Жүріс-тұрыстың онтогенез мәселесі. В.А.Вагнердің айтуы бойынша, мынадай екі әдісті қолдаған жағдайда ғана зерттеу ғылыми болып табылады, олар: онтогенетикалық және филогенетикалық әдістер. Олар бірге биогенетикалық әдісті құрайды. Жүріс-тұрыстың онтогенезі мәселесі, бұл жүріс-тұрыста қайсысы туа берілетіндігі, ал қайсысы жүре қалыптасатындығы туралы сұрақ болып табылады. Осылайша, онтогенез мәселесі инстинкт пен үйренуді сәйкестердіру мәселесімен бірігеді. Бұл мәселені қоюдың басынан бастап-ақ үлкен особтың жүріс-тұрысында туа берілген және өмір сүру барысында жинақталған компоненттер айқасып келетіндігі айқын болады. Бірақ мәселе олардың сәйкестенуін индивидуалды даму барысында зерттеу болып табылады. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары ғалымдар осы мәселені бір жақты шешуге бірнеше рет талпыныс жасады. Сонымен Г.Е.Когхилл, Цин-янг Куо және В.М.Боровский жүріс-тұрыстағының барлығы қолайлы жүре жинақталған болып табылады депесептеген. Куо тіпті «тұқым қуалаушылықсыз психология» туралы жазды.
Мәселені қазіргі кездегі түсіну олардың диалектикалық бірліген баайланысты, яғни дамушы организмнің алғашқы қызметтік күйлерінің сандық қайта құрылуының нәтижесінде сапалық жаңасының қалыптасуы. Л.В.Крушинскийдің «унитарлы реакциялар» туралы тезисі пайда болды, ол-шартты және шартсыз рефлекстер біріктірілген жүріс-тұрыстың бірыңғай, біртұтас актілер.
Зоолог Б.С.Матвеев организмнің қоршаған ортамен өзара қатынасына талдау жасап, онтогенездің ерте кезеңдерінде морфоқызметтік сферада болатын ұзаққа баратын бейімділік қайта құрудың мүмкін екендігін анықтады. Онтогенездің барысын анықтайтын маңызды сәт жануардың жетіліп туылу деңгейі болып табылады. Онтогенездің саналуандығын бұдан да жақсырақ жануарлардың әртүрлерінде бақылауға болады, мысалы, ұрықтық формалардың болуына немесе болмауына тәуелді (омыртқасыз жануарларда).
Сонымен қатар, жоғарғы омыртқалыларда онтогенез барысында ойын кезеңі байқалады. Австриялық ғалым К.Фриш, ойын кезеңінің жәндіктерде болмауы және оның жоғарғы омыртқалыларда жәндіктерде болуы олардың арасында мәнді айырмашылықтың болатындығына нұсқайтындығы және жәндіктерде жүріс-тұрыстың тұқым қуалау арқылы берілген формаларының, ал жоғаргы омыртқалыларда индивидуалды тәжірибенің басым болатындығына дәлел болатындығын көрсетті.
Жануарлар онтогенезінің кезеңдері:
- пренатальды кезең (туылғанға дейін),
- постнатальды кезең (туылғаннан кейін);
- ювенильді немесе ойын кезеңі.
- Туа берілгендер мен жүре қалыптасқандар. Осы кезеңде эмбрион болашақ қозғалыс актілерінің элементтері болып табылатын қозғалыстарды жасай бастайды. Олар әлі қызметтік мәнге ие бола алмайды, өйткені жануарлар әлі ортамен контактіге түспейді. Этолог А.Д.Слонимнің зерттеулері бойынша ұрықтың қозғалыстары бұлшықеттік іс-әрекетпен байланысты физиологиялық үрдістердің координациясына әсер етеді.
П.К.Анохиннің жүйелік генез концепциясы бойынша «Қызметтердің дамуы жеке мүшелерде үнемі бір фрагменттің екіншісімен сәйкестігінде және үнемі жұмыс жасайтын жүйені соңғы жасау қағидасы бойынша өтеді».
Эмбрионалды жетілу және эмбриональды тәжірибе мәселесін қарастырайық. Американдық ғалым Цин-янг Куо ұрықтың қозғалыстарын болашақ мүшелер ұрығының жаттығулары ретінде қарастырады. Қозғалыстық қызметтердің дамуы мен жетілуі, оның пікірі бойынша, соның арқасында жұмыртқадан шыққан балапанда өмір сүруге бағытталған реакциялар жиынтығы болатын , «эмбриональды тәжірібиені» жинақтау жолымен өтеді. Инкубацияның үшінші тәуелігінде-ақ бастың кеудеге қарайғы және одан артқа қарайғы қозғалыстарды пайда болады, ал тағы бір күннен кейін бас жан-жаққа бұрыла бастайды және осы жаңа қозғалыстар алдыңғыларын ығыстыра бастайды. Бұның себебі мойын бұлшықеті өсуінен артта қалуы, яғни Куо бойынша, — «анатомиялық фактордың» әсер етуі.
Жүріс-тұрыс эмброгенезінің тұқымдық негізі жаңадан туылғандардың жүріс-тұрысы бірден «дайын түрде», алдын-ала болатын «эмбриональды үйренусіз» көрінген кездегі жағдайларда айқын көрінеді. Бұл жаңадан туылғандардың емшек іздеу және сору қозғалыстары, дыбыстық реакциялары және т.б.
Бұның барылығы – эмбрионалды жаттығусыз қызметтердің пренаталды жетілуінің нәтижесі болып табылады. Тектік бағдарламалардың рөлін көрсететін мысал ретінде кегруды алуға болад, оның ұрығы жағымсыз гидротаксистерді пайдалана отырып, анасының құрсағынан шыққан кейін бірден анасының қалтасына кіріп алады.
Толыққанды үйрену эмбриогенездің тек аяқтаушы кезеңдерінде ғана кездеседі, сондықтан «эмбрионалды үйрену» ұғымын «эмбрионалды жаттығу» ұғымымен алмастырған жөн.
Л.Кармайкл қызықты эксперимент жүргізді. Ол амблистоманың (құйрықты амфибия) эмбрионын, оның өсуіне кедергі жасамайтын, бірақ қозғалуға мүмкіндік бермейтін, ацетон-хлороформның ауыртқызбайтын қосындысында өсірді.
Бұдан кейін осындай жануарларда, даму барысындағы арнайы жағдайлардың болуына қарамастан, локомоторлы қабілеттіліктер қалыптыға сәйкес болды. Ол жүзеге деген қабілеттіліктің қалыптасуы эмбрионалды үйренуді қажет етпейді, ол анатомиялық дамуға тәуелді болады деген қорытынды жасады.
Сенсорлық қабілеттіліктер мен қарым-қтынас элементтерінің пренаталды дамуы. Сенсомоторлы белсенділік-бұл бірыңғай үрдіс болып табылады., бірақ эмбрионалды кезеңде қозғалыстық компонент алғашқы болып келеді және эндогенді негізде пайда бола алады. Эмбрионның дамуы мен оның рецепторлары қалыптасуының шамасы бойынша өзіндік стимуляция формасында көрінетін (дененің бір бөлігі екінші бөлігіне тиеді, сөйтіп екіншісінің қозғалыстық белсенділігін туындатады) сенсорлық стимуляция біршама көп мәнге ие болады.
30-жылдардың бас кезінде Д.В.Орр мен В.Ф.Уиндл спонтанды қозғалыс белсенділігемен қатар қозғалыстың рефлекторлық жүйесі де дамитындығын көрсетті. Мысалы, тактильдік тітіркендіргішке жауап ретіндегі қанаттың қозғалысы. Олар тауықтың эмбрионында нервтік жүйенің моторлық құрылымдары сенсорлықтан бұрын пайда болатындығын, ал сыртқы тітіркендіргіштерге алғашқы реакциялар спонтанды қозғалыстардан кейінгі тек 4-ші күні ғана пайда болатындығын анықтады.
Көру мен есту эмбриогенездің соңғы кезеңдерінде ғана пайда болады. Мысалы, есту мүшесі инкубацияның 14-19шы күнінен кейін қалыптаса бастайды, бірақ қатты шыққан дайыстарға реакциялар 5-ші күннен бастап-ақ байқалады. Осы кезде күшті жарықтық әсер етулерге де реакцияларды туындатуға болады. Жарық пен дауыс бұл кезеңде, оптикалық немесе дауыстық ақпараттарды тасмалдаушы ретінде емес, бұлшықеттерге немесе теріге әсер ететін физикалық агенттер ретінде ғана қабылдана алады. Американдық ғалым Г.Готтлибтің мәліметтері бойынша, биологиялық белсенді сигналдармен (мысалы дауыстармен) әсер ету эмбрионның сезім мүшелерінің дамуына жағымды әсер ете алады.
Эмбриогенездің соңғы кезеңдерінде есту мүшесі ата-аналық особтың дауысын ажырату үшін қажетті даму деңгейіне жетеді. Мысалы, қайраның балапаны жұмыртқаны жарып шыққанға дейін 3-4 күн бұрын ата-анасының дауысын ажырата алады. Егер аудиотаспаға әртүрлі үлкен особтардың дауысын жазып алсақ. Онда жұмыртқадан шыққаннан кейін балапандар «ата+аналық особқа» бағытталуды тыңдайды. Ата-анасының дауысын тану ата-ана мен балапанның дауыс шығару ырғақтарының сәйкестігінің негізінде іске асатындығы анықталды: балапанның іздегеніне жауап ретінде жұмыртқа юасып отырған құс аздап көтеріледі, жұмыртқаның орнын ауыстырады және өзі дауыс шығарады. Яғни эмбрионның кинестикалық түйісінуі акустикалықпен сәйкестенеді (Б.Чанц). шын мәніндегі эмбрионалды үйренудің (шартты рефлекторлы жолмен) нәтижесі дамудың пренаталды кезеңінде-ақ индивидуалды тану болып табылады. Осылайша, эмбрион мен ата-аналық особтың арасында алғашқы коммуникация жасалынады.
Көріп отырғанымыздай, эмбриогенезде тектік шарттанған компоненттердің дамуы жолымен жаңадан туылғанның жүріс-тұрыс элементтерінің қалыптасуы негізінде, сондай-ақ эмбрионалды тәжірибені жинақтаудың негізінде постнаталды өмірге дайындық өтеді.
Бірақ эмбрионның негізгі сыртқы әлеммен байланысы тек анасының организмі арқылы ғана іске асады және дамуының құрсақ ішіндегі кезеңінде сүтқоректі психикасының дамуы үшін үлкен мәнге ие бола алмайды. Эмбрионның психикасы-бұл қалыптасу үрдісіндегі психика болып табылады. Эмбрион – бұл әлі толыққанды жануар емес, ол қалыптасып келе жатқан организм. Толыққанды өмір сыртқы ортамен белсенді өзара әрекеттестіксіз мүмкін емес. Эмбриогенездің барысында осы өмірге тек дайындық жүреді. Эмбриогенездің ерте кезеңдерінде психикалық бейнелеудің (психика элементтерінің бастапқы формасы) алғышарттары қалыптасады. Тек эмбриогенездің соңында ғана сыртқы әлеммен байланыстырады орнатуға мүмкіндік беретін мүшелер мен мүшелер жүйесі қалыптасады және психикалық бейнелену туындайды.
Сонымен қатар, жұмыртқаның ішіндегі әлі жарып шықпаған балапандардың арасында да акустикалық қарым-қатынас болады, бұл жұмыртқадан жарып шығу үрдісіне әсер етеді. Жұмыртқадан шығудың нәтижесінде бір мезгілде жуықтап алғанда бір сағатта өтеді. Эксперименталды тұрғыдан бұл эффект инкубацияның біршама ерте кезеңіндегі жұмыртқаларды жұмыртқадан шығудың алдында ғана тұрған балапандар бар жұмыртқалардың жанына қосып жолымен дәлелденді, бұл «артта қалғандардың» жұмыртқадан шығуын бірнеше сағатқа жеделдетуге алып келді.