Оқушылардың сапалы іс- әрекетін қалыптастыру тәсілдері

Адам еңбектің қай түрімен де айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Іс-әрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы: ақыл-ой тереңдігі, күйіну –сүйіну қалпы, қиялдау қабілеті мен ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлқы сипаты ашылады.

Іс-әрекет үстінде сана қалыптасады. Іс-әрекет әлуметтік категория. Іс-әрекеттің қандай түрі болса да қозғалыс күйінде өтеді: мейлі ол жазу жазғанда, станокта еңбек операциясын орындаған кездегі қолдың бұлшық еттердің қозғалысы болама немесе сөз сөөйлеген кездегі сөйлеу апаратының қимылы ма- бәрі бір.

Қозғалыс дегеніміз тірі адам организмінің маторлық қызыметі. Адамның барлық қимылын екі топқа бөлеміз: туа болатын(шартсыз рефлекторлық) және үйреніу арқылы болатын (шартты рефлекторлық). Қозғалыстың көбін адам өмір тәжірибесінен алады, ал шағын ғана түрі пайда болады.

Затқа бағытталған және белгілі мақсат көздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Психологияа әрекеттің екі түрі болады: бірі дененің затпен айналасу әрекеті сыртқы моторлық және ақыл-ойдың психикалық реалдық пен әрекеті. Ақыл-ой әрекетін игерген адам өзі тындырмақ болған істі, сыртқы әрекетке кіріспес бұрын әуелі ой елегінен өткізіп алады, көзге елестетіп көреді, сөзбен сипаттайды. Ақыл-ой әрекетін заттар мен әрекет түрінде сыртқа шығару экстриоризация деп аталынады. Сыртқы іс -әрекет ішкі ісәрекеттің бақылауымен жүргізіледі . Адам іс-әрекетінің барысын кжүні бұрын жоспарланған және бейнелер мен ой түрінде баста жүрген харекетпен салыстырады. Нақты әрекетті бұлайша топшалау және оны реттеу мүмкіндігі әрекет акцепторы деп аталады. Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі қатынас бар. Бір жағынан психикалық әрекетте қалыптасады және көрініс танытады, екінші жағынан психиканы ретеп отырады. Іс-әрекеттің психиканы қалыптастырушылық рөлін әртүрлі салада жұмыс істеп жұрген адамдардың ерекшеліктерін салыстыру арқылы көруге болады.Психологияның іс-әрекет ерекшеліктерін салалардың болуы кездейсоқ емес. Іс әрекеттің түрі адамның бойында тұрақты бір белгілердің қалыптастырады сол себептің мінез-құлықтың бірер көрінісіне қарап, кейде сыртқы пішініне қарап-ақ адамның қай мамандық иесі екенін білеміз. Мұғалім жеке басының қасиетін зертей отырып, балаларды оқытып, тәрбиелеуде оның шеберлік таныта алуына қай қасиеті көмектесуге болатынын білеміз.