Жануарлардың түрлі заттармен манипуляция жасайтын барлық жағдайларын құрал пайдалануға жатқыза беруге болмайды. Мысалы, қарғалардың моллюскаларды ауаға көтеріп, содан кейін оны тастың үстіне тастағанын, ал барылдақ торғай ұлуларды кішкене тұмсығына іліп алады және оны тасқа ұра бастайды, сондай-ақ қарғалар мен сақалды күшігендер сүйектерді шағу үшін төменге тастайды, күшігендер апфрикалық тұйеқұстың жұмыртқасын тастың үстіне тастай отырып оны ашып алады. Бірақ күшігендер сонымен бірге тасты ауаға көтеріп түйеқұстың інінің үстіне тастай алады. Бұны құралды пайдалану жағыдайына жатқызуға болады. Немесе, галапагостық тоқылдақ құс кішкене тұмсығымен кактустың тікенін теректің дінінен личинкаларды алу үшін пайдаланады. Осы мысалдардан, тек қандай да бір зат жануардың өзінің бір бөлігін ұзарту үшін қызмет еткен жағдайлар ғана құралдарды пайдалануға жатады деп айтуға болады. Құралдарды пайдалану белгілі –бір мәселені ақылмен шешуге алып келеді және бұны егер бұндай жүріс- тұрыс жаулық сипатта болмаған жағдайда интеллектуалды іс-әрекеттің белгісі ретінде есептеуге болады. Және шын мәнінде, кейбір жағдайларда бұндай жүріс- тұрыстың дамуында үйрену белгілі-бір рөл атқаратын болады. Мысалы, туыла салысымен шыбықпен манипуляция жасайтын тоқылдақтың балапаны бастан құртты көре салып шыбықты лақтырады және оны тұмсығымен шоқып алады.
Құралдармен жасалатын біршама күрделі әрекеттерді жабайы шимпанзеде бақылауға болады. Тамақ табу үшін олар көбінесе таяқтарды және басқа да заттарды қолданады (термиттерді табу үшін, араның ұясынан балды алу үшін, өсімдіктердің тамырын қазу үшін ). Олар сонымен қатар су ішу үшін және денесін тазалау үшін жапырақтарды да пайдалана алады.
Тамақ табу жүріс-тұрыс интеллектуалдыжүріс-түрыстың қызметтің эквиваленті болып табылады. Және осыған қатысты приматтардың құрал пайдалануын тоқылдақ құстың құрал пайдалануынан ажырту қиын.
Ғалымдар құралдарды пайдалану әлі интеллектінің белгісі болып табылмайды. Бірақ ол шын мәнінде ақылды жүріс- тұрыстар үшін, соның ішінде нақты жағдайларға тәуелді, оның мүлде жаңа формаларының пайда болуы үшін алғы шарттар жасайды деп есептейді (сигналды шимпанзе үлкен таяқтардың көмегімен қолымен термидтерді таңдай алатындай етіп термитниктерде тесік жасайды). Бұл жерде біз «мәдени ауыспалылқтың» мысалын көріп отырмыз –тамақ табу тәсіліне маймылдар кейін бүкіл папуляция бойынша таралатын, еліктеу жолымен үйренетін болғандықтын, ақпаратты бір ұрпақтан келесісіне тектік емес жолмен беру орын алады. Срнымен, Кошима аралында тіршілік ететін (1963) жапондық макакалар еліктеу жолымен бірқатар тамақтық жүріс-тұрыстарға байланысты әрекеттерді үйренген. «Жаңалықтың» инициаторы батата құлпынайларын өзенде құмнан тазартуға үйренген Имо атты макака болған. Басқа жануарлар оған еліктей бастайды және 10 жыл бойы бұл әдет өте үлкендер (12 жастағы және одан үлкен) мен жастардан басқа бүкіл папуляцияға таралды. Екі жылдан кейін басқалар бұл уақытта бір дәннен жинағанда, Имо дәнді уысна толтырып жинап, оны суға лақтыруды үйренді. Бұл инсайт типіндегі үйренуге ұқсас болды, өйткені Имо өзінің жаңалығын кездейсоқ ашты және осы пайдалануды үйренді.
Дәстүрлік жүріс-тұрыстың тағы бір формасы-бұл белгілі –бір маршрут бойынша көшіп қону(бұұғылар, арқан балықтар, құстар) Бұнда жастар көшу маршруттарын үкендерден үйренеді. Дәстүрлі тамақтың жүріс-тұрыстың басқа мысалы балықша құстарда – теғіздің жағасында өмір сүретін сауысқандарда байқалады. Үлкендер мидиялардың екі қайырылып ашылып жабылатын қабыршақтарынан ет табудың екі тәсілінің бірін қолданады:
- қабыршақтың жұқа бөлігін тұмсықпен ұрып тесу;
- мидия судың астында болған кезде тұмсығын ашық сифонға қояды және қайырылып ашылып жабылатын қабыршақты қстап тқрған бұлшықетті кеседі.Бір отбасылық жұптың мүшелері үнемі қабыршақтарды ашудың тек бір ғана әдісін қолдагады. Ешқашанда бір құс қабыршақты ашудың екі тәсілін де қолданбайды. Осыны дәлелдеу үшін Нортон Гриффите қиылыспалы тәрбиелеумен эксперимент жасады. Ол түрлі ұялардағы құрылыстардың орнын ауыстырды, одан кейін балапандар олрды тәрбиелейтін ата-аналардан қабыршақтарды ашудың тәсіліне ұйренетіндігін бақылады.
Үйрену деген кейбір икемділіктер жүріс-тұрыс үшін мәнді болып табылғанмен ол үлкен интеллектіні талап етпейді. Мысалы, дәстүрлерді үстанатын адамдар көбінесе өзінің жүріс-тұрысын рационалды түрде түсіндіре алмайды. Сонымен, еліктеу жоғарғы интеллектінің қажетті белгісі болып табылмайды деп айтуға болады.
Интеллектінің биологиялық шектеулігі. Н.Н. Ладьгина –Котстың пікірі бойынша, адам тәріздес маймылдардың аластарінің көру бейнелері адамдікіне қарағанда біршама мәнді, әлсіз болып табылады және үнемі қоршаған жағдайдың компоненттерімен байланысты, яғни елестердің жағдайлық байланыстылығы бақыланады.
Шимпанзе жалпақ тақтайшаны тар түтікшеге кіргізуге бірнеше рет талпыныс жасап, көбінесе «ыңғайсыз» қателер жібереді. Мысалы, шимпанзе жемді алу үшін ілгекті адекватты пайдалана алмайды. Сонымен бірге, иілген бөлігін кедергі жасап тұрған элемент ретінде сындырып алып тастайды. Осында олардың ойлауының шектеулігі көрінеді.
Н.Н. Ладыгина –Коте былай деп жазды: «Шимпанзе жаңа жағдайда бірден мәнді ерекшеліктерді тауып алуға және заттар арасындағы тікелей қабылданатын қатынастарды саралаудың негізінде жаңа байланыстарды қалыптастыруға қабілетті емес». Бұны Э.Г. Вацуроның «тексеру жолын» пайдаланып жүргізген тәжірбиесі де дәлелдеді, онда шимпанзе шекті алып тастағаннан кейін де жемді алу үшін тексеру долын пайдалануын жалғастыра берді.
Тіпті интеллектінің ең күрделі көрінулерінің өзі жаңа жағдайларда көбінесе тамақ табу жүріс-тұрысының ерекшеліктерімен байланысты филогенетикалық қалыптасқан әрекет тәсілінпайдалану болып табылады. Бүкіл психикалық іс-әрекеттің бұл биологиялық шарттылығы олардың интеллектуалды қабілеттіліктерінің шектелгенділігінің , бір ғана елестердің себебі болып табылады бұл өз әрекеттерінің шын мәніндегі себеп-салдарлық байланыстарды түсінуге қабілетсіздікке алып келеді, Интеллект мәселесі әлі жеткілікті зерттелмеген интеллектінің тек приматтарға ғана тәнболуы күмән туғызады.