Адамның ең жақын ерекшеліктерінің бірі – оның сөйлеу қабілеттілігі. Сөз адам психикасының өмір сүруінің аса тиімді факторы.Іс-әрекетсіз қоғам ыдырап кетеді. Іс-әрекет жасауда мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Біздің миымыздың белсенділігі екінші сигнал қызметімен байланысты. Сондықтан адамның барлық психикалық ерекшеліктері сөйлеу арқылы ғана көрініп, өмір сүреді. Адам іс-әрекеті таным және еңбекиен қатар жеке адамды қалыптастыратын аса маңызды түрі болып табылады.
Сөйлеу дегеніміз тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау. Психологиялық зерттеу объекті рухани мәдениет құбылысына жататын сөйлеу болып табылады.
Таным процессінің негізгі түрінің біріі- сөйлеу, адамдардың дыбысты тіл арқылы өзара қарым-қатынас процессін “сөйлеу” деп атаймыз. Бұл қарым-қатынасты әр адам өзінше, тіл құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл болса сол құралдың (дыбыс, сөз , сөйлем) осылардың арасындағы байланыс жүйесі, яғни дыбыс қоры сондай-ақ граматикалық формалары болып табылады. Тіл қоғамдық даму барысында, адамдардың өзара сөйлеу, қарым-қатынас жасау процесінде пайда болған, сөйтіп адам сөйтіп дайын тілді үйренген. Ойлау мен сөйлеу бір-бірімен тығыз байланыста.Адам ойлағанда, әдетте өз ойын іштей сөз және сөз тізбегі арқылы құрап, іштей сөйлеу деп аталатын түрді береді. Іштей бір-екі сөз құрап алмай бір нәрсені ойлап алмаймыз. Кей де адам өз ойын сөзбен жеткізіп, айтып бере алмайтын жағдайлары да болады. Сөз және сөйлеу тек адам баласына ғана тән құбылыс. Адамда сөз байлығының бір себебі адамдардың өзара сөйлеуі үшін жоғары дамыған және өте нәзік анатомиялық-физиологиялық сөйлеу мүшесінің аппараты болуында. Бұл аппарат ата-бабамыздың біртіндеп адамға айналу процессінде пайда болған. Егер түйсік, қабылдау және ес бірінші сигнал системасына жатса, ал адам баласына тән сөйлеу екінші сигнал системасына жатады. Сөйлеудің түрлері- сыртқа естіртіп сөйлеуді сыртқы сөйлеу дейміз, әрадам ойлаған кезде ішкі сөйлеуді пайдаланады. Сырқы сөйлеудің өзі ауызша сөйлеу және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Ауызша сөйлеу монологты және диалогты түрде болады. Монологты сөйлеу- бір ғана адамның сөйлеуі (лекция, баяндама, әңгіме, жиналыста сөз сөйлеу) басқа адамдарға, тыңдаушыларға қаратып айтылатын сөйлеуді монологты сөйлеу дейміз, әрі бұл сөйлеудің түрі тыңдаушы жоқ жерде де адам өзінен өзі дыбыстап сөйлеуі мүмкін. Бастауыш сыныптарда монологты сөйлеудің түрін шамадан тыс қолдана берудің қажеті шамалы, себебі төменгі сынып оқушыларынасабақты лекция түрінде түсіндіргеннен гөрі өзара, әңгіме ретінде түсіндірілсе, анағұрлым жақсы тыңдалып, меңгеріп алады.Ал екі адамның немесеодан да көп адамдардыңөзара әңгімелесуін диалогты сөйлеу дейміз.Сөйлеушілердің сөздер үнемі алма кезек келіп отырғандықтан, диалогты сөйлеу , монолог сияқы ұзақ болмайды. Диалогты сөйлеу қай кезе диспут, пікірталас түрінде болып келеді, соның барысында кейбір шешілм ей шешілмей жүрген мәселелер анықталуы мүмкін. Бірішші сынып оқушыларының сөздерінің мағаналық жағы әліде болса жетіле қоймайды, сөздің мәнін түсіну көп жағдайда дәл болмайды.Төменгі сынып оқушыларының сөйлу әрекеті, жас ерекшелігіне байланысты кемшіліктер кездесіп қана қоймады, айналасындағы адамдардың саутсыздықтан қисық айтылған сөздерін тез қағып алу сияқты теріс қылықтар кездеседі. Балалар еліктеуге, біреудің кемшілігін, кемістігін тез көруге өте жақын тұрады, сондықтан бастауыш сыныптың мұғалімі бірінші күннен бастап –ақ балалардың сөз бен сөйлемді өз мәнінде дұрыс қолдануын бағалануы тиіс, баланың тілініің дұрыс дамуына, шығарм аш ылық қиялының өрістеуіне көп әсерін тигізеді. Тілдің дамуында монологты сөйлеудің пайдасы мол, оқушының ойын, сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдап, сөңынан әңгіменің кемшіліктерін түзетіп отынрса тиімді болады. Ал тілдің дамуында және лексикалық қорды байытуда кітап оқудың маңызы өте зор. Сондықтан баланың мектепке алғаш келген күнінен бастап, олардың кітап оқуға деген құмарлығын арттыруға тәрбиелеу қажет. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда әртүрлі техникалық құралдар: диафильм, оқу киносы, магнитафон т.б. керекті құралдардың пайдасы өте зор. Бірінші сынып оқушыларының тілінің әр қарай дамуына, сөздік қорының жаңа сөздермен толығуына әріп, сөз, дыбыс, буын, сөйлем т.б. әсері көп. Сонымен қатар жазбаша сөйлеу баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайды. Баланы жазу сөзіне үйрету- бастауыш мектептегі оқуды процентке шаққанда жартысына жуығын алады. Өйткені жазу техникасын игеру психологиялық тұрғыдан өте күрделі процесс. Сөздік қоры дұрыс дамыған баланың жазу жұмыстары да жоғары дәрежеде болады. Баланың жас ерекшелігіне сәйкес тілінің дамуын психолгиялық тұрғыдан қарастырған Л.С. Выготский мен Швейцария психологы Жан Пиаже болды.