Жүйке жүйесі эволюциясының келесі кезеңі ган- (белгілі нүкгелерге топтасқан) жүйке жүйесінің пайда болуымен (ең алдымен-күрттарда) байланысты. Мұңдай жүйке жүйесі жоғары омыртқасыздарда, соның ішінде жән-діктерде, күшті дамыды. Ганглиоздық жүйкенің туындауы және оның көмегімен күрделі әрекет-қылықтардың қалыптасуы -тіршілік эволюциясыңдага өте маңызды ілгерілеу болды.
Енді қарапайым омыртқасыздардың (қүрт) өздерінде-ақ, өткен кезеңмен салыстырғанда, жүйке жүйесінің түбегейлі басқа құрылым принципін байқауға болады. Химиялық және сезімдік (тактилдік) қабылдағыш (рецепторлар) жүйке талшықтары жәндіктің бас жағында топтасқан, олар арқылы жәндік химиялық, жылу, жарық өзгерістерін және сыртқы ортадағы дымқылды қабылдайды. Бұл сигналдар бас жүйке нүктесінде (ганглий) өңделіп, осыған байланысты әрекет-қылық «бағдарламасы» дененің әр бөлігінде жайласқан жүйке тізбектері бойынша жайылады. Бұл арада торлы (диффуздық) жүйке жүйесінен мүлде басқаша жаңа принцип іске қосылып, жүйке жүйесі бір орталыққа бағынышты болды. Осыдан құрттың бас үшы енді жетекші роль атқарып, оның басқа мүше бөлектеріндегі ганглийлер (жүйке тал-шықтарын біріктірген нүктелер) салыстырмалы, біршама дербестігін сақтайды. Мұның делелі: егер қүртгы екіге бөліп тастасақ, оның бас бөлігі өзінің бір тәртіпті қозғалысынан жаңылмай, топырақты үңгумен болады, ал қалған бөлігінің әрекетінде ешбір мән болмайды (әншейін қыбыр).
Жәндік-құрт деңгейіндегі жүйке құрылымының күрделенуі бұрынғылармен салыстырғанда жетіліңкіреген, бірақ өте қарапайым әрекет-қылықтардың жаңа түрлерін пайда етті, сонымен бірге, бұрыннан қалыптасқан. Дағдыларды сақтап түру мүмкіндігіне ие болды, яғни жануарда ес (жад) қасиетінің белгілері нышан берді.
Әрекет-қылықтың бұдан кейінгі дамуы (эволюциясы) тыстан келетін әр түрлі бөлшектенген ақпаратты қабылдауға арналған арнайы тән тетіктерінің (аппарат) пайда болуымен және жануарға қоршаған ортаның тұрақты, біргелкі, бірақ өте күрделі жағдайларына икемделуге жәрдем беретіл құрамды бағдарламалардьщ өрістеуімен байланысты. Бұл өсіресе буынаяқтьшарда нақты көрінеді. Мысалы, жәндіктердің көру қабылдагашы (фоторецептор) мындаған дербес көз ұялары (фасет) сипатты. Ал омыртқалылардың фоторецепторы зат бейнесін тұтастыққа келтіреді, ал сол бейненің дәлдігін көз қарашығымен (хрусталик) реттей алады.
Күрделі фоторецептормен бірге жәндіктер мұртшалар ұшымен тактилдік-химиялық әсерлерді, ауыз қуысы жөне аякшаларымен дәмді, аяқ не қанат қабыршақтарымен тербелістерді, тағы басқа да біз сезе бермейтін құбылыстарды қабылдау қабілетіне ие болды. Жөңцік-тердің қабылдау аппаратгарының көбі әлі күнге дейін адам үшін жүмбақ.
Жәндіктер өрекет-қылшъшың көбі тумадан бері-ліп, нәсілдік жолмен үрпақтан үрпаққа етіп түрады, яғни инстинкгтік әрекет-қылық формасына түседі. Мұндай тума қасиет бағдарламасы мыңдаған әулет өмірінде жүйеленіп, дене құрылымы құсап, бірден бірге ауысып барады. Жәндіктердің тума әрекет-қылықтарына мысал мың-сан. Кейде олар өте күрделі де қажетті, осыдан кей зерттеушілер бүл әрекеттерді саналы қызметтің көрінісі деп те есептеуде. Мысалы, маса өз жұмыртқаларын су бетіне салады, себебі құрғақ жерде олар жоқ болады. Ара бол-са, жүмыртқаларын аш болып қалмасы үшін көбелек құртының денесіне салады. Бүл үшін ол алдымен құрттың кекірек ганглийін зақымдап, оны әрекеттен айырады, т. т. Осындай деректерден кеп ғалымдар инстинкттіғылыминегізсізсаналыерекетпен баламаластыруға ұрынды.
Бірақ кейінгі көп зерттеулердің, эксперименттік ізденістердің нәтижесінде жануарлардың тума қасиеттерінің санамен ешқандай да байланысы жоқтығы дәлелденді. Инстинкттік белгілі, тұрақты жағдайларға байланысты әрекетке қосылатыны анықталды. Өмір жағдайлары мен оның қалыптасқан шарттары өзгеріске түсумен тума әрекеттер өз қолданымын таба алмай, «саналылығынан» айрылады. Мысалы, араның бір түрі әкелген қорегін үя алдына қоя салып, ұя ішін тексеріп көруге кіреді де, қайта шыға, қорегін ұя ішіне сүйрей жөнеледі. Ал арнайы экспериментбарысыңдаәкелінгенқорек араныңқойған орынынан басқа жерге сәл аударып қойылған еді, енді орнында жоқ қоректі іздеудің орнына, ара қайта ұшып, жанадан қорек әкеліп, баяғы әрекетін қайталай бастады. Міне осылай мәні жоқ ұя ішін «тексеру» — етке сіңген тума өрекет шексіз орнындала береді. Жәндіктер ерекетігәндегі тума «инстинкттік» бағдардың механикалық жаттанды екені, даму барысындағы шартты өмір жағдайларына орай туындап, сырт көзге «саналы» болатыны осы мысалдан көрініп түр.
Жәндіктердің бірдейіне өзгеріп тұратын қоршаған орта жағдайларыңца өмір жалғасын сақтауының себебі бар.
Әдетте, олар шектен тыс сандағы тұқым салады. Дүниеге келген ұрпақтың азғана саны ғана жасау қабілетін алады, ал осының өзі-ақ жануар түрін сақтауға жеткілікгі. Сонымен, жануардың инстинкттік әрекет бағдарламасы санқилы шексіз тітіркендіргіштердіқабылдауғадайынемес, сондықтан олардыңқоршағанортаәсерлерініңбәрінежауапберу (бейнелеу)мүмкіңдігішектелген. Инстинкттікденгейдегі болмысты бейнелеу — жеке әсер қасиеттерін немесе қасиет топтарьш сезу қарапайым түйсіктік формаға ие. Ғылымда психика дамуының бұл кезеңін көтеген жануарлар түріне тән қарапайым сезімдік (сенсорлық) психика кезені деп атау қабылданған (А. Н. Леонтьев).