- Интеллект сөзі латын тілінен аударғанда Intellectus – таным, түсіну, ақыл-ес деген мағына береді. Оны индивидтің ақыл-ой қабілеттіліктерінің салыстырмалы түрде тұрақты құрылымы ретінде түсінген жөн.
Интеллектіні, өз кезегінде көптеген ғалымдар зерттеген. В. Штерн мен Ж. Пиаже интеллектіні өмірдің қолма-қол жағдайларына биопсихикалық бейімделу ретінде түсіндірді. А.Бине мен Т. Симон алғаш рет 1905 жылы интеллектіні өлшеу үшін тест жасаған болатын М. Вертхеймер мен В. Келер инсайт түсінігін қалыптастырды.
Академик А.Н. Северцов интеллект жануарға біршама үлкен бейімделу тиімділігін береді деп есептеген.
Алғаш рет жануарлардың интеллектісін өз жүріс-тұрысын ортаның өзгермелі жағдайларына «келтіру» қабілеттілігі ретінде 1882 жылы Дж.Романес «Жануарлардың ақылы» атты кітапта бейнеленген. Ллойд Морган мен Э. Торндайк антропоморфизмге сын жасап Романесқа қарсы шықты және жауап ретінде жануарлардың психикалық қабілеттіліктерінің қатал критерийлерін қалыптастырды (метод проб ошибок)
Американдық психолог Э. Толмен 1932 жылы «Жануарлар мен адамдардың мақсатқа баңытталған жүріс- тұрысы» атты кітап жазды.
Жануарлар «әрекеттер арқылы үйренеді» деген ойға қарсы, Толмен эксперименттік тұрғыда олардың лабиринттің жалпы сипаттамалары туралы ақпаратты, сәйкес жүріс –тұрыстардыіске асырмастан, қабылдай алатындығын көрсетті. Ол, үйрену кезінде жануарлар сыртқы әлемнің себеп-салдарлық қатынастарын көрсететін «когнитивті картаға» ие болады деп болжам жасады.
Интеллекттуалды кезеңдер жоғарғы денгейіндегі жануарлар үшін тек ортаның заттық компонеттерінің ғана емес, сонымен қатар олардың байланыстары мен қатынастарының бейнеленуінде көрінетін психикалық іс- әрекеттерінің даму денгейі болып табылады, сондай-ақ ол дағдыларды ауыстыру мен пайдалану арқылы түрлі тәлілдермен күрделі тапсырмаларды таптауырындық емес шешу болып табылады. Бұл ауыстыру заттардың ұқсастығы бойынша, сонымен қатар олардың арасындағы ұқсастық бойынша да іске асырылады.
Неміс ғалымы В. Келер жануарлардың ойлауы мен интеллектуалды жүріс- тұрысын зеттеуге үлкен үлес қосты. Алғаш рет ол жоғарғы жануарларға (адам тәріздес маймылдарға) жүріс- тұрыстың интеллектуалды формалары, инсайт және қарапайым құралдарды дайындауға қабілеттіліктердің тән екендігін дәлелдеді.
Жануарлар интеллектісін, сонымен бірге иттің таяқшаны алып жүрудегі теңсіздік орталығын қалай табатындығын Л. Морган зерттеген болатын.
Э.Торндайк жоғарғы жануарлардың интеллектуалды әрекеттерін зерттеу үшін әйгілі «мәселелік жәшікті» ойлап тапты. Интеллектуалды әрекеттердің щимпанзеден бақылауға болады. Жемісті алмастан бұрын ол бірнеше уақыт «ойланған» сияқты болады, кейін қолданғанда тапсырманы шешу оңай болып табылатын екі қысқа таяқшаларды бір ұзын таяққа біріктіруге тырысады. Сонымен бірге маймылдың адамды қолынан тартып жем тұрған жерге апарып, одан кейін оның иығына секіріп шығып, оны алатындығын бақылаған, ал егер адам отырса, онда маймыл иығынан түсіп оны арт жағынан көтеруге тырысқан.
А.Н.Леонтьев бойынша интеллектінің критерийі ретінде инстинкттің құрамында биологиялық мағынадан ада болған дайындық фазасының болуы қызмет етеді.
Ф.Йеркс интеллектінің негізгі ерекшеліктерін бөліп шығарды
- Әрекет етуден бұрын жағдайды детальдық зерттеу
- «Ойлануды» еске түсіретін әрекеттердің арасындағы тербелістің болуы.
- Артық, кездейсоқ қозғалыстарсыз, мағынасыз «байқап көрулер мен қателерсіз» жағдайға, мақсатқа бағытталған, ақыл- ойлық әсерленуге талпыныс.
- Шешім дұрыс емес болған жағдайда шешудің жаңа тәсілін тез арада тауып, оны қолдану.
- Әрекетті орындау үрдісінде зейін сферасында оның соңғы мақсатын үстану. Барлық жасалған қозғалыстардың ақылдылыңы мен мақсатқа бағытталғандығы олардың мақсатқа қол жеткізуге бағыныштылығы.
- Іс-әрекет жасағанда жануар мақсатқа жеткізетін әрекеттердің қажетті жиынтығын аяқ астынан жасайды, сол кездегі ерекше сыни сәттің болуы.
- Бірде табылған міселенің шешімін жаңа жағдайларда қайталаудыңжеңілдігі.
- Екінші реттіден бас тарта отырып, жағдайдағы мәнді нәрсені табу қабілеттілігі.
Эволюция барысында алдымен жануарлардың интеллектуалды дамуы үшін алғышарттар пайда болды, оларға, біріншіден, жануарлардың танымдық қабілеттіліктерінің дамуында шешуші рөл атқарған, манипуляциялау, соның ішінде биологиялық нейтралды заттармен манипуляция жасау жатады. Манипуляция жасау заттар туралы жалпыланған білімдерді және жалпыланған қозғалыстық- сенсорлық тәжірбие қалыптасады. Жануар заттың салмағын ұстап көріп тұрып, ол туралы біртұтас раттегі кешендік ақпарат алады. И.П. Павлов манипуляциялау тек жануарлардың қызыққыштығын ғана көрсетеді, бірақ оларға пайда келтірмейді деп есептеген.
Екіншіден, дағдыларды жаңа жағдайларға тек заттардың ұқсастығы принципі бойынша ғана емес, сонымен бірге заттардың қатынастары мен байланыстарының ұқсастықтары бойынша да ауыстыру маңызды алғышарт болып табылады. Және А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, іздеу немесе дайындалынуы іс-әрекеттің дайындық фазасымен байланысты болып келетін құралдарды пайдалану.