Қазіргі таңда туризмді жандандыру халықаралық деңгейде дамыған. Бүгінде туризм дүние жүзі бойынша мұнай мен автомобиль шығарудан кейінгі ең тиімді пайда табудың қайнар көзі болып отыр. Туризм ең жақсы дамыған елдер Испания, Италия, Франция болып саналады. Бұл елдерде туризмнен түсетін табыс, бюджетке түскен кірістің 55 пайызын құрайды. 1962 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік Туристік ұйым құрылған болатын, бұл ұйымның бас штаб пәтері Мадрид қаласында орналасқан. Қазақстан бұл ұйымға 2001 жылы мүше болды. 2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін Берлин, Лондон, Мадрид, Мәскеу, Утрехт қалаларында өткізілетін ірі халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге Қазақстанның жыл сайын қатысуы қамтамасыз етіліп келеді.
Экономика салаларының бірі және бірегейі ретінде туризм саласы да мемлекет тарапынан қолдауды және ең маңыздысы мемлекеттік-құқықтық реттеуді аса қажет етеді.
Қазақстан Республикасында туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері мыналар болып табылады:
- туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;
- Қазақстан Республикасы – туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының туристері мен туристік ұйымдарының және олардың мүдделері мен мүлкін қорғау.
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаттары, басым бағыттары және тәсілдеріне келетін болсақ , оның негізгі мақсаттары болып:
- азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп тұру құқықтарын қамтамасыз етуі;
- қоршаған ортаны қорғауы;
- туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасауы;
- саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамытуы;
- туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайтуы;
- халықаралық туристік байланыстарды дамытуы болып табылады
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің басым бағыттары:
- туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы ретінде қалыптастыру;
- туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау;
- балалардың, жасөспірімдердің , жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрісі төмен топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
- туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмімен және ішкі туризммен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;
Ішкі және халықаралық туризм қажеттерін қамтамасыз ету туристік қызметтің тиімді жүйесін құру болып табылады.
Туристік қызметті лицензиялау. Туристердің құқықтарымен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасында туроператорлық, турагенттік, қызмет, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтер лицензияланады. Туроператорлар мен турагенттер лицензия алу үшін туроператордың және турагенттің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуы қажет. Сақтандыру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.
1) Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын сот тәртібінсіз алты ай мерзімге дейін мыныдай негіздер бойынша тоқтата тұруға құқылы:
— туристік ұйымның туристік қызмет көрсету шарттары бойынша міндеттемелерін орындамауы, не тиісінше орындамауы (күнтізбелік үзіліссіз он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдай);
— лицензиар белгілеген нормативтерді және туристік ұйымдар орындауға міндетті басқа да нормаларды бұзу (күнтізбелік үзіліссіз он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдай);
— туроператорлық, турагенттік қызметті лицензия берген кезден бастап жеті ай өткен соң сәйкестік сертификаттарынсыз жүзеге асыру; сонымен қатар заңсыз көші қон мақсатында туроператорлық қызметті жүзнгн асыру;
— Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бұзу;
— берілген лицензияға негіз болған ақпараттың дұрыс болмауы.
2) Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндетттемелерді қоспағанда, туристік қызмет көрсетуге тыйым салуға әкеп соғады.
3) Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган лицензияны кері қайтарып алуды сот тәртібімен жүзеге асырады. Лицензияны кері қайтарып алу үшін мыналар негіз болып табылады:
— Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган белгілеген мерзімде лицензияның қолданылуын тоқтата тұратын себептерінің жойылмауы;
— Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
4)Туристік қызметке берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім атқарушы биліктің мүдделі органдарының назарына жеткізіледі және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган белгілеген мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
5) Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық атқарушы органның лицензияны тоқтата тұру туралы шешеіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
6) Лицензиялар, туроператорлар мен турагенттер туралы деректер туристік саланың мемлекеттік тізіміне енгізіледі.
«Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңы бойынша (15 бап) Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің нұсқаушылық қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.09.2001ж. № 1213 «Туристік қызметті лицензиялау тәртібі» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия туралы, туроператорлар мен турагенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізімге енгізіледі.
Туристік фирманың ұйымдастыру және басқару құрылымы компанияның міндеттері мен стратегиялары арқылы анықталады, бірақ әдетте жалпы жетекшілік жасайтын және фирманың жалпы стратегиясын жасайтын басшы, сонымен қатар маркетинг және жарнама, бухгалтерия, делдалдық операциялар бөлімдері болады.
Сурет 1 — Туристік агенттіктің ұйымдастыру құрылымы
Бірінші бөлім туроператорлармен келісім-шарт негізінде турларды жоспарлау және жүзеге асыру бойынша жұмыстарды атқарады. Әрбір маусымның басында маркетинг бөлімі беретін сұраныс пен нарықтың жағдайына қарай әр түрлі бағыттар бойынша топтарды жинау жоспары жасалады, ол сұраныс белгілі уақытқа жеке турларды беруі үшін туроператорға жіберіледі. Келісім-шарттарды қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың барлығы–топтарды қалыптастыру, жетекшілер мен гид-аудармашыларды іріктеу, визалық рәсімдеу және сақтандыру кезінде қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету де осы бөлімнің міндеті.
Фирманың жұмысын бақылауды бухгалтерлік бөлім жүргізеді, себебі ол бөлімге құралдардың есебі және қозғалысы және әр түрлі шаруашылық операциялардың жүзеге асырылуы жайлы ақпараттар түседі.
Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі ҚР Конститутциясында, ҚР Азаматтық кодексінде, 2001 ж. 13 маусымындағы № 211 – II (22.02.02 ж. № 296 — II өзгертулермен) «Қазақстан Республикасында туристік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында реттелген.
Туроператорлар турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық құқық сақтандыру келісім шартын бекітіп, он мың бір айлық есептік көрсеткішінен кем емес сақтандыру сомасын әкелуі керек.
Туристік индустрия субъектілердің қалыптасқан шаруашылық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты ұйымдастыру керек, қаржылық есеп берулерді пайдаланушыға уақытылы және шынайы жасап ұсынуы қажет, активтер мен тапсырмалардың жағдайы туралы мәліметтерді уақытылы алуы керек.
Туризм – Қазақстан Республикасы азаматының уақытша кетуі (саяхаты), шетелдік азаматтардың және тұрақты мекен – жайы мен азаматтығы жоқ тұлғалардың емделу, танымдық , кәсіби – іскерлік және т.б. сапарлары.
Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипаттарымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымнан құбылысқа айналып, маңызды қоғамдық-экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр.
Туристік демалыста қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туризмде пайдалы және қызықты не бар, ол құбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, адам мінез құлқының қай мотивтері бос уақытын өткізудің осы формасын таңдатады, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсер қандай – осы мәселелерді бүгін туризмология ғылымы зерттеп отыр.
Сонымен қатар, келесі жағдайды ескеру қажет. Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді падаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.