Шет тілін оқыту психологиясы-педагогикалық, психологиялық бөлім, шет тілін оқыту психологиясының шығу тарихы

Білім берудің тарихи қалыптасуына байланысты барлық ғылым салалары белгілі бір бағыттар бойынша пәндер көлемінде салаларға бөлінеді.Қарастырылатын мәселелері, зерттеу проблемаларына байланысты әр пәннің міндеті де белгілі. Осыған орай әрбір пәнді оқыту әдістемесі пайда болады. Айтарлық әдебиет пәнінің әдістемесі, шет тілін оқыту әдістемесі т.с.с . Бұларда оқыту нысаны болып отырған мектеп оқушылары, орта кәсіптік орындары, жоғарғы оқу орындарының конпоненттінің басты ерекшелігі, білім деңгейіні байланысты кезеңдерге бөлініп оқыту мен тәрбиелеудің ұстамдылығына негізделе отырып білім, білік, әдет, дағдылар қалыптастыру жолдары, оқушылардың іскерлік, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, тың мәліметтер жинау және және оны орынды пайдалана білу т.б. зерделенеді. Шет тілі пәні оқыту мен тәрбиелеу үрдісі болып, ал нысаны мектепке дейінгі тәрбиеленушіден бастап, оқушы, студент, ересек адамдар, болашақ маман , кәсіп иесі т.б. болып айқындалады.

Шет тілін оқыту әдістемесі- осы пәнді оқытудың теориясы мен практикасының тоғысуынан туындап, осы үрдістің бірлігі болып саналады. Оқыту әдістемесі оқыту мен оқудың мзмұны формасы, әдістері, тәсілдерінің бірлігін көсетеді. Шет тілін оқытудың заңдылықтарын қарастыру мен бірге оқу- тәрбие үрдісін басқарудың үнемі тың жолдарын іздестіреді. Пәнді оқытудың жолдары, тәсілдері азіргі кезде технологиясы мен жаңартылған әдістерін оқыту мәселелерін қарастырады.

Ғылысми білімнің барлық салалары бойынша жалпы әдіснама гноселогия – таным теориясы болып ол қоғам, табиғат және ойлау құбылысының диаектикалық заңдылықтарын, оны танып білудің жолдарын қамтиды. Қай ғышлым саласы болмасын ол диалектиканың жалпы заңдылықтарын

өз пәні тұрғысынан зерттеуде пайдаланады, негізге алады. Диалектиканың басты заңдылықтары – тұтастық және қарама – қарсылық арасындағы қайшылықтар болып әрқандай құбылыстың ішкі қимыл, қозғалыстары мен даму себептерін ашуға көмектеседі. Белгілі бір ереже не қағиданы, тұжырым, ұғым не түсініктерді, формулалар т.б.көп рет – он, он бес, қайталау арқылы жаттау, жаттағанын еске түсіру, практикада тексеріп көру арқылы ол түбегейлі білімге айналып адам санасын байытады. Бұл өз кезінде сол адамның білім, біліктілігі ретінде бағаланып сапалық деңгейін көрсетеді.Бұл сапа өз кезінде жұмыстың нәтижесіне ықпал етіп оның тиімді коэффициенттін көтереді.