- Қалыптасқан немесе төселген кәсіпқойдың іс-әрекетінің тұлғалық стилі – ішкі немесе сыртқы жағдайларда адамның ең үздік мақсаттарға жету үшін жұмсаған күш-жігерінің нәтижесінде жинақталған, іс-әрекеттің бейімделген салыстырмалы түрде тұрақты ұйымдастырылуы.
әрекеттің тұлғалық стилінің жақсаруына ұсыныстар: адам өзінде кәсіпқой ретінде нені өзгерткісі келеді — өзін-өзі реттеудің тәсілдерін, өнімнің жоғарғы талаптарын білу, өз ұжымындағы адамдары өте жақсы білу.
- Еңбек әрекетінің тұлғалық стилінің мынадай белгілері берілген:
нақты адамның жұмысының өзіндік жақтарының айқындалуы:
ортадағы бағдардың кең көлемділігі немесе қысқалығы;
жиі немесе сирек ағымдағы бақылау;
предметтік, әлеуметтік немесе өзінің жай-күйіне бағдар жасау;
орындалатын істің ағымы — асығыстық немесе баяулық;
жиі байқау мен түзету немесе орындау дәлдігі, қарқындылық, байсалдылық немесе басқа да байқау нәтижесінде алынған ерекшеліктер;
әрекет нәтижелері — орташа сападағы көп өнім немесе , керісінше , аз ,бірақ сапасы жоғары;
бақылаудағы стилдің себептері:
ішкі жағдайлар аумағында — психикалық қабаттың тұрақты ерекшеліктері,хабардар болду, тәжірибе, дағдылардың, өзін-өзі реттеу тәсілдері болуы;
сыртқы предметтік жағдайлар аумағында — өнімнің жақсы үлгілерінің болуы немесе болмауы, құрал-жабдықтардың, материалдардың болуы немесе болмауы;
сыртқы әлеуметтік жағдайлар аумағында — тәжірибе алмасу дәстүрлері, еңбекке қатысушылардың, әріптестердің топтарының ұйымшылдығы немесе бөлектенуі, тұлғааралық қатынастардың ерекшеліктері;