- Еңбек — қоғам мен жеке адамның қажеттілігін қанағаттандыруүшін қажетті материалдық және рухани игіліктерін жаратуға бағытталған саналы іс-әрекеттері.
«Еңбек әрқашан адам өмірі мен мәдениетінің негізі болған. Сондықтан да ол тәрбие істеріндегі негізгі элементтерінің бірі болуы қажет»
А.С. Макаренко.
Еңбек дегеніміз алдымен адам мен табиғат арасындағы процесс, мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп, бақылап отырады. Табиғат затына адамның өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды иемдену үшін алам өз тәнінің табиғи күштерін қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға кеолтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам сонымен бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттері өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады”
К.Марк
Еңбек — адам өмірінің негізі.
Еңбексүйгіштік пен еңбекке деген қабілет адамның табиғатынан берілмейді, бірақ
Сонау ерте балалық шақтан бастап тәрбиеленеді. Еңбек шығармашылыққа бай болуы керек, себебі шығармашылық жұмыс адамды рухани байытады.
Еңбек адамды шынықтырады. Сонымен еңбек адамға қуаныш сыйлап, бақыт пен ырыс әкелуі кеерек. Және соныменбірге еңбек адамдардың бірін-бірі тануына көмектеседі.( Курстық жұмыс )
Еңбек маңыздылығының мынадай негізгі белгілері бар:
еңбек — өмірдегі басты іс;
өмірдің негізі және жеке тұлға түйсігінің негіздері;
кәсіптің жағдайы мен беделі;
қажетті кіріс;
еңбекпен қамту;
қызықты әлеуметтік байланыстар;
қоғамға қызмет ету тәсілдері;
тұлғалық даму тәсілдері.
- Жаңа технологияның енгізілуіне байланысты өндірістің дамуында еңбек маңыздылығы мәселелерін зерттеу міндеттері пайда болды. С. А. Куантанилла мен Б. Вилперт еңбекті ұйымдастырудың әр түрлі деңгейлеріндегі жаңа технологиялардың өзара байланысының көрінісін реттеп берді.Олар:
жекеше деңгей — жаңа технологиялардың келіп шығуыеңбекті құрамдастыру мүмкіндіктерінің келіп шығуына және әр түрлі жұмысшылар орындайтын жеке жеке тапсырмаларды бір іс-әрекетке біріктіруге алып келеді;
топтық деңгей — компьютердің пайда болуы өз ара іс-әрекеттерді стандарттауға және тиісті болған шектеулерге алып келеді. Компьютерлендіруәлеуметтік қарым-қатынастардағы тұлғалық факторлардың әлсіреуіне себепші болды;
ұйымдастырушы деңгей — көп нәрселер жаңа технологияның ендірілуіне тәсілдеріне байланысты, және сонымен бірге қызметкерлер арасындағы,адамдар мен компьютерлер арасындағы еңбектің бөліну дәрежесіне байланысты болады;
әлеуметтік деңгей — жаңа технологиялар өндірістің көтерілуіне себепші болады, ол еңбектің субъективтік маңыздылығының азаюына алып келеді.