- Е. А. Климов «профессия» ұғымына мынадай түсінік береді:
бірдей өмір салтын ұстанған және ұқсас мәселелермен айналысатын адамдар
қауымы ретінде;
жеке тұлғаның іс-әрекеті менайқындалу аумағыретінде;
тарихи дамушы жүйе ретінде;
еңбек субъекті тарапынан шығармашылықпен қалыптасқан нақтылық (ақиқат) ретінде.
Көптеген кәсіптер мамандықтарға бөлінеді. Мамандық — еңбектің түрлі салаларға бөлінуінен келіп шыққан, адамның физикалық және рухани күш-жігерін жұмсайтыншектелген бір сала.
- Профессиография — кәсіпті зерттеудің негізгі әдісі.
Профессиография кәсіптік еңбектің нақты бір түрінің міндеттері мен мақсаттарын; еңбек процесінің жекеленгенкезеңдерінің орындалуының ұйымдастырылуын және шарттарын; кәсіптің психо-физиологиялық жүйесін зерттейді.
Профессиография көмегімен профессиограмма мен психограмма түзіледі.
Профессиограмма — кәсіп туралы және адамға қойылатын кәсіби талаптар жүйесі туралы білім жайындағы мәлімет.
Психограмма — адам психикасына қойылатын талаптарды анықтау мақсатындағы әрекетке психологиялық талдау жасау.