- 1. Кәсіптік әрекеттегі негізгі стимулдар мен түрткі беруші белгілердің мынадай түрлері атап көрсетіледі:
кез-келген ынталандыру әрекеттері өте мұқият үйренілуі қажет, әсіресе кім басқалардан талап етсе, алдымен солар тарапынан;
адамдарға жұмыстан рахат таба білу, риза болу, нәтижелер үшін жауап беру, іс-әрекеті біреулер үшін маңызды болғандықтан да адамдарменістесу өте маңызды;
әр бір адам өз жұмыс орнында неге қабілетті екндігін көрсетуге бейімделген;
кез-келген адам еңбек процесінде өзін көрсетуге, өз нәтижелерінде өзін тануға тырысады;
әрбір адам өз қабілетіне сай марапатталуы қажет;
адамдардың жағдайларының жақсаруына қызғушылық таныту өте маңызды;
әрбір жұмысшыға ұжымдағы өзінің маңыздылығын бағалай білуге мүмкіндік берілуі қажет.
- Тәжірибе — кәсіптік іс-әрекеттің түрткілерін үйренудің басты жолы.
Тәжірибе арқылы зерттеу барысында мақсаттың сыртқы жағдайлармен шектелгендігін әділ есепке алып, зерттелуші түрткінің әсерін күшейту және басқа ілесуші жанама немесе бәсекелес түрткілердің әсерін азайту қажет.
Зерттеу нәтижесінің сәттілігі үшін зерттелушіге сондай жағдай жасалуы қажет, ол өзінің ауызша есеп беруі арқылыіс-әрекеттерінің мотивтеріне төрелік етіп жатқандығын сезбеуі қажет. Зерттелушіге тәжірибешіге деген сенім атмосферасын және олардың арасында жақсы байланыс орнату да тәжірибенің жақсы нәтиже беруіне себеп болады.