Психологияда адамның психикалық қызметін зертейтін алуан түрлі әдістер қолданылады.Белгілі бір әдісті таңдауда зертеу жұмысының алдына қойған мақсатына байлаысты, қандай жағдайда болмасын жоғарыда айтылған принцптерді басшылыққа алған абзал. Шет тілі сабағында әңгімелесу әдісін қолданғанда әңгіменің мақсатын алдын- ала айын анықтау негізгі сұрақтарды әзірлеу өте маңызды. Әңгіме барысында сұрақтардың негізгі мазмұны мен бағытын сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет.Әңгіменің бүкіл барысында жайма-шуақ , ықыласты жағдайды сақтаудың маңызы өте зор. Әңгімелесу әдісінің негізгі кемшілігі сол, мұнда сыналатын адамның психикалық ерекшеліктері туралы тұжырымды оның өзі берген жауабы негізінде жасауға тура келеді. Сондықтан бұл әдісті өз алдына жеке пайдаланбайды, басқа әдістер мен толықтырып отырады.
Әңгімелесу әдісін мұғалім оқушының жеке басының қасиеттерін зерттегенде кең пайдаланғаны дұрыс. Әңгіме кезінде баланың өткен өмірі, оқушы тұратын үй ішінің жағдайы, оның ата-анасы , жолдастары туралы білуге, оқушының мүддесі мен мұратын анықтауға боладыБұл мәліметтердің барлығы мұғалімнің өз шәкіртінің псикикалық бейнесін неғұрлым тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді.