Оқушылардың іс -әрекеті және оның шет тілін оқу ерекеліктері

Оқу дегеніміз еңбек әрекетін орындауға қажетті білімді , дағдыны және білгілікті жүйелі игеру процессі. Оқу ісіне міндетті екі адам, оқытушы және оқушы қатынасады. Алайда мұны бір адамның екінші адамға білім беруі деп қарауға болмайды. Бұл ең алдымен, оқытушының басшылығы мен білімді, білгірлікті және дағдыны белсенді игеру процесі.Оқу дамытқыш құрал болу керек. Оқушыларға білімді хабарлай отырып, оқытушы оларды ойлауға және бағдарлауға, ұққандарын өз сөзімен айтып беруне үйретеді. Оқушы тек қана білімді игеріп қана қоймай, сонымен қатар өздігінен ойлау, білім алу әдісін үйренеді. Жақсы ұйымдастырылған оқу тәрбиелеуші рөль атқарады. Оқу процесінде болашақ адам, оның бағыттылығы, мінезіндегі еркін қырлары, қабілеті және т.б. қалыптасады. Мектепке бару бала өмірінің жауапты кезеңі. Оқи бастаған соң оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Онда мекпепке уақытында бару, үй тапсырмаларын орындау, жолдасына көмектесу сияқты көптеген жаңа міндеттер пайда болады. Сөйтіп мектепке алғашқы барған күннен бастап баланың айналасы мен қарым-қатынасы міндеттілік принцпымен реттеледі. Жақсы оқу парызы – тек ата-ана алдындағы парызы ғана емес, сыып, мектеп, бүкіл Отан алдындағы, өзінің ар-ожданы алдындағы парызы. Мектеп оқу процесінде оқу мативі қалыптасып, өзгеріп отырады. Ол төменгі сынып оқушыларындағы қарапайым мотивтен басталады. Жоғарғы сынып оқушыларында парыз сезіміне дейін көтеріледі. Алғашқы жылдары балалар үйде ата-аналарыын ұрыспауы үшін, жақсы баға алу үшін оқиды. Осыған орай ғылым проблемаларының білуге құмарлық, жеткіншектің танымдық қажетін қанағаттандырарлықтай білім алу мотиві пайда болады. Мінез –құлықтың жоғары сатылы реттеушісі болып табылатын парыз бен арды қалыптастыру, оқу мотивінің сыферасына жоғары моральдық сеімдерді қосады. Шет тілін оқу кезінде бала дамудың ұзақ жолынан өтеді. Бастауыш сыныпта ол сауаттылық негізін, өзінің шамасы жетерлік шет тілін игереді. Экспериментальды оқытулар балалар бастауыш сыныпта қарапайым әріптерді, сандарды меңгере алатынын көрсетеді. Олар өз ана тілін және шет тілін жап-жақсы біліп алады. Орта мектепте оқу ісін ұйымдастыру оқушыдан үлкен жауапкершілікті және оқуға саналылықпен қарауды талап етеді. Сабақ пән бойынша жүргізілуі мұғалімнің оқушы үлгерім мүмкіндігін азайтады. Ой қызыметінің сапасына талап арта түседі. Оқушыдан мұғалімнің айтқандарын, кітаптан оқығандарын жай ғана есте сақтағаннан гөрі, оны ұғыну, ой елегінен өткізе білу талап етіледі.