1.Кәсіби өзін — өзі анықтау — адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі мен бағытын ұғынуы.
Кәсіби өзін — өзіанықтаудың басты ( ізгі ) мақсаты — адамдағы өз даму келешегін өз бетінше саналы түрде жоспарлауға және оны іскеасыруға деген іштей дайындықтың бірте – бірте қалыптасуы. ( Ізгі мақсат деп аталу себебі бұл мақсатқа қол жеткізу өте сирек кездеседі ).
Кәсіби өзін — өзі анықтаудың міндеттерінің негізгі топтарынаақпаратты-анықтамалық немесе ағартушылық, диагностикалық ( өзін — өзі тануға жәрдемдесу), моральді – эмоциялық ( таңдауда, шешім қабылдауда көмек көрсету) міндеттері жатады.
Адам өзі көп жағдайда өзін-өзі кәсіби анықтай алмайды, сондықтан ол кеңесшінің көмегіне жүгінуіне тура келеді.
Кеңесші мен клиенттің қатынасы барысында кәсіби өзін — өзі анықтау мәселелерін шешу күрделілігінің мынадай деңгейлері болады:
проблема клиент қатысуынсыз шешіледі — клиент пассивті позицияны ұстанып, таңдау субъекті болмайды;
проблема клиентпенбірлесе отырыпшешіледі — диалог, өзара әрекет, бірлесе жұмыс істеу;
клиенттің өз проблемаларын өз бетінше шешуге дайындығының бірте – бірте қалыптасуы — клиент нағыз субъектке айналады.
- Кәсіби өзін — өзі анықтаудың негізгі белгілері.
Формализация — кәсібилікдипломдарда, сертификаттарда, еңбек кітапшасында, еңбекнәтижелерінде жәнет. б. көрінеді.
Қолайлы жағдайлар — әлеуметтік сұраныс, талапқа сай ұйымдар, құрал – жабдықтар және т. б.
Е. А. Климов кәсіби өзін -өзі анықтаудың гностикалық және практикалық деңгейлерін ажыратып көрсетті.
Гностикалық деңгей дегеніміз сананы және сана сезімді қайта құру.
Практикалық деңгей — адамның әлеуметтік мәртебесінің нақты ( шынайы) өзгеруі.
- Жандандырушы әдістеменің басты сипаттамалары:
әдістемеде қаралатын мәселелердің өзіндік маңыздылығы;
көрсетілген әдістеме процедурасына клиенттердің өз еркімен қатысуы;
әрекет жоспарының екіжақтылығы:
бір жағынан — нақты әрекеттер жоспары;
екінші жағынан — ойдан шығарылған әрекеттің жоспары;
клиентпен бірлесе отырып кәсіби бағдар проблемаларын қарап шығуды ұйымдастыру. Бұл ұйымдастыру жұмыстың ортақ мақсатын белгілейді, атап көрсетілген проблемалар мен мақсаттарды шешу үшін жалпы әдіс-тәсілдерді қолдануды болжайды.