- 1. Көптеген табигат жұмбақтарының ішінде, ежелгіден адам санасы, жануарлар психикасың тануға ежелгіден ынта. Жануарлардың психикалық касиеті мен қылықтарын тануға, адам санасы, ежелгі заманнан ынта. Жануарлардың психикалық қасиеттері мен қылықтары, «жан өмірі» фольклордың, діни көзқарастын, дүниетанымның құрамдас бөлігі болып барлық адамзат даму сатыларында кездеседі. Бұл мәселелерге, әсіресе адам психикасына жануарлар психикасының қатынасы жайлі өздерінің философиялық тұжырымдарын құруға көніл бөлген антика ойшылдары.
«Табиғи зерттеушілер-ғалымдардың ықыластарын жануарлар психологиясы формасына қарағанда тенеусіз аз арттырған.Жануарлар психологиясы, салыстырмалы анатомия мен физиологияны аяқтап жеткізу керек; адамға дейінгі феноменологиядағы сана кенеюің көрсетуге тиіс; оның соңы болып – тарих сала тамырында ағатын өкпеге құйылатың күрен қан, кейін рухани толып ашық қанға айналатындай адам психологиясының бастапқысы болу керек» деп А.И.Герцен жазған.
Біздің заманымызда жануарлар психологиясың зерттеумен шұғылданатың арнайы ғылым –зоопсихология.
Зоопсихология объектісі болып-жануарлардың психикалық әрекеттері жатады.
Осының негізінде зоопсихология пәні — адам санасының тарих алды және болжамы болып жануарлардың онтогенездік және филогенездік тегі мен дамуы туралы, жануарлар деңгейіндегі психикалық бейнелеудің эволюциясы мен заңдылықтар көрінісі туралы ғылым екені анықталды. Зоопсихолог адам психикасының пайда болу негізің құрайтың психика эволюциясын тұқымдану формасынан бастап жоғарғы көрінісіне дейін зерттейді.
Соңымен, зоопсихолог компетенциясы бір уақыттағы негізгітөменгі және жоғарғы психика эволюциясының көрсететін екі шеғарасында. Төменгі қыры болып психикалық бейнелеудін басы, дамудың бастапқы сатысы, жоғарғысы-жануарлар психикасының адам психикасы ауыстыруы. Төменгі қыры өсімдіктер мен жануарлардың сапалы айырмашылық проблемасы болса, жоғарғысында-адамдар мен жануарлардыкі. Бірінші жағдайда қарапайым бейнелеу формасынан психика дамуы жайлі сауалдарды шешсе, екінші жағдайда- жануарларға қатынасы бар қарапайым психикадан адам психикасының пайда болуын қарастырады.
2.Жануарлар психологиясының ғылыми жүйедегі орны. Ғылыми зоопсихология мен салыстырмалы психологияның пайда болуы 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында ірі ғұлама биологтар Ж.Л.Леклерк-Бюффон және Ж.Б.Ламарк аттарымен тығыз байланысты. Кейін жануарлар мен адамның психикалық процестерінің құрылыстарындағы белгілері тегінің бірлігін көрсеткен Ч.Дарвиннің зерттеулері зоопсихология дамуында үлкен роль атқарды. Бірақ, салыстырмалы психологияның алғашқы даму сатысында, жануарлар мен адам психикасының айырмашылығы жайлі сөз қозғалмаған. Дарвиндік кезеннең соң кенінен тараған антропософиялық көзқарастар, ал ғылыми деректер ахуалдары жануарлардың психикасының дамуы адам психикасына ұқсас шала көбік пікірлермен орынын толтырған.
Ғылыми зоопсихология жануарлардың құлқыларын зерттесе, ақырғы он жыл ішінде кенінен таралған жануарлар құлқыларының заңдылықтары мен жалпы биологиялық негізін зерттеу болған. Бұл мен, жануарлар құлқыларының ең алдымен экологиялық фактор ретінде және де фактор ретінде жануарлардың жеке даму барысында, эволюция процесінде орта жағдайына бейімделуі жайлі шұғылданатын этология. Этолог бір уақыттың ішінде филогенез барысында құлық өзгерістерінің заңдылықтарың және жаңа құлқы пайда болуын анықтауға тырысады. Бір сөзбен, құлқының бейімделу мағнасы мен биологиялық тамыры жайлі әңгіме. Этологиялық талдау ерекшелігі( әсіресе филогенетикалық аспектілер) зерттеушінің назарың морфологиялық белгілері сияқты таксономикалық (жүйелі) айқын және мағыналы көрініс беретін тұрақты (генетикалық бекітілген,т.а. инстинктивті) мінез-құлқы компоненттеріне зейін қоюға бағыттайды.
Көптеген табиғи бақылау мен эксперимент деректері негізінде этологтар, инстинктивті құлқының қәзіргі тұжырымдарында орталық орын алған, «мінез-құлқы биологиясы» атты теорияларың құрған. Олар эволюциялық ілімдерде, функциональды морфология, популяциялық экология, жануарлар систематикасында, зоогеографияда, бірқатар қолданбалы салаларда (животноводство, звероводство, охотоведение, рыболовство, табиғат қорғау, бионикада) т.б. құнды үлес қосқан.
Соңымен, зоопсихолгия барлық күшін психикалық мінез-құлқы аспектілерін зерттеуге бағыттаса, этология биологиялық мәселелерді қарастырады. Осы екі аспект шартты түрде ғана бөлінеді де психикалық факторды ескермей, биологиялық құлқының аспектісін камти алу мүмкін емес. Ғұлама кенес зоологі академик А.Н.Северцов, дәлелді түрде, даму процесінде нақты ситуацияларда бейімделу ролін атқаратың психика екенін көрсеткен. Сол себептен, жануарлар психикасының дамуы тарихи кажетті, яғни бейнелеудің жетілмеуінсіз жануарлар эволюциясы да мүмкін емес.
Екінші жағынан, зоопсихология этология ыңтымақтастығысыз дами алмайды. Психикалық көріністердін барлығысы жануарлардың құлқыларымен, әрекеттерімен, сыртқы белсенділігімен тығыз бірлестікте ғана байқалады. Этологтардың қазып тапкан, табиғи жағдайдағы жануарлар құлқыларының заңдылықтары және биологиялық аспектідегі білімдеріне сүйене отырып, ағзаның ортамен биологиялық байланысын жәнебиологиялық заңдылықтарынатұтастай тәуелді жануарлардың психикалық дүниесіне нәтижелі жетуге болады.
Салмақты болып, зоопсихология физиологиямен, әсіресе нейрофизиология және жоғары жүйке қызметінің физиологиясымен байланысты.
Зоопсихологқа қарағанда, физиолог психикалық бейнелеуді емес, оның организмдегі процестерінің қызметін зерттейді. Физиологиялық зерттеулер (зоопсихологиялық тәрізді) құлқыны талдау жолымен, және де мақсатты тұраптан. Мұнда, физиолог, назар аударуы бас миына, жүйке жүйе қызметіне негізделеді. Оның алғашқы міндеті – тұтас организм ретінде, жануарлардың мінез-құлқысында тікелей және жанама қатысатың мүшелер мен жүйе қызметтерін зерттеу.
Зоопсихология деректері өте маңызды жалпы психология проблемаларың шешуге, адамның психикалық қызметінің биологиялық тамырын және оның санасының дамуы мен пайда болу заңдылықтарының анықтау болады. Выготский көрсеткендей, қәзіргі психология «әр құлқының формасың, алдынғы төменгі формалармен байланысты тарихи ұзақ даму процесінің нәтижесі ретінде қарастырады» деген.
Жануарлар психологиясының қызметі туралы білімдер балалар психологиясынада маңызды, яғни зоопсихологиялық зерттеулер балалар психикасының биологиялық негізін және де салыстырмалы-психологиялық шеңберде-оның генетикалық түбін анықтауға көмектеседі. Өте маңызды және күрделі адамның психикасының онтогенезде дамуы жайлі проблеманы шешу үшін-ізденушілерге, эмбриондық сатыны еңгізе отырып, ерте даму кезенің салмақты зерттеуге кепіл. Ал, бұл сатыда адамға да және жануарларға да жалпы мінез-құлқының биологиялық факторы ерекше үлкен роль атқарады. Осы мен қатар, зоопсихология педагогикалық психологияға үлесін де қосты, яғни балалардың жануарлармен қарым-қатынас құруында үлкен тәрбиелік және танымдық маңызы мол. Мұндай қарым-қатынас негізінде күрделі психикалық контакт және партнерлар арасындағы өзара байланыс құрылады, мұны балалардың ақыл-ой және адамгершілікке тәрбиелеуде сапалы қолдануға болады.
Зоопсихологияның деректерінсіз, әсіресе жануарлардың жоғары психикалық қызметінің және приматтар құлқыларының ерекшеліктері жайлі дерексіз антропология адамның пайда болу проблемасын шеше алмайды.
Зоопсихологиялық зерттеулер, жануарлар психикасының қызметінің бұзылыстарың теренің қазғылай білуі, адам психикасының жүйке және психикалық дерттерің зерттеуге және емдеуге жәрдемін тигізетін медициналық практикада да маңызды орын алады. Бұл зерттеулер мал шаруашылықтарында да өте маңызды рөль атқарады.