- Ұжымның психологиялық климаты — эмоциялық жағдайлардың үстемдік етуші комплексі, іс-әрекеттің, қатынаcудың жәнеұжымның қарым-қатынастың бүкіл жүйесіне өтетін салыстырмалы түрде тұрақты эмоционалды күйге келтіру.
Психологиялық мықты коллективке тән сипаттар:
жоғары адамгершілікті атмосфера;
достық қалып;
парыз бен жауапкершілік сезімдері;
өзара қаталдық.
Үйренушіұжымның тіршілік әрекетінде эмоциялық жағдай мынадай қызметтер атқарады:
интегралды ( біріктіруші ) функция — коллективтің бірігуі;
ынталандырушы ( жандандырушы ) функция — коллектив мүшелерінің жалпы өмірлік тонусын көтеру, коллектив алдында тұрған міндеттерді орындауға жұмылдыру;
әлеуметтік – танымдық функция — өз еңбегінің нәтижелерін дұрыс бағалауға, жақсы сезінуге және шешілген, шешілмеген мәселелер мен сұрақтарды бөлуге көмектеседі;
тұрақтандырушы функция — ұжымдағы тұрақты психологиялық атмосфераны қалыптастыру, жаңа адамдардың бейімделуін маңызды түрде жеңілдету;
стиль жасаушы функция — солұжымның басқа ұжымдардан ажыратып тұратынөмірлік стилін анықтайды.
- Психологиялық климат мынадай категориялармен сипатталынады:
көіл-күй – жиі қайталанып тұратынұжымның жеткілікті дәрежедегі тұрақты эмоциялы жай-күйі;
күйге келтіру — ұжымдық өмірде жақында болып өткен немесе болатын оқиғаны
( жағдайды ) көрсететін, уақыттың белгілі бір сәтінде туындаған эмоциялық жағдай.