Ресейдегі еңбек психологиясының тарихы

1.Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ХIХ – ХХ ғасырлар шекарасындағы ерекшеліктері (Е. А. Климов және О. Г. Носкова):

капитализмнің дамуы өндірістегі бақытсыз оқиғалардың өсуімен бірге жүрді. Адам мен еңбектің бір біріне сай болу мәселелері келіп шықты;

өндірістің техникалық жабдықталуының тез өсуі адам мен техниканың сай болуын анықтауды талап етті. Жұмысшылардың кәсіби-техникалық дайындықтары мәселелері туындады;

ұжымдар санының өсуіөндірісті басқару мәселелерін туындатты.

А. Климов және О. Г. Носкова ХIХ – ХХ ғасырлар шекарасында Ресейдегі еңбек психологиясының мынадай даму кезеңдерін атап көрсетті:

еңбек саласына жобалаушы жандасуларда еңбектің субъективті факторларының есебінің идеялары:

өндірістегі еңбек тәсілдерінің техника-психологиялық жобалау — бұл еңбекті ұйымдастырудың интуитивті әдістерінен олардың ғылыми негізделуіне бірте-бірте ауысуы: А. Шевелев алғаш рет «еңбек қауіпсіздігі техникасы» терминін ұсынды;

ауылшаруашылығы техникасының сараптама процедурасыарқылы ауылшаруашылығы еңбегінде адам мен техниканың ерекшеліктерінің үйлесімділігі идеялары. ХIХ ғасыр соңына қарай жетілген сараптамалардың мәні — өндірісте жұмысшыларды бақытсыз жағдайлардан алдын ала сақтандыру;

әуеде ұшуда адам мен техниканың сай болу идеясы: 1804 ж. Я. Д. Захаров өзінің әуе шарымен ұшу барысындағы бақылаған көңіл күйін суреттеп берді; «өзін-өзі бақылау» әдісі жасап шығарылды және т.б.

темір жол транспорты жүйесіндегі техника-психологиялық жобалау. Апаттарды болдырмау мақсатында темір жол жұмысшыларын бақылаудың түрлі құрылғылары жасап шығарылды; жол оқиғаларын талдау үшін «семафорлардың қайталаушылары» жасап шығарылды және т.б.;

еңбек шарттары мен режимдерін жобалау идеялары. 1907 жылы үзілістер санын көбейту ұсынылды (түскі үзіліске қосымша ретінде – таңертеңгі және кешкі); ғимаратты жарықтандыру мен желдетуді жетілдіру, жұмыс орнын (паровоз будкасын) жетілдіру ұсынылды ж.т. б.;

ұйымдастырушылық-психологиялық жобалау идеялары.Жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын көтеру үшін сақтандыру қоғамының ұйымдары ұсынылды; мүгедек жұмысшыларды материалдық сыйақымен қамтамасыз ету; кәсіпкерлердің жұмысшылардың мүгедек болып қалғаны үшін жауапкершілігі туралы заң шығару ж.т. б.

адамдардың кәсіби жарамдылығын болжау және бағалау идеялары:

адамды жұмысқа іріктеу барысында еңбектің субъективті факторларының есебі. А.Ф.Лазурский көрсетті: адамды іріктеу идеясы — адамгершілікке жатпайды , бастысы адамның еңбек процесінде дамуын қамтамасыз ету (1916);

адамның кәсіби жарамдылығын бағалаудың бірнеше процедураларын қолданған еңбектің субъективті факторларының есебі: Ресейде алғашқы медициналық куәландыру 1847 жылға тиісті; 1895 ж. бу машинасымен жұмыс істейтін персоналға жүргізілген сынақтар жайындағы мәселелер көтерілді; 1909 жылы Н.Мельников темір жол жұмысшыларын сынау процедураларын ұсынды;

адам үшін кәсіпті, жұмысты таңдау (іріктеу). Ресейде 1917 жылға дейін «отбасылық кәсіпті» жалғастыру дәстүрі қатаң сақталып келді. Адамдардың кәсіп таңдаулары шектеулі болды;

жұмыс іздеуші адамдарға көмек мәселесі мына бағыттар бойынша шешілді: «жұмыс іздеу» мемлекеттік қызметі, жастарға кәсіптік оқу орнын таңдауда көмек беру; азаматтық парыз жолымен «борыш» идеясының дамуы

еңбектің субъективті факторларының қалыптасу және жобалау идеялары:

кәсіби әрекетті танымдық құрастырушылардың қалыптасуы;

еңбектің орындаушы құрастырушыларының қалыатасуы;

жұмысшының тұлғалық қасиеттерінің жетілуі;

жұмысшының өзін-өзі басқаруына байланысты еңбектің жақсаруы ;

еңбек саласында қызмет көрсетуші зерттеулер (психологиялық аспект):

С.М.Богословский 1913 ж. «Кәсіптік жіктеу жүйесі» кітабында өндіріс пен кәсіпшіліктің 703 түрін реттеп көрсетті;

Москвадағы Педагогикалық музейдің базасында «жасөспірімдерді тану бөлімі» ұйымдастырылды;

Көптеген Ресейлік зерттеушілер (И.И.Рихтер, Н. А. Шевалев ж.т.б.) адам машина емес , ол санамен басқарылатын әрекет субъекті екендігін ерекше атап өтті; алдыңғы планға жұмысшының тұлғалық қасиеттері қойылады;

Д.И.Журавский мен И.И. Рихтер шаруашылық саласын «қоғамдастық» ретінде қарап шықты: үздік техник жаман әкімші болуы мүмкін; ірі өндірісті ұйымдастыру барысында есеп қажет: адамдардың қабілеттіліктері, кәсіби дайындығы, еңбек мотиві және т.с.

Жұмысқа қабілеттілік және еңбектегі қажу мәселлерін зерттеу. 1909ж. А.Л.Щеглов жаңа «эргометрия» (адамның жұмыс қабілеттілігін зерттеу) бағытын ұсынды. Өткен ғасырдың басында И.Н.Спиртов тәжірибе жүзінде музыка мен түс сезімдерінің бұлшық ет қызметіне әсерін зерттеді;

И.М.Сеченов еңбек әрекетінің ерікті реттеу механизмдерін өзінше былай түсіндірді: «орталық тежелу» ми орталықтарының организмнің қозғалыс белсенділігіне әсерін ұстап тұруға мүмкіндік жасайды. Адам еркіндікке бейімделген, әсіресе бұл адамгершіліктің ең жоғары принциптеріне қатысты болса;

К.Д.Ушинский еңбек туралы былайдеп ой түйді: отбасы және мектеп тәрбиесінің басты мақсаты — «баланы еңбекке тәрбиелеу»; рухани жан-дүниесінің тұрақты (бірқалыпты) ауысуына ұмтылу — терең психологиялық заңдылық; адамның базалық ұмтылысы — әрекет үшін тіршілік ету және т.с.

2.Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек процесін зерттеу мына бағыттар бойынша жүргізілді:

Психологияны жасыру (бүркеу) техниаксында қолдану (Б.М.Теплов — «Соғыс және техника», «Ақ халат» және б.);

Жауынгерлердің көру және есту сезімталдықтарын көтеру мәселелері: К.Х.Кекчеев — «Түнгі көру» (Ночное зрение) жұмысы;

командирлер мен жауынгелердің моральдік-ерікті қасиеттерін, тұлғалық рольдерін зерттеу — Н.Д.Леитовтың «Жауынгердің еркі мен мінезі», М.П.Феофановтың «Батылдық пен ержүректікке тәрбиелеу» жұмыстары және басқалар;

әскери ұшқыштарды дайындау — И.Н. Шпильрейн әріптестерімен бірге 1934 ж. әскери ұшқыштар дайындау жүйесін жасап шықты;

операциядан кейінгі қайта қалпына келтіруші еңбек терапиясының психологиясы: Геллерштейн әдісі.

Соғыстан кейінгі кезеңде азаматтық шаруашылық өмірдің қажеттіліктері есепке алынып қолданбалы психология дами бастады.

1957 жылдан бастап еңбек психологиясығылымның ресми мәртебесіне ие болды (еңбек психологиясы бойынша өткізілген жиыннанкейін Е.В. Гурьяновтың «Еңбек психологиясының жағдайы мен міндеттері» бағдарламалық баяндамасықолдау тапты).

Баяндамаларды талдау негізінде қолданбалы психологияның Халықаралық қауымдастығы конгресінде қазіргі заманғы еңбек психологиясының дамуының негізгі бағыттары белгіленді

Қазіргі уақытта ұйымдастырудағы еңбек туралы және жұмыс істеуші адамның өзі туралы білімдерді біріктіруші «ұйымдастыру психологиясы және еңбек психологиясы» терминдері кеңінен тараған.