- Негізгі кәсіптік маңызды қасиеттердің мынадай түрлері атап көрсетілген:
- жеке – типологиялық қасиеттер;
- сенсорлық – перцептивті;
- зейінділік;
- психомоторлық;
- мнемикалық (есте сақтау);
- ерікті.
Сезімталдылық (сенситивность) дегеніміз сыртқы ортаның әр түрлі қоздырушылары әсерінен түлі жағдайларда туындайтын жалпы салыстырмалы түрде тұрақты тұлғалық ерекшелік.
Сезу процестерінің ерекшеліктері:
анализаторлардың сезімталдығының сипаты — сезу және ажырату жылдамдығы нерв процестерінің қозғалғыштығына және тепе-теңдігіне байланысты;
анализаторлардың сезімталдық деңгейі — сезімталдық деңгейінің тұрақтылығы нерв процестерінің күшіне, олардың қозғалғыштығы ментепе-теңдігіне байланысты.
Әрекеттің сенсорлық негізін қалыптасқан сенсорлық және перцептивтік дағдылар,
әр түрлі анализаторлардың абсолюттік және айыру сезімталдығы құрайды.
Сенсорлық мәдениеттің маңызды компоненті -бұл білім менойлау арқылы түйсінудің мақсатты бағытталған әрекетін бақылау мәдениеті.
Кәсіптік маңызды зейіннің қасиеттері:
зейіннің қарқынды шоғырлануы;
зейіннің тұрақтылығы;
зейіннің ауысуының жылдамдығы;
зейіннің бөліну көлемі.
- Тұлғаның жеке – типологиялық қасиеттерінің ерекшеліктері.
Тұлғаның жеке – типологиялық қасиеттері еңбек жолы барысында аз өзгеріске ұшырайды және барынша тұрақты болған қасиеттерге жатады. Бір қасиеттің өзі жақсы және жаман жағынанда көріне алады. Нерв процестерінің әлсіздігі жұмыс істеу қабілетінің төменгі шегін және сол мезетте жоғарғы сезімталдықты көрсетеді (анықтайды). Нерв процестерінің салғырттығы (баяулығы) жүйке әрекеті жылдамдығының аз мөлшердегі көрсеткіштерінде көрінеді.
Мақсатқа жету әрекетінің табысты орындалуы үшін ұмтылған адам бойында жинақталған, типологиялық ерекшеліктермен шектелген жүйені іс — әрекеттің даралық стилі деп атайды.
Әрекеттің даралық стилінің ішіндегі негізгісі — бағыттаушы және атқарушы әрекеттердің өзара байланысы. Кейбір жағдайларда ойластырылған әрекет жоспары оның орындалуына дейінгі процесте өңделіп жасалынады, ал орындау процесінде шамалы ғана өзгеріске ұшырайды. Бұл жағдайда бағыттаушы әрекет негізінен атқарылу процесіне дейін жүзеге асырылып, содан кейін ғана атқарушы әрекетпен байланысады. Басқа жағдайларда ойластырылған әрекет жоспары оның орындалуына дейін құрылады. Ол үлгі (сызба) негізінде құрылып, орындалу процесінде біраз өңделіп өзгеріске ұшырайды. Бұл жағдайда бағыттаушы әрекет негізінен атқару әрекетімен байланыса отырып бір мезгілде орындалады.
Еңбектің әр түрлі процестерінде зейін бөлінуінің мынадай ерекшеліктері болады.
Зейін бөлінуінің бір ерекшелігі түйсік процесіне қанша орган қатысуына байланысты. Қажетті информацияны түйсінуге қаншалық көп орган қатысса, зейін алаңында объекттер саны соншалықты көп болады.
Зейін бөлінуінің басқа бір ерекшелігі:көптеген объекттер арасынан зейін бөлінуін қажет ететін әрекеттің орындалуы барысында, оның белгілі бір объекттерге шоғырлану дәрежесі уақыт ағымымен өзгеріп отырады. Оның бұлай өзгеріп отыруы берілген объектке сол немесе басқа уақыт бөлігінде қандай мән берілуіне байланысты.
Зейіннің дұрыс бөлінуі үшін мынадай ережелерді сақтау қажет:
маңыздылығы аз объектілерге қарағанда зейінді маңыздылығы молырақ объетілерге ауыстыру қажет;
зейіннің ауысуының дұрыс қарқынын орнату қажет: жылдам темп жұмысшыны тез шаршатады, ал өте баяу ауысу барысында жұмысшы маңызды болған өзгерістерді өткізіп алуы мүмкін.
Кез келген еңбек әрекетіне әрекеттер жүйесі енгізілген.
Әрекеттер еңбектің кез-келген түрінде әр түрлі сипаттарға ие. Психомоторлы әрекеттерге ( сонымен бірге сенсорлық және ақыл-ой ) тән сипаттар:
мақсаттылық;
еңбек объектінің ағымдағы жағдайына әрекеттің ағымдағы құрылысының теңдігі;
әрекеттің еңбек құралдарына байланыстылығы ( жұмысшы әрекетініңсипаты тікелей еңбек құралдарына байланысты болады );
Психомоторлы сипаттамалар қозудың, тежелудің ширақтығымен және ширақтық балансымен байланысты болады.
Еңбек әрекетінің табысты болуы үшін мынадай мнемикалық (есте сақтау ) қасиеттердің мәні зор.Олар:
естің көлемі;
есте сақтау жылдамдығы;
меңгерілген материалды сақтау беріктігі;
қайта жаңғыртудың дәлдігі мен жылдамдығы;
қажетті уақытта естің материалды тез қайта жаңғыртуға дайындығы.
Негізінде кәсіптік әрекет оперативтік еске, әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағыныңқы және мазмұнымен байланысқан функцияға сүйенеді.
Есте сақтау уақыты мен қайта жаңғырту әрекет шарттарымен қатаң түрде шектелген.
Оперативтік және ұзақ мерзімді естердің мынадай өзара байланысы болады:
оперативтік ес ұзақ мерзімді еспен тығыз байланысты. Ол әрекеттің басқа түрлеріне өңделген түрлі әдістер мен есте сақтау тәсілдеріне сүйенеді;
ұзақ мерзімді ес оперативтік естің ішінде қалыптасқан есте сақтау тәсілдері мен амалдарын қолданады;
оперативтік ес ұзақ мерзімді есте сақталып жатқан мәліметтердің бір бөлігін пайдаланады;
оперативтік ес өзі әрқашан ұзақ мерзімді еске жаңа мәліметтің қандай да бір бөлігін беріп отырады.
Оперативтік естің қызмет ету механизмі — берілген әрекетке қызмет етуші жүйкелік байланыстардың жинақталған жүйесі.
Тұлғаның еріктіқасиеттері:
мақсаттылық;
табандылық:
батылдық және қайсарлық;
талаптылық және дербестік;
ұстаным және өзін-өзі билеу.
Ерік қасиеттерінің мәні еңбек сипатымен, кәсіптік ортаның ерекшеліктерімен және ерекше қиындықтарымен анықталады.
Еріктің айқындалуының ерекшеліктері:
басып өткен өмір жолының қайталанбауымен шектеледі;
адамның тұлғалық өзіндігінен туындайды;
тұлғаның бағыттылығымен, адамгершілік принциптерімен, жеке – типологиялық ерекшеліктерімен, әрекет стилімен және ерік қасиеттерінің қалыптасқан құрылымдарыменбайланысты.
Ерікті өзін -өзі ұйымдастыру тәсілдері әрекеттің және спортшыныңжағдайының реттелуіне, күшті үнемдеуге, зейінді аударуға және ауыстыруға, идеомоторлы дайындыққа, қозғалыс техникасына шоғырлануға, тыныс алуды реттеуге бағытталған.