Ювенильді немесе ойын кезеңі тек жоғарғы омыртқалылардың балаларында ғана бақыланады. Жануарлар үшін осы кезеңнің рөлін түсіндіретін әртүрлі концепциялар бар. Олардың ең кең тарағаны Г.Спенсердің концепциясы болып табылады. Ол конципция ойын іс-әрекетін «артық энергияларды» шығындау ретінде қарастырылады. Бұл конципция ары қарай «вакумдық белсенділік» туралы ойларда дамыды, оған мысал Лоренц келтірген «бос әрекеттер» (негізгі тітіркендіргіштердің болмаған кезеңіндегі инстинктивті қозғалыстар) болады, бірақ ол олардың арасында болатын мәнді айырмашылықтарды да көрсеткен.
К.Гроостың конципциясы ойын іс-әрекетіне өмірлік іс-әрекеттердің ерекше маңызды сфераларындағы жаттығулар ретінде «қызметтік» түсіндіру береді. Оның артынан Л.Морган ойынды – іс-әрекеттің өмірлік маңызды сфераларындағы тәуелсіз жаттығу мүмкіндігі ретінде қарастырған болатын.
Голландиялық зоопсихолог Ф.Бойтендийк ойын тек эмоциялық күй үшін ғана маңызды, ал инстинктивті қозғалыстар жаттығуларға тәуелсіз жетіледі деп пайымдаған болатын.
Ойын негізгі инстинктивті әрекеттер орындалмайтын кездерде орын алатындығы маңызды болып табылады.
Темброктың пікірі бойынша ойын особтың альтернативі жүріс-тұрыстарын үлкейтеді. Ойындық жүріс-тұрыс үшін ізденіс фазасы және өзінің жеке негізгі тітіркендіргіштері болады. Ойын биологиялық нейтралды заттарға бағытталған және ойын әрекеттері көп рет орындалады. Темброк ойын әрекеттерін өз бетінше мотивациялық миханизмдері бар өздігінше ерекше инстинктілерге жатқызады. Оған жауап ретінде швейцариялық ғалым Г.Хесстің мәліметтерін келтіреді.
А.Д.Слоним ойын іс-әрекетін постнаталды кезеңінің белгілі-бір мезгілінде табалдырық жанындағы сыртқы тітіркендіргіштермен (t-ның өзгеруімен немесе ішкі стимулдармен) инстинктивті реакциялар туындатылатындығымен және ойында көрінетін «спонтанды» іс-әрекеттің инстинктивті формаларының шексіз ерте фиксациясына кедергі жасайды және ортаның қзгермелі жағдайларына бейімделуді дамытады деп есептеген.
Торн ойынды дағдыларды жинақтау үшін және қоршаған әлемме,н танысу үшін жасалатын жаттығулар ретінде қарастырған. Ол заттармен манипуляция жасауға ерекше мән берген.
Г.Бингхемнің шимпанземен жүгізген эксперименттерін ойынды жыныстық жүріс-тұрыстың қалыптасуы үшін қажетті жағдай ретінде анықтады, ао Г.Харлоудың бақылаулары ойындар маймылдарды болашақ тобырлық өмірге дайындайтығын көрсетті.
К.Э.Фаби басқа ғалымдарға қарағанда ойынды даму барысындағы іс-әрекет ретінде, онгенездегі жүріс-тұрыстың дамуының ювенильді формасы ретінде қарастырған болатын. Ойын – бұл үлкендердің жүріс-тұрысының «үлгісі» емес, ол өзінің құрылу үрдісіндегі сол жүріс-тұрсытың өзі болып табылады. Туа берілген негізгі іске аса отырып, ойын жүріс-тұрыстың инстинктивті компоненттерінң дамуы үшін қызмет атқарады.
Ойын кезеңінде қозғалыс белсенділігінің жетілуі өтеді. Ойындағы манипуляциялаудың жаңа формаларды бұрынғы, бірақ қызметтік күшейтілген және кеңейтілген моторлық элементтерден тұрады. Жануарлардың өмір сүру жағдайымен ойынның арнайы шарттанғандығымен бейнеленеді. Ойын барысынба қарым-қатынастың дамуы. Айтылып өткендей, ойын үрдісінде топтық жүріс-тұрыстар қалыптасады. Бірлескен ойындар тек топтық жүріс-тұрыстың формалары дамыған жануарларда ғана кездеседі. Бірақ қарым-қатынас рәсімденген жүріс-тұрыстарда да және өзара стимулдандыруларда да (аллеломиметикалық жүріс-тұрыс) қалыптасады. Жоғарғы жануарлардың ойындарында олардың өмір сүруінің ерекшеліктері көрінеді және олар заттармен де, оларсыз да орындала береді. Ойындық сигнализацияға әртүрлі позалар мен дене қозғалыстары енеді. Мысалы, ойынға шақыру (қырындау) және ойындағы жүптардың әрекеттерінің сәйкестілігі, сонымен қатар ойын күресінің «қатал» бастауын тоқтататын сигналдар, яғни – «тыныштық орнату» позалары сияқты жүріс-тұрыс болады.
Бірлескен ойындар особтың үлкендік жүріс-тұрысы үшін үлкен мәнге ие. Бірлескен ойындардың жоқ болув тіпті толық жыныстық жетілуден кейін де және агрессивті сипатқа ие болуы мүмкін балаларына қалыпты емес реакцияларда да инфальтильді жүріс-тұрыстың сақталуында көрінеді. Бұл әсіресе, бұзылулары жыныстық және аналық жүріс-тұрыстарда көрінетін маймылдарда ерекше байқалады. Егер жауарда ойын бойынша жұп болмаса, оны адам өте жақсы алмастыра алады.
Ойынның танымдық қызметі жануарлардың қоршаған орта туралы әртүрлі ақпараттарды жинақтауында болып табылады. Ойынның зерттеу іс-әрекетімен байланысты көптеген ғалымдар айтқан болатын (О.Келлер, Гроос, К.Лорнц және басқалары).
Биологиялық нейтралды заттармен манипуляция жасау мәнді болып табылады. Бұл бейімделу-зерттеу іс-әрекеттінің жоғарғы формасына жатады.
Туа беріген тану негізгі тітіркендіргіштерді танудың алғышарты болып табылады. Мысалы, мысықтың баласында кішкентай, дөңгеленген және қозғалатын зат сияқты өзінің жемі туралы туа берілген елестер болады және ол ойын жолымен «тышқанды тануға» үйренеді. Онтогенез барысында жануардың танымдық іс-ә рекеті біршама кеңейеді және күрделене түседі, қызметтері кеңейеді (жаңа қозғалыстардың пайда болуы).
Ойындарда ең алдымен қозғалыстық-сенсорлық координациялар (көзбен өлшеу), жалпы физикалық ерекшеліктер (икемділік,күш) дамиды. Тамақтану, қорғану және шабуыл жасау, көбею сияқты қызметтік сфераларындағы жүріс-тұрыстың белгілі-бір элементтері жаттығады, қарым-қатынас құралдары жетілдіріледі және дамытылады, ұрпақтарымен қатынас орнатылады (кейде иерархиялық).
К.Э.Фабри жас маймылдардан қарапайым ойындардағы үстіртін танысуға қарағанда, заттардың қасиеттерін жағдайлық және тереңдетілген зерттеумен сипатталынатын жоғарғы қатардағы ойынды бақылаған. Объектілердің ішкі құрылысын зерттеу (деструкция) ерекше мәнге ие болады. Жануар потенциалды пайдалы «білімдердің» үлкен қорын жинақтайды. Жоғарғы қатардағы ойындар тек жалғыз-жалғыздан ғана орындалады.