- Психодиагностика бұл – психологияның адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктерін сандық анықтау, сипаттау және талқылау. Сондай-ақ клиенттің қиындықтарын түсінуге және шешуге қажет психологиялық ақпаратты жинау мәселелерін зерттейтін саласы.Диагностика алдын алу немесе кеңес беру жұмысын тиімді жүргізудің тиімділігін бағалауға қажет.
Психодиагностикалық зерттеу ұйымының қайсыбір бөлімшесіндегі психологиялық қиындықтардың; дау-дамайлардың, еңбектегі адамгершіліктің және еңбек өнімділігінің созылмалы төмендеуінің оқушылардың үлгермеушілігі мен тәртіпсіздігінің себептерін анықтауға бағытталады.
Персоналдық ұйымдастырушы мінез-құлқын, оқушылардың жеке даралық қабілеттерін жоспарлы зерттеу психологтың бірінші сыныпқа балаларды жинауға қатысуы, балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтауы да психодиагностикаға жатады.
Психодиагностика бөлімінде маманданған психолог нақты адамдардың (ұйымның, топтың) қасиеттері мен күйлерін анықтау үшін зерттеудің психологиялық әдістерін қолданудың құрылымымен мүмкіндігін талдауға арқау етеді. Психологиялық диагноздың маңызды терапия (түзету, кеңес беру) мен болжаудың тиімділігі үшін бастапқы пункт болып табылатынымен оның маңыздылығы анықталады. Болжау бұл диагноздың негізінде тұлғаның немесе топтың, ерлі зайыптылардың арасындағы өзара қатынастардың басщы мен оның қоластындағылардың дамуын жорамалдау.
- Практикалық психологияның эскперимент (сараптама) қызметі де психодиагностикаға жатады. Барлық деңгейлерде, сондай-ақ шешімдердің салдарын болжау мақсатында саяси деңгейде де қабылданатын басқарушы шешімдер, құрастырылған заңдар, инновациялық жобалар және т.б. психологиялық сараптамадан өтеді.
Нақты міндеттерді шешуге бағынышты ақиқатты практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының бір текті амалдарының жиынтығы әдіс деп аталады. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар.
Оның біріншісі бойынша әдістердің: зерттеу (диагностикалық); ықпал ету әдістері (кеңес беру, терапевтік, түзету, оқу) және басқа мамандармен өзара әрекеттестік сияқты ұйымдастырушы мәселелерді шешу қолданылатын. Ұйымдастырушы сияқты үш түрі бар.
Топтастырудың екінші тәсілі психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының, демек шешілетін міндет күрделілігінің негізінде құрылған. Кейде клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп және хал-жағдайы мен мінез-құлқын өзгертуге ішкі қорларын табуға мүмкіндік беретін жақсы диагностиканың өзі-ақ жеткілікті. Неғұрлым күрделі жағдайда кеңес берген тиімді.
Осыған сәйкес практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші және түзетуші терапевтік әдістерге жіктеледі.
Психодиагностика бұл психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын проблемаға тереңдеп енуі.
Практикалық психологиядағы психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, демек психолог кеңес беруге немесе психотепрапияға маманданған психологтардың тапсырыстары бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады.
Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмысы міндетті сатылардың бірін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа келетін өмірлік қиындықтардың диагнозын жасауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдер мен процедуралардың кешенін анықтайды.
Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде оны теориялық пән ретінде қарастырады. Шынымен, идеялардың академиялық психологиядан психологиялық тәжірибеге едәуір қарқынды жылжуына ықпал етіп психодиагностикамен теориялық тұрғыда айналысуға болады.
Диагностикалыққа келесі әдістер жатады:
Бақылау – зерттелінген құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген бірліктерді (көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні мақсатты жүйелі қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – бұл: клиенттің психологпен қарым-қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез-құлқын мақсатты жүйені қабылдау.
Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктестік қарым-қатынасының барысында сыналушының тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алатын тұлғаны зерттеу әдісі. Жиі бұл әдіс психологиядағы көмек көрсетудегі терапевтік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесудің барысында психологтың серігін билеген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы, оның тұлғасын және СӨЗ және басқа да құралдарымен хабарлағанның барлығын бағаламай қабылдайтын – күйзеліс жолымен түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау тыңдау әдісі қолданылады.
Практикалық психологтың іс-әрекетіндегі психодиагностикалық әдістер клиенттің проблемаларын зерттеуге бағытталады. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау (ең алдымен клиенттің вербалды емес мінез-құлқы), өзіндік бақылау (клиенттің күйзелістері, ойлары мен қиыншылықтары жайлы әңгімелесуі), тестер проективті әдістемелер, рөлдік және басқа да ойындар қолданылады.
Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапияның аралық және ақырғы нәтижелерін бағалауда да қолданылады.
Диагностикалық процедуралар практикалық психологияның әртүрлі мектептерінде және бағыттарында әртүрлі қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше көреді.
Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі вариацияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал болып табылады. Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын жеткілікті дәрежеде толық схемасын қарастырып көрелік. Схемада клиенттің шағымына байланысты мәліметтердің тізімі бар, әрі сол мәліметтерді алуға болатын сұрақтар болмайды.
- Демографиялық мәліметтер (жасы, айналысатын іс-әрекеттерінің түрі, отбасы жағдайы).
- Проблеманың пайда болған тарихы: а) клиент проблемаға қашан кездесті, ол уақытта тағы басқа не болды; ә) проблема мінез-құлықта, соматикалық деңгейде, күйзеліс пен қатынас деңгейінде қалай көрініс береді (ол оны қаншалықты мазалайды; б) проблема қандай контекстіде қандай оқиғаларға, адамдарға қатысты көрініс табады; в) оның жағымды салдарға қандай; г) қандай қиыншылықтарды тудырады; ғ) клиент оны қалай және қандай нәтижемен шешуге тырысты).
3.Клиенттің психлогқа немесе психиатрға өткен шақта барғаны-бармағаны. Бұл мәліметтер психологтың психотерапевтік немесе кеңес беруші стратегияны құрастыруда бастапқы ұстанымды қалыптастыруда көмектеседі.
- Білімі (сондай-ақ мектептегі, университеттегі құрдастарымен, оқытушыларымен қатынастары, оқыту кезіндегі дау – дамайлары). Мұның барлығы клиенттің әлеуметтік интеллектісінің ерекшеліктерін анықтау үшін, сондайақ білімін алудағы ықтималды травмалары жайлы жорамалды тексеру үшін қажет.
- Жұмысының сипаты, жұмысына қанағаттануы, қызметтестрімен қатынастары, ісәрекетімен байланысты едәуір маңызды стерссорлар. Мұндай мәліметтер клиент өміріндегі ксіби ісәрекеттің орнын бағалауға және жұмыстың оның өмірлік жолындағы әлсіз нәрсе емес пе екендігін анықтауда қоладынылады.
- Денсаулығы (аурулары, нақ осы шақтағы денсаулығының едәуір маңызды проблемалары, ата аналарының тарапынан және отбасында денсаулығына қамқор болуы, ұйқының, тәбеттің бұзылуы, дәрідәрмектерді пайдалануы және т.с.с.). Мұдай мәліметтер клиенттің өзінөзі бағалауын, атап айтқанда оның өзінің денсаулығына деген қатынасын анықтауға, сондайақ денсаулығының нақ осы шақтағы күйінде психологиялық жұмысты жүргізудің қолайлығы жайлы мәселені шешуге мүмкіндік береді.
- Әлеуметтік дамуы (өміріндегі неғұрлым маңызды оқиғалар, ерте естеліктер, ағымдағы өмірлік жағдай, күн тәртібі, жұмысы, айналысатын ісі, қарымқатынастары, әуестіктері, құндылықтары, нанымсенімдері).
- Отбасы, жанұясының әлқуаты, қарамақарсы жыныстағы адамдармен қарымқатынастары , секс (атаанасы жайлы мліметтер, олармен өткен және осы шақтағы қарымқатынасы, атаанасының клиентке қатысты қолданған жазалау шаралары, клиентке өз ойынша әкесінен, шешесінен қандай қасиеттері дарыған, олармен бірлесіп орындаған істері, ағабауырлары мен әпекесіңлілері және олармен қарымқатынастары жайлы мәліметтер, клиенттер олардың қайсысын көбірек немесе азырақ жақсы көрген, әкесе (анасы) олардың қайсысын көбірек жақсы көрген, қайсысымен клиент өзін жақсы немесе жаман сезінген). Қарамақарсы жыныстағы адамдармен қарымқатынастары, сондайақ сол қатынастар үзілген себептер. Зайыбымен қарымқатынастары. Балалары (саны, жасы). Клиентпен тағы кім бірге өмір сүреді. Сексуалды тәжірибесі, сексуалды белсенділігінің формалары.
Аталмыш схема бойынша жүргізілген сұхбаттасу клиенттің психологиялық мәртебесін, жалпы өмірлік жағдайын, бағалауға, ұрынған проблемаларының сипаттамасын, негізгі қиыншылықтарын, оның психологқа келуінің мотивациясын және проблеманы шешудегі мүмкіншіліктерін түсінуге жағдай жасайды. Ол анамнезді тексерілуші және оның сырқатының дамуы жайлы мәліметтердің жиынтығын құрастыруға мүмкіндік береді. Әрине аталмыш сұхбаттасудың барлық ұстанымдарын пайдалану міндетті емес.
Психолог клиентпен оның мақсаттарын талқылайды, олардың тепетеңдігінің дәрежесін бағалайды және ақиқатқа сай келмейтін үміттерін түзетудің шараларын қабылдайды. Мұндай әңгіме нақты да қол жетерлік нәтижеге саналы бадарлануға ықпал етеді.
Сұхбаттасуда психолог клиенттердің шынайы проблемаларынан алыс әртүрлі шағымдарына кездеседі. Шағымдардың неғұрлым жиі кездесетін түрлерін жалпылап, топтастыру әрекеттері жасалынған.
- «Түсініксіз» шағым. Клиент: «Менде барлығы да біртүрлі. Мен қалағаныма жете алмаймын. әрине, бұл әрқашан да олай емес. Алайда ол солай болғанда, мен өзімді бақытсыз сезінемін». «Түсініксіз» шағымдадың: (1) терапевтке деген сенімсіздік және (2) клиенттің өзіне проблеманың түсініксіз болуы сияқты екі себебі бар.
Егер клиент шағымын айтуда проблеманы ғана келтірсе: «Өзімді бақытсыз сезінемін дегенде нені айтып отырсыз?» деп қосымша ақпаратты сұрауға болады. Алайда клиент сақтықты білдірсе, оның айтқанын қайталаған жөн. Егер де шағым байыппен айтылса: «Дегенмен сіз өзіңізді байыпты ұстап отырсыз» деп айтуға болады. Немесе «Сіз проблемаңыз жайлы ерлікпен айтып отырсыз» деуге болады. Егер де клиент көз жасын әрең ұстап отырса: «Мен сізге ауыр екенін көріп (сезініп, түсініп) отырмын» деп, психологтың реакциясы өзгеше болуы тиіс. Психолотың мұндай реакциялары клиенттің өз күйзелістерінен шықпай, олар жайлы талқылауына мүмкіндік береді.
Психологтың диагностикалық жұмысындағы сұрақтар маңызды орынға ие. Ашық және жабық сұрақтар бар. Ашық сұрақтар «не», «қалай», «неге», «егер» деген сөздерен басталады. Ондай сұрақтар клиенттің таңдауын аз дәрежеде шектеп, оның «иә» немесе «жоқ» түріндегі бір мағыналы жауаптарды қолдануына мүмкіндік бермейді. Ашық сұрақ әңгімелесуге шақырады. Әрине, кейбір жағдайлардағы ашық сұрақтар клиентті ыңғайсыз жағдайға душар етеді. Онда ол: «Сізді дәл не нәрсе қызықтыруда?» деген қарсы сұрақты қоюы мүмкін. «Неге» деп басталатын сұрақтар мазасыздандырып, қорғану тілегін тудырады. Сұрақтар тым көбейгенде де қорғаныс белсендіріледі.
Жабық (тұйық) сұрақтар клиентке шектеулі таңдауды табыс етеді. Олар клиенттің ұсынылған варианттардың біреуін таңдайтынындай құүрастырылады. Мәселен: «Сізді мазаландырған бетбұрыстар бір немсе екі жыл бұрын пайда болды ма?. Мұндай сұрақтар талқылау бөлімін, назарды тарылту қажет болғанда жарамды. Жабық (тұйық) сұрақ бұл конвергентті ойлаудың белгісі; ол проблемді кеңістік белгілі болған жағдайда орынды да тиімді. Келтірілген сұрақ проблема ұзақтығының мерзімі екі жылдан аспайтыны алдын ала анықталғанда жағдайды натылауға көмектеседі.
Клиентпен қарымқатынаста психолог арқау болу, қайта әңгімелеу, сезімдерді сипаттау, резюме немее рефлексивті емес және рефлексивті тыңдаудың басқа да амалдары қолданылады.
Арқау болу адамға оны тыңдап отырғаныңды көрсету. Ондай жағдайда айтылғандар тікелей қайталанады, не болмаса қысқаша түсініктемелерді қамтиды («иә», «солай ма!», «сізді түсінемін», «тағы айтңызшы»). Мұндай амал клиенттің ішкі әлемне оны ас мезі қылмай енуді қамтамасыз етеді, әрі оның комуникативті белсенділігін мақұлдайды. Баспен изеу және басқа да арқау болатын белгілер, сондайақ дыбыстық белгілер (мм,) ұқсас әсер етеді.
Қайталау бұл тыңдаушының серігінің айтқандарынан қайсібір сөзді (сөздерді) қайталауға негізделген реакциясы. Қайталау үшін қандай сөзді тадау қажет екендігін психолог шешеді, әрі оның таңдауы диалогтың даму бағыттарының бірін алдын ала анықтайды.
Қайта әңгімелеу клиенттің негізгі ойларының қысқаша баяндалуы. Әңгімелеу диалогтың екі серігін де клиенттің не ойлап, сезінетінінің дұрыс баяндалып, түсіндірілгеніне сенімді етіп екеуіне де пайдалы. Әңгімелеу клиенттің хабарлағанын шатасудан және сөздегі, ойдағы қарамақайшылықтардан тазартып, суреттелген көріністің тұтастай қабылдануына мүмкіндік береді.
Сезімердің сәулеленуі бұл ең алдымен клиенттің сөздерінде немесе вербалды емес мінезқұлқында көрінген күйзелістері жалы сөзбен хабарлау: «Сіз қысым жайлы айтқанда мен оны сеземін…». Психологтың сезімдерді еске алғаны клиенттің өткен шақтағы күйзелістерін жаңғыртады. Психологтың серігінің шынайы эмоцияларын тану қабілеті аталмыш шағын техниканы қолданудың алғы шарты болып табылады.
Резюме әңгіме бөлшектерінің тұтастай бірікірілуі, алныған нәтижелердің айшықталуы және бекітілуі. Резюме клиенттің ойлары мен сезімдерін жинақтап, оның айтқандарының деректері мен барлық мазмұнын реттейді. Резюме өзекті деректер мен идеяларды тіркейді, клиентке деген назарды көрсетеді және де мақсатты (қалаулы нәтижені) құрарастырудың негзн даярлайды.
Клиенттің вербалды емес мінезқұлқын зерттеуге мүмкіндік беретін, оның сөз арқылы жеткізілген мінезқұлқынан құндылығы төмен болмайтын ақпаратты қамтитын, практикалық психологияның маңызды диагностикалық әдісі болып табылатын бақылау сұхбаттасудан ажырамайды. Тәжірибелене бастаған психологтар назарын клиентке шоғырландырудың орнына проблемаға бағыттайды.
Практикалық психологтың жұмыы көптеген вербалды емес интеракцияларды қамтиды. Ымишара тілі бұл кеңес беру, психологиялық түзету және псиотерапия құралатын негіз. Альфред Адлер: «Мен пациентті біршама уақыт бойында пантомимада қабылдағанды, яғни оның сөздеріне назар адармай, оның өзін қалай ұстайтынынан, ситуацияларды қалай қозғалатынынан едәуір терең ниеттерді оқығанды өте құнды деп есептеймін» деп жазған.
Дене тілі жайлы берік білім және оны түсіну практикалық психологтың қажетті кәсіби дағдылары. Вербалды емес тілге төрт түрлі ақпарат жатады.
- Өзара әрекеттестік жағдайы: әңгімелесу уақыты мен орны, кабинетің безендірілуі, киім және клиенттің психологқа деген қатынасына ықпал ететін басқа да бөлшектер.
- Психолог серігі денесінің белгілері (отырысы, ымишаралары, сөздегі интонациялары) сөз турасындағы ақтаңдақтарды өзгертетін маңызды ақпаратқа ие.
- Вербалды емес қатынастуды интерпретациялаудың жекедара тәсілі: бір ған белгілер өзге мәдениетке жататын аамдар үшін әрқилы маңызға ие. Вербалды емес хабардан біреудің түсінгені басқаның түсінгенінен түбегейлі өгеше болуы мүмкн. Сәйкес зерттеулер визуалды қатынастың орта стандарттарының, дене қозғалысының дауыс тембрінң кейбір клиенттермен жұмыста мүлде жарамайтынын көрсетті.