Шет тілін оқыту психологиясында оқытушылардың кәсіптік шеберлікке даярлау

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибее еніп нәтижелер беруде.Әсірісе бастауыш сынып мұғалімдері мектептегі жаңару процесін қызу қолдап, жаңалықтарды жылдам бесенділік танытуда. Қазіргі күнгі мектеп бағдарламасына мұғалім балаға білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл- ойын, қабілеттін дамытуы, оқу алуға үйретуі керек деген міндеттер қояды. Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар.Ерте кезден бастап –ақ ойшылдар білім мен аыл- ой тәрбиесінің ара – қатынасын, олардың дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиканың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың келбетіне , ақылының қасиеттеріне , мінез құлық- ерекшелктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған. Баланың ақыл- ойын дамыту үшін қабілетін дамыту олардың білімге құштарлығын оятып, лаулата түседі. Көп білгенімен ешқандайда шығармашылық қабілеттін, байқалуы мүмкін, яғни тіпті өзі өте жақсы білетін ғылым саласында да жаңа жағдайлардың , құбылыстардың шешімін өз бетінше таба алмай қиналатын сәттер адамдар адамдар басынан жиі өтеді. Бұл қалыптан тыс ойлай алмаудың салдары.