы мен көндігуі;
Берілген сәттегі табысты әрекет үшін психологиялық мүмкіндіктердің жаратылуы.
Жағдаяттық дайындық — бұл адамның ширақ біртұтас жағдайы, барлық күші белсенді және мақсатты әрекеттерге жұмылдырылған.