Ертедегі және феодализм дәуіріндегі еңбек туралы ұғымның дамуының бастапқы кезеңі

  1. Ертеде және феодализм дәуірінде еңбек туралы білімдер мынадай жазбаша емес тәсілдермен назарға алынған:

мифологиялық білім:

көп құдайлар еңбек әрекетімен байланысты болған (жүзім, егін шаруашылығы құдайлары);

еңбек құралдарын табиғаттан тыс тылсым күштермен байланыстырған;

ертегілер, аңыздар, ырым дуалары:

шебер- Марья образы;

Василиса сұлу образы.

бейнелеу тәсілдері: жануарлар бейнелері (аңшылық объекті), аңшылық құру сценалары;

өлеңдер мен ырғақтар — адамның еңбектегі жай-күйін басқару құралы; ырғақ өндірістік әрекетте және одан тыс жерде ерекше көңіл-күйді жаратудың маңызды шарты ретінде қаралады;

халық мақал-мәтелдері:

«Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ» — еңбектің міндеттілігін дәлелдейді;

« Бақыттың кілтіеңбекте» — еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы;

«Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды» — еңбек өнімсіздігін қаралау және т.б.

Барлық мифтер мен мақал-мәтелдердіңмәніеңбеккедеген құрметке тәрбиелеу.

  1. Еңбек туралы ұғымға идеологиялық және діни тұжырымдамалар да әсерін тигізді:

қазіргі заманғы европа-америкалық мәдениет көп жағдайда реформация идеяларына негізделген:

жұмысшы өзінің еңбектегі ролін жоғарыдан берілген борыш (құдайдан) деп сезінеді;

өте ынталы орындау міндеттері қызметтік борыш ретінде қаралады.