Еңбек субъекті ретінде адамның даму

1.Тұлғаның өзін тануының даму кезеңдері шартты түрде былай ажыратылып көрсетіледі:

меңгеру шамасы;

„тұлғаның әлеуметтік қабатының” қалыптасуы;

„тұлғаның рухани орталығының” қалыптасуы.

Ресейде кеңінен танылған Е.А. Климов тарапынан ұсынылған еңбек субъекті ретінде адам дамуын кезеңдерге бөлу төмендегідей:

бірінші кезең (туылғаннан 3 жасқа дейінгі) : адамның әрі қарай дамуы мен еңбекке деген қатынасының негізі болып табылатын түйсіну, қозғалу, сөйлеу, адамгершілік құндылықтар мен мінез-құлқының қарапайым ережелерін меңгереді;

ойын кезеңі (3жастан 6-8 жасқа дейін) нақты мамандықтармен танысу, адам әрекетінің мәнін меңгеру жүзеге асады;

оқу әрекетін меңгеру кезеңі (6-8 жастан 11-12 жасқа дейін) өзін-өзі бақылау, талдау, өз әрекетін жоспарлау қабілеті функциялары қарқынды дамиды.

„оптация” кезеңі (лат. Оptatio — тілек, таңдау), (11-12 жастан 14-18 жасқа дейін) : өмірге ,еңбекке дайындық, кәсіби жолды саналы және жауапкершілікпен жоспарлау және таңдау; кәсіби өзін-өзі анықтау жағдайындағы адамды оптант деп атайды;

адепт кезеңі (жақтаушы): көбіне мектеп бітірушілерге қатысты кәсіби дайындық;

адаптант кезеңі: бұл бірнеше айдан екі-үш жылға дейін жалғасатын кәсіптік оқуды бітіргеннен кейінгі кәсіпке кірісу кезеңі.

интернал кезеңі: қалыпты деңгейде тұрақты жұмыс істеу қабілеті бар толыққанды әріптес ретінде кәсіпке кірісу;

шебер кезеңі: жай және жақсы жұмысшылар арасынан ерекше бөлініп шыққан ең жақсы жұмысшы;

абырой кезеңі: жұмысшының шеберлер арасында ең жақсы жұмысшы болуы;

тәлімгер кезеңі — кез-келген маманның еңбегінің ең жоғарғы деңгейі: өзінің ең үздік тәжірибесін оқушыға бере алу және оларға өз кәсіби шеберлігін көрсете білу қабілеті бар жұмысшы ұстазға айналады.

  1. А. К. Маркова мынадай кәсіби деңгейді ажыратып көрсетеді:

кәсібилікке дейін: адам жұмыс істейді, бірақ өз ісінің шебері болып жетілмеген;

кәсібилік емес: сырттай қарағанда іс-әрекеті жеткілікті түрде белсенді, бірақ соның өзінде адам жұмысында „ақау” жібереді немесе жеке тұлға ретінде кері кетеді;

кәсібилік: адам – кәсіпқой, демек жүйелі түрде жұмыс істеп, не талап етілсе соның бәрін орындайды;

супер кәсіпқойлық: шығармашылық, жеке бастың дамуы, кәсіби жетістіктер шыңы;

кәсібиліктен кейін: адам бұрын кәсіпқой болған болуы мүмкін, сонымен қатар басқа мамандарға тәлімгер, кеңесші, ұстаз бола алады.

А. К. Маркова сонымен қатар кәсіпті меңгерудің мынадай кезеңдерін бөліп көрсетеді:

адамның кәсіпке бейімделуі;

адамның кәсіптегі өзіндік маңыздылығы;

адамның кәсібмен үйлесуі;

өз кәсібінің иесі ретінде адамның қайта жаңаруы және баюы;

бірнеше кәсіпті еркін меңгеру, маман өз ісінің аясынан шығып, тәлімгер болады;

жеке тұлға ретінде өзін-өзі шығармашылық жағынан анықтау: кәсіпқой өз ісінде өмірлік басты идеясын іске асыруға ұмтылады және сол үшін мүмкіндік те табады.