Психологияда адамның психикалық қызметін зертейтін алуан түрлі әдістер қолданылады.Белгілі бір әдісті таңдауда зертеу жұмысының алдына қойған мақсатына байланысты, қандай жағдайда болмасын жоғарыда айтылған принцптерді басшылыққа алған абзал. Шет тілі сабағында әңгімелесу әдісін қолданғанда әңгіменің мақсатын алдын- ала айын анықтау негізгі сұрақтарды әзірлеу өте маңызды. Әңгіме барысында сұрақтардың негізгі мазмұны мен бағытын сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет.Әңгіменің бүкіл барысында жайма-шуақ , ықыласты жағдайды сақтаудың маңызы өте зор. Әңгімелесу әдісінің негізгі кемшілігі сол, мұнда сыналатын адамның психикалық ерекшеліктері туралы тұжырымды оның өзі берген жауабы негізінде жасауға тура келеді. Сондықтан бұл әдісті өз алдына жеке пайдаланбайды, басқа әдістер мен толықтырып отырады.
Әңгімелесу әдісін мұғалім оқушының жеке басының қасиеттерін зерттегенде кең пайдаланғаны дұрыс. Әңгіме кезінде баланың өткен өмірі, оқушы тұратын үй ішінің жағдайы, оның ата-анасы , жолдастары туралы білуге, оқушының мүддесі мен мұратын анықтауға боладыБұл мәліметтердің барлығы мұғалімнің өз шәкіртінің псикикалық бейнесін неғұрлым тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді.
Ата-анамен әңгімелесу.
Кеңес беру тәсідерінің ішінде ерекше тобын құратындар- ата-аамен әңгімелесу.
Әңгімелесу жоғарыда айтылған ұстанымдарға сай жүргізілуі керек. Тілдесу арқылы жүргізілетін қатынас барысында ата-ана өзінің басқалардан кем емес екендігіне көзі жетіп, өзінің басқаларша құнды тұлға екенін түсінеді. Әңгімелесуді бастағанда ата-ананың шағымын мұқият тыңдап, оның көптеген ойларын мақұлдап, қажетті кезде оны мақтап,қолдап отыруды орынды пайдалану қажет. Сонда шағымданушы өзін түсініп тыңдайтн адам бар екенініне көзі жетіп, көптеген ешкімге айта алмай жүген сырларын шертеді. Осы қызығушылықпен тыңдаудың өзі, мәселенің негзіне психологтың шын көңілімен түсінгісі келгенінің өзі кеңес алушыны біраз жеңілдетіп тастайды. Әңгімелесу барысында қиындықтар себептерін диагностикалау тәсілдері орын алады. Олардың ішінде ата-ананың көзқарасын және өмірлік ұстанымын өзгертуге бағытталған алуан түрлі сұрақтар, сауалнама элементтері кеңінен пайдаланылады.
Кәсіби әңгіме барысында психолог тиісті мәселені алып, кеңес беруде тиімділікке жету мақсаты мен қолданатын тәсілдері мен техникасы алуан түрлі амалдан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Олардың ішінде психолог сөзінің анықтылығы, шағымданушының мұңын айтуға ұмтылдыру, клиент пікірін қорыту секілді кеңес беру әңгімесін жүргізу техникасы кеңінен пайдаланылады.
Темперамент 25-ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығыушылықтың төркіні адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден- әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы- қозғалғыштығы бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай ғалымдардың бәрінің мойындайтыны темперамент-әлеуметтік тұлға ретіндегі қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темерамент адамға көбіне туа берілген-әрекет қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан темпераменттік қасиетттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда, тұрақталған өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әр қилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді.
Сонымен темперамент-адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшелік адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп түрткілеріне тәуелсіз бір қалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
2.Психикалық қасиеттердің қайсысын кімдер анықтағанын санамай-ақ , басым бөлігі В.С.Мерлин зерттеулерінде жасалғанын мойындауымыз қажет. Ол темперамент құрамындағы синзитивтілік, реактивтілік, белсенділік сондай-ақ белсенділік пен реактивтілік, темп және ырғақ моторикалары, икемділік және ригидтілік, экстраверттік және интроверттік, эмоционалды қозғыштық байланыстары тампераментке көбірек сәйкес келеді деп есептеді.
Синзитивтілік (сезімталдылық) психикалық қасиеттердің сезім мүшелері, яғни анализаторлары болып табылады. Сезімталдылық- адамның қандайда психикалық жауап әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап әрекетінің туындау шапшаңдығы. Абсолютті сезгіштікті көлеміне қарай, яғни сезімталдылықтың төменгі сезімталдылық табалдырығына қарама-қарсы ретінде бөліп көрсетті.Б.М.Теплов пен В.Д.Небылицин сезімталдылықтан жүйке жүйесінің жалпы және порциалды қасиеттерін бөліп көрсетті. Оны «Ч» әрпімен белгілейміз (Чувствительность)
Реактивтілік индивид реакциясына сәйкес күші мен жылдамдығын сипаттайды. Реактивтілік сенсомоторлық реакцияның латентті периодының ұзақтығына байланысты, сондықтан оның көрсеткіші ретінде көлемі қызмет етеді. «R» әрпімен белгіленеді (Реактивность)
Темпераменттің құрамдас бөлігі ретінде темп және ырғақ моторикалары іс-әрекеттің уақыт құрылымын анықтайды. Темп қозғалыс уақытының бірлігі санымен сипатталады, ал (ритм) ырғақ қозғалыс арасының біркелкілігі, бірдейлігі мен жүйелілігімен сипатталады. Темп және ырғақ (темп и ритм) «Т-Р» әріптерімен белгіленеді.
Икемділік және ригидтілік индивидтің қалыпты әрекет ету жағдайының шұғыл (кенет) өзгерткендегі икемділік дәрежесін көрсететін психикалық қасиет болып табылады. Икемділікке бейім индивидтер өзгерістерге тез бейімделгіш болады, ал ригидтілілер керісінше баяу болады. Сондықтан икемділік және ригидтілік психикалық икемделгіштік дәрежесінің қарама-қарсы факторы болып табылады. «П-Р» әріптерімен белгіленеді(Пластичность и ригидность)
Экстраверсия және интроверсияда психиканың сыртқы тітіркендіргіштер немесе өзіндік ойы мен уайымдарына әсерленушілік дәрежесіне бағытталған темпераменттің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл факторлар «Э-И» әріптерімен белгіленеді.
Эмоционалды қозғыштық (әсерленгіштік) темпераменттің құрамдас бөлігі ретінде базалы эмоцияналардың басымдылығына байланысты. Сондықтан индивидтің базалы эмоционалды фоны деп айтқан дұрыс. БЭФ әріптері мен белгіленеді (Базальный эмоциональный фон)
Тұрақтылық және үрей (немесе мазасыздық) индивидтің эмоционалды жағдайының тұрақсыздығы немесе өзгергіштік деңгейін көрсетеді. С-Т әріптерімен белгіленеді (Стабильность и тревожность)
Осы құрамдастар жиынтығы белсенділік (активность) деп аталады. Белсенділік- мақсатқа жетудегі адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау) Бірақ нақты талдаулар бойынша біріншіден, белсенділік өзіндік реакция қабілеті ретінде барлық тірі организмге тән. Сыртқы қозғалыссыздық төтенше белсенділіктің көрінуімен болуы мүмкін. Екіншіден, белсенділік саналы индивидтің жекелігін сипаттайды және өз еркімен көрсету деңгейінде байқалады. Небылицин мен Симонов белсенділікті осылай қарастырады.