Кәсіптік қалыптасудың дағдарыстары

  1. Шетелдік психолог Г. Шихи ересек адамның дағдарыстарының мынадай негіздерін атап көрсетті:

„вырывания корней” дағдарысы (18-22 жас): Бұл кезеңде жас адам жиі өз пікірлерін, сенімдерін тексеру процесінде көп қиялға беріледі. Бір жағынан жас адам өзіндік жеке тұлға болуға талпынады, екінші жағынан — өзінің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз еткісі келеді;

„20 жастағы іздену” (23жас): есейген жас адам көбірек қажет болған нәрселерді істеуге талпынады.20 жастағылардың адасулары — олар жасаған таңдауларын кесімді деп сенуінде. Бұл дағдарыс кезеңіндегі негізгі түрткілер: қауіпсіздік пен жайлылықты дайын үлгі бойынша жарату; тәжірибе жасауға ұмтылу;

„30 жасты сезіну” әрекет (30жас):қоршаған ортаға жаңа көзқарас туындайды, бастапқы жағдайларына түзетулер жасайды;

„өмірдің ортасы” дағдарысы (35-37) — барынша ауыр, шекаралық дағдарыс: жастық сезімдерін жоғалту, физикалық күштің азаюы орын алады;

жаңару немесе бойсыну ( „ 45 мәселесі” ). Егер адамбелсенді позиция (ұстаным) танытса және алдыңғы дағдарыстарды оңай жеңе білсе 45 жаста тұрақтылық және қанағатшылдық сезімдері пайда болады. Егер адам өз жағдайына көндіксе, онда ол адамда бой ұсыну сезімі пайда болады. Ол жақында ғана жақсы қарым-қатынаста болған адамдар қолдауы мен қауіпсіздіктерінен айырылады. Достары есейіп басқа жақтарға кетеді, балалары өзіне жатқа айналады, мансап жәй бір жұмысқа айналады.

  1. Дағдарыстөмендегідей типтерібөлінеді:

жас кезеңдері дағдарысы;

кәсіптік;

өмірлік;

тұлғалық;

невротикалық (жүйкелік).

Әр түрлі типтегі дағдарыстардың өзара байланысының сызбасы:

нормативтік дағдарыстар:

— психикалық даму дағдарыстары;

— кәсіптік қалыптасу дағдарыстары;

нормативтік емес дағдарыстар:

— өте қиын жағдайлар (еңбек қабілетінен айырылу, ажырасу, жұмыссыздық,көші-қоны, еркінен айырылу);

— невротикалық дағдарыстар (ішкі жанжал) — барлық өмірлік дағдарыстар.

Э.Ф.Зеер кәсіптік қалыптасу дағдарыстарының мынадай негізгі факторларын бөліп көрсетті:

өз мәртебесі мен жағдайына қанағаттанбаушылық салдары ретіндегі ең нормативтік белсенділік;

адамның тіршілік әрекетінің әлеуметтік – экономикалық шарттары:

жұмыс орындарының қысқаруы;

кәсіпорындардың таратылуы;

басқа жаққа көшу;

психофизиологиялық жас өзгерістері:

денсаулықтың нашарлауы;

жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі;

жаңа қызметке кірісу;

кәсіптік әрекетке толық берілу;

тіршілік әрекетіндегі өзгерістер:

мекен-жайының өзгеруі;

жұмыстағы үзіліс;

қызметтік роман.

  1. Э.Ф.Зеер кәсіптік даму дағдарыстардың мынадай түрлерін атап көрсетті:

өте ауыр жағдайдың алдындағы саты: проблемалар барлық кезде анық білінбейді, бірақ жұмыстағы психологиялық жайсыздықта, ашуланған кезде, ұйымға көңілі толмаған жағдайда, еңбек ақысына және басшысына көңілі толмаған кезде көрінеді.

ауыр жағдайдағы кезең: жұмысшының саналы түрде қанағаттанбаушылығы:

жағдайдың өзгеру варианттары бірте-бірте белгіленеді;

кейінгі кәсіптік өмірдің варианттары қарастырылады;

психикалық зорлықтың күшеюі;

қайшылықтар бірте-бірте күшейе түседі және шиеленіс ұласады;

ауыр жағдайдан кейінгі саты: дағдарысты шешу тәсілдері түрлі сипаттарға ие: конструктивтік, кәсіптік-бейтарап, деструктивтік.

  1. Зеер кәсіптік қалыптасу дағдарыстарының мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетті:

Кәсіптік-оқу бағыты дағдарысы

Дағдарыстың келіп шығуына себепші факторлар:

кәсіптік мақсаттардың қалыптасуының және олардың іске асуының сәтсіз болуы;

„ Мен – тұжырымдамасының” қалыптаспауы және оны жөнге келтіру проблемалары — ойдың анық еместігі, „жақсы өмір сүруге”ұмтылыс пен ар-ожданарасындағы қарама –қайшылықтар;

кездейсоқ өмірдің тағдыр шешті сәттері — жасөспірім өте жаман әсерлерге берілген.

Дағдарысты жеңу тәсілдері:

кәсіптік дайындық тәсілдері немесе кәсіптік оқу орнын таңдау;

кәсіптік және тұлғалық өзін-өзі анықтауға терең және жүйелі көмек.

Кәсіптік оқу дағдарыстары

Дағдарысқа себепші факторлар:

кәсіптік дайындық пен кәсіптік білімге қанағаттанбаушылық;

алып барушы іс-әрекетті қайта құру — мектептегі шектеулермен салыстыру бойынша студенттің „еркіндікті” сезінуі;

өмірдің әлеуметтік –экономикалық жағдайларының өзгеруі.

Дағдарысты жеңу тәсілдері:

оқу әрекеттерінің мотивтерінің ауысуы: алдында тұрған практикаға үлкен бағдар жасау;егер ВУЗдағы студенттің қандайда бір идеясы, мақсаты болса, ол студент кең көлемдегі білімді оңай меңгереді;

мамандықты, кәсіпті, факультетті таңдауды ретке келтіру;

ғылыми жетекшіні, дипломды сәтті таңдау.

Кәсіптік экспектациялар дағдарысы (әлеуметтік-кәсіптік жағдайларға бейімделудің сәтсіз тәжірибесі)

Дағдарысқа себепші факторлар:

кәсіптік бейімделудің қиыншылықтары;

жаңа жетекші әрекетті меңгеру;

нақты іс-әрекет пен кәсіптік күтілген жағдайлардың сәйкес келмеуі.

Дағдарысты жеңу тәсілдері:

кәсіби күш жұмсау белсенділігін арттыру;

еңбек мотивтерінің реттелуі -осы ұйымдағы еңбектің мәнін және жұмыс мәнін іздеу;

жұмыстан кету, мамандық пен кәсіптің ауысуы — жағымсыз тәсіл.

Кәсіби өсу дағдарыстары (23-30 жас)

Дағдарысқа себепші факторлар:

Мансап пен қызметтің мүмкіндіктеріне қанағаттанбаушылық;

келешекте біліктілікті арттыру қажеттіліктері;

семья құру және қаржы мүмкіндіктері нашарлауының қашып құтыла алмайтын жағдайдары;

Дағдарыстан шығу жолдары:

біліктілікті арттыру, өз бетінше білім алу және өз есебінен білім алу;

мансапқа бағыт-бағдар — жас маман өз бетінше бар болмысынан да жақсы болуға талпынысын көрсету қажет,

бұл кезеңде жұмыс орнынын, әрекет түрін ауыстыру мүмкін жағдай, өйткені жас жұмысшы өзіне және айналасындағыларға бейімделудің алғашқы қиыншылықтарын жеңуге қабілетті екендігін дәлелдейді;

әуесқойлыққа салыну, отбасы мен тұрмысқа беріліп кету негізгі жұмыстағы сәтсіздіктердің өтемі болып табылады, бірақ бұл дағдарыстан шығудың ең тамаша тәсілі бола алмайды.

Кәсіптік мансаптың дағдарысы (30-38)

Дағдарысқа себепші факторлар:

кәсіптік жағдайдың тұрақтануы;

өзіне және кәсіптік мәртебесіне қанағаттанбаушылық;

„Мен- тұжырымдамаға” тексеру жүргізу (қайта қарап шығу) — өмірдегі өз орнын және өзін ой елегінен өткізу;

кәсіптік құндылықтардың жаңа доминантасы — еңбек процесі мен мазмұнындағы жаңа мән;

Дағдарыстан шығу жолдары:

жаңа қызметке, жұмысқа ауысу, бұл жаста өзіне қызықтырушы ұсыныстардан бас тартпаған жөн;

біліктілікті арттыру және жаңа мамандықты меңгеру;

отбасына, тұрмысқа берілу, әлеуметтік оқшаулау;

эротикалық оқиғаларға бет бұру — кәсіптік негізсіздігінің өтемақы варианты.

Әлеуметтік-кәсіптік өзін-өзі маңыздандыру дағдарысы (38-55)

Дағдарысқа себепші факторлар:

пайда болған кәсіптік жағдаяттарда өзін көрсету, таныту мүмкіндіктеріне

қанағаттанбаушылық;

құндылығы маңызды ортаның өзгеруіне байланысты „Мен-тұжырымдамасын” түзету;

өзіне, өзінің әлеуметтік-кәсіптік мәртебесіненаразылық;

психофизиологиялық өзгерістер мен денсаулықтың нашарлауы;

кәсіптік деформацияға ұшырау -ұзақ созылған жұмыстың салдары.

Дағдарыстан шығу жолдары:

іс-әрекетті атқарудың инновациялық деңгейіне өту; ең нормативті әлеуметтік-кәсіптік әрекет; жаңа қызметке, жұмысқа ауысу;

кәсіптік позицияны ауыстыру, жаңа отбасы құру.

Кәсіби әрекеттің сөну (азаю) дағдарысы (55-60 жас)

Дағдарысқа себепші факторлар:

зейнеткерлікке шығудың және жаңа әлеуметтік рольдің күтілуі;

әлеуметтік кәсіптік алаңның тарылуы: жұмысшыға жаңа технологиялармен байланысқан тапсырмаларды аз мөлшерде жүктеледі;

психофизиологиялық өзгерістер мен денсаулықтың нашарлауы;

Дағдарыстан шығу жолдары:

әрекет белсенділігін бірте-бірте арттыру;

прцесте тек ғана қоғамдық ұйымдар емес, сонымен қатармамандардың да қатысуы шамаланған, тіршілік әрекетінің жаңа түріне әлеуметтік – психологиялық дайындық.

Әлеуметтік психологиялық тепе-теңдік (65-80 жас)

Дағдарысқа себепші факторлар:

басты ерекшелігі бос уақыттың көп болуы болып табылатын тіршілік әрекетінің жаңа тәсілдері,;

қаржы мүмкіндіктерінің тарылуы;

әлеуметтік-психологиялық қартаю — шектен тыс әдепке үйретушілік, ақылгөйлік және уайымшылдық;

кәсіптік теңдіктің жоғалуы;

өмірге деген жалпы қанағаттанбаушылық;

өзін „қажетсіз” сезіну;

десаулықтың бірден төмендеуі.

Дағдарысты жеңу тәсілдері:

зейнеткерлерге әлеумттік –эконмикалық өзара көмек ұйымдастыру;

қоғамдық пайдалы еңбекке тарту;

әлеуметтік-психологиялық : саяси акцияларға қатысу, әділдік идеялары мен қысым көрген өз құқықтары үшін күресу;

әрекеттің әлеуметтік пайдалы жаңа түрлерін меңгеру.