Психологтың кәсіби міндетті жүктеуімен байланысты кәсіби әрекеттерінің жалпы құрылымы мен мазмұн

Психологтың іс-әрекеті кәсіби қызметтердің ерекше түрін білдіреді. Көмек сұрап келген адам өзін және өзінің әлеуметтік ортасын тереңірек сезінуге, онымен едәуір үйлесімді қатынастарды қалыптастыруға, өмірдің жаңа күйзелістері мен құндылықтарына ие болуға мүмкіндік беретін психологиялық ақпаратқа сүйеніп, психологиялық проблемаларын шешу қабілетін қалыптастырады.

Кәсіби міндетті алу, клиенттің психологиялық көмек жайлы ынталандырылған сұранысын білдіретін тапсырысқа реакция түріне ұласады.

Тапсырыс зерттелініп, психологиялық проблемаға өзгеруі тиіс. Өйткені көптеген жағдайда шағым тым бұлыңғыр, түсініксіз сипатта болады. Кез келген ресми немесе биресми тапсырыс психолог үшін алғашында адамға қандай-да бір проблеманың бар екендігінің белгісі болып табылады. Демек, тексерілуші және оның ауруының дамуы жайлы мәліметтердің жиынтығы – анамнез қажет.

Тапсырыстың нақтылығын анықтау үшін, проблеманы нақты мазмұнға толтыру үшін тапсырыс берген адаммен арнайы әңгіме жүргізу қажет.

Психологтың клиентпен өзара әрекеттестігінің негізгі үзбелерін қамтитын іс-әрекетінің бес адымды үлгісі кеңінен танымал. Бұл үлгі психология мен психотерапияның негізгі әдістерін біріктіретін тұжырымдаманы білдіреді. Ол практикалық психологияның әртүрлі когнитивтік, бихевиористік, психоаналитикалық мектептерде, сондай-ақ нейролингвистикалық бағдарламалауда да жүзеге асырылуы мүмкін.

«Факторлар теориясы» оның әдіснамалық негізі болып табылады. Ол теория бойынша кеңес беруде

а) клиентті түсіну;

ә) клиент тіршілік еткен және қабылдайтын шешімге ықпал етуі мүмкін ортамен танысу;

б) мінез-құлықтың жағымды стратегиясын анықтау үшін клиенттің өз ортасымен қатынастарын талқылау сияқты үш негізгі проблема бар. Тұлға мен ортаның қатынасына баса назардың аударылуы практикалық психологияның көптеген бағыттарының негізінде жатқан тұлғалық – бағдарланған теориялармен қарама-қайшылыққа енеді. Факторлар теорияларының қисынында орта талдамасының, клиент даралығының талдамасы сияқты маңызды екендігі ерекше көрсетіледі.

Бірінші сатыда клиент проблемаларының шешімін бірігіп іздеу процесін өзара түсіну және құру міндеті тұр. Берік те, сенімге негізделген өзара қатынастарды қалыптастыру қажет, клиенттің өзін үйлісімді сезінуге мүмкіндік беру қажет. Проблеманың шешімін бірігіп іздеу үрдісінің құрылымдарға жіктелуі мақсатқа жетудің жүйелілігін анығырақ елестетуге және негізгі міндеттің шешімінен алаңдамауға көмектеседі. Бұл сатының ұзақтығы үлкен емес, алайда жеке жағдайларда біршама ұзақ болуы мүмкін. Қатынастың бір ай немесе одан да көп уақыт бойы жасалынбайтын жағдайлар белгілі. Мұндай жағдайларда асықпаған жөн, өйткені кейінгі әрекеттер қажет нәтижелерді бере қоймайды. Сондай-ақ, адамдар қатынастарды қалыптастырудағы асығыстықты ұнатпайды, әрі қатынас дамуының осы сатысын тездететіндерге сыйластықпен қарай қоймайды.

Әңгімелесудің басында оның бағытын анықтап алған пайдалы.

Психологтың әңгімелесуде, кеңес беруде мойындалған ережеге негізделген дербес жоспарын ұсынған: «Алдымен мен сіздің әңгіменің пәніне көзқарасыңызды түсіну үшін сізді тыңдап алсам ба деймін, кейін екеуміз бірігіп проблеманың шешімін іздейміз» деген бастамасы табиғи болар. Клиент өз мақсатын нақты біліп, психологпен қызметке дайын болса ондай ұсынысты оның өзі де жасай алады.

Екінші саты әңгімелесу арқылы ақпаратты жинауға арналады. Клиенттің психологқа қандай бұйымтаймен келгенін, проблемасын қалай елестететінін және оны шешу үшін қандай жеке – дара қорлары бар екенін түсіну қажет. Клиенттің өткен шағы жайлы сұраған дұрыс. Психологты бәрінен де тұлғаның проблемды мінез-құлықтың шығу тегін аша алатын бітістері мен деректері қызықтырады. Психолог сәйкес сұрақтарды қойып, олардың жауабын алып, клиенттің сөз еткен қиындықтарының себептеріне қатысты жорамал ұсынады.

Өти сирек жағдайда психолог проблеманы клиенттің пайымдауында қабылдауы мүмкін. Проблемаға қатысты көзқарасты кеңейту үшін клиенттің бастапқы әңгімесінде айтылмаған жасырын қиындықтарының болғандығын айғақтайтын қосымша мәліметтерді алу қажет.

Ақпараттың жинақталуы тұлғаның шешімдерді іздеуге сүйенуге болатын қуатты жақтарына анықтап, клиентке көмек көрсету бағдарламасымен жоспарланған барлық процедураларды аяқталғаннан кейін олардың жүзеге асырылуын болжайды. Адам ішкі қорларын анықтап алып, психологиялық проблема – органикалық түрде оны шешу тәсілдерімен және жағымды перспективаларымен байланысатын қатынасқа ие болады.

Бұл сатының маңызды міндеті – клиенттің өмірлік шешімдерді қабылдауының даралық стилін қалыптастыруда: оқиғаға спонтанды жауап беруіне немесе проблеманың жеке бөліктерін баяу рет-ретімен түсінуіне ықпал етуде.

Ақпаратты жинау процесі тестілеумен жалғасады. Клиент тұлғасының психологқа әлі түсініксіз және клиенттің өзіне белгісіз қырларын, ашылмаған қабілеттерімен бейімділіктерін анықтау үшін қазіргі заманғы тестердің кең мүмкіндігін пайдаланған орынды. Мәселен, интеллектінің тестіленуі адамның оқудағы жетістігіне деген сенімінің қайтаруы, әрі өз уақытында тоқталған шешіміне итермелеуі мүмкін.

Тестілеу психологтың клиентпен әңгімелесуінде қалыптастырған танымдық жорамалдарды тексеруіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге, тестілеуде асыра пайдалануға, міндеттеуге болмайды. Клиент жанды әңгімелесуге бейімдірек болуы және тестілеуден тұлғасына қатысты сыйламайтындай күйде болуы мүмкін.

Танымал американдық психотерапевт Милтон Эриксон: «Ең алдымен пациентке мұқият қарап, оның қандай адам екенін түсіну қажет. Тек сіз соны түсінгенде ғана дәл сол нақты пациентке қатысты тұрғыны іздестіре бастаңыз, дәл соның нақты проблемаларының шешімін іздеңіз» — деп кеңес береді.

Осылайша, екінші сатыда психодиагностикалық, яғни практикалық психологтың іс-әрекеттің немесе психикалық күйдің нақты өлшемдерін, сондай-ақ сыналушының бағаланушы қасиет бойынша басқа адамдардың арасында нақты орнының анықталуын міндеттейтін психологиялық себептерді анықтауда пайда болатын міндет шешіледі деп тұжырымдауға болады.

Үшінші саты бұл қалаулы нәтижені, соның ішінде клиенттің идеалын көріп, онымен өз әрекеттерін ақылға қонымды үйлестіретін уақыт. Бұл сатының ұраны ретінде: «Сіз қайда бара жатқаныңызды білмесеңіз, беймәлім жерге тап боласыз» деген сөздер алынуы мүмкін. Психолог клиенттің не нәрсеге келгісі келетінін, оның қандай болғысы келетінін, проблемалары шешілгенде не болатынын анықтау үшін жұмыс жасайды. Клиент пен психолог әрекеттерінің қалаулы бағыты өзара келісуі керек.

Психолог өз үшін проблеманы жеткілікті дәрежеде айқын анықтап алғанда, онда сол мезетте шешу үйірсектігі пайда болуы мүмкін. Алайда, оның идеалды ойлары әрқашан клиенттің көзқарастарымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Төртінші саты «қарама – қарсы шешімдерді ойластыру» сатысы деп аталады. Клиенттің психологиялық дағдарысынан шығудың әртүрлі варианттарымен (нұсқауымен) жұмыс жасап көруді ұсыну қажет.

Проблеманың бастапқы анықтамасының маңызын асыра бағалауға болмайды, өйткені кейінірек оның негізі проблема болмай, едәуір ауқымды, бәлкім әлеуметтік проблеманың тек бір бөлігі екендігі анықталуы мүмкін. Психологтың бастапқы жорамалды өзгеруге дайын болу қажеттігін төмендегі мысалдан көруге болады.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі психологқа бұл баланың мінез-құлқына шағымданып келеді: зейінсіз, мұғалімнің түсіндірмесін тыңдамайды, шығарма жазғанды ұнатпайды және нашар жазады. Психолог баланы сабақ үстінде бақылап, онда әдебиетпен оқуға қызығушылығы дамығандықтан шығармаларды жазуда қиналатынын болжайды. Психолог жорамалын басшылыққа алып, баланың оқу іс-әрекетін түзетудің бағдарламасын көздейді. Алайда, бағдарламаны жүзеге асыру процесінде баланың көп оқитыны, әдебиетке әуес екендігі, қиялының дамығаны анықталады. Дәл осы жағдай баланың сабақтағы зейінсіздігінің себебі болып табылады, — оның санасында мұғалімнің әңгімесінен айқынырақ және қызығырақ бейнелер пайда болады. Ресми де зеріктіретін сабақ оқушының оқушының әдебиетке деген қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Оқушы қиялының ерекшеліктері шығарманы жазуда да байқалады. Ол ұсынылған тақырып оған міндеттелгендіктен шығарма жазғысы келмейді. Ол «бөгде» тақырыпқа бейімделуде көп уақыт жұмсап, тапсырманы дер кезінде орындауға үлгермейді. Сонымен бірге, қалай да тақырыптан ауытқиды. Оның шеңберін кеңейтеді. Бұл да оқудағы тапсырманың орындалмауы болып табылады. Еркін тақырыптағы шығарманы бала жеңіл де еркін жазады, — оның сюжеті мен сәйкес бейнелері де дайын. Алайда, ондай шығармалар тым сирек ұсынылады.

Психолог қосымша мәліметтердің негізінде: оқушының әдеби қабілеттері мен орыс әдебиеті сабағы стилінің қақтығысы жайлы жаңа жорамал жасайды.

Осы тектес деректер психологты әлеуметтік ортаның клиенттің мінез-құлқы мен күйіне тигізетін ықпалының ерекшелігін мұқият зерттеуге міндеттейді. Ондай ықпалдар жалған наным-сенімнен, дәстүрлерден, әлеуметтік паталогиялардан (қылмыскерлік, ішкілік, жезөкшелік, аудиттілік және т.с.с), әлеуметтік теңсіздік көріністерінен, бұзылған өзара қатынастардан және басқа да себептерден туындауы мүмкін.

Осы тұста проблеманы шешудің ықтималды жолдарын қамтитын көптеген идеялардың туындауымен өнімді болатын ойлаудың дивергентті түрі пайдалы. Психолог жаңа мәліметтердің, қосымша ақпараттардың, қайсыбір тестті орындау нәтижелерінің клиент дамуының тарихы жөнінде терең білімдердің негізінде бастапқы жорамалдарды өзгертіп, жаңаларын қалыптастыра алады. Ықтималды варианттармен жүргізілетін жұмыс, клиентті ашуға, оның шығармашылығының деңгейін арттыруға көмектеседі. Қалыптасқан жағдайлардың қарапайым жалпылануымен, қалаулы нәтиженің қайталануымен және де идеалды болашақтың ақиқатпен салыстырылуымен шығармашылықты ынталандыруға болады. Психолог қиындықтың қазіргі таңдағы және болашақтағы жағдайының арасындағы айырмашылықтарды нақты анықтаған сәтте клиент проблемасынан шығу ізденістерін белсендендіреді. Клиенттің шығармашылық белсенділігі оның психологтың кеңестеріне деген әсершілдігін арттыруымен маңызды. Ол көптеген кеңестерді тыңдаудан мезі болғандықтан, кез келген, тіптен пайдалы кеңестен бас тартуға даяр адамдармен кәсіби қарым – қатынаста өте маңызды.

Осылайша, психологтың осы сатыдағы негізгі міндеті клиенттің мінез-құлықтың барынша көп үлгілерін қалыптастырып, қабылдауына көмектесуде. Адамның мінез-құлық стратегияларының кең спектрін меңгеруі оны өмірлік киыншылықтарда едәуір тәуелсіз болып, шығармашылықты пайдалануына ықпал етеді.

Бесінші саты – клиент әрекеттерінің едәуір егжей-тегжейлі ықтималды бағдарламасын құрастыру. Көптеген клиенттер психологпен әңгімесінен кейін мінез-құлықтарына жаңа еш нәрсе енгізбейді, сондықтан күнделікті өміріндегі ойларын, сезімдері мен әрекеттерін өзгерту даярлығын қалыптастыру міндеті ерекше аталуы тиіс.

Қалаулы өзгерістерге әкелетін тәжірибелі адымдарға көшу үшін клиентпен бірлестіктен туған барлық пайдалы ақпаратты біріктіру қажет.

Осы тұста ойлаудың конвергентті стилін қолданған орынды. Оның мәні қойылған сұрақтың нақты жауабын алуда, не болмаса проблеманы шешудің нақты тәсілдеріне шоғырлануға, нақты әрекеттер мен өзгерістерге көшуге мүмкіндік береді.

Осылайша, нақты психологиялық қорытындыға – клиенттің психологиялық проблемаларының сипаттамасына, оларды тудырған себептерге және оларды шешудің ықтималды бағыттарына нұсқауға болады. Психологтың психологиялық кеңеске жай келудің негізінде проблеманы аяғына дейін шешуге болмайтындығына клиенттің көзін жеткізуге көмектесетін нақты қорытындылары өте маңызды. Клиентке: «Сіз бүгін не істемекшісіз? Көздегеніңізді жүзеге асыруға қандай әрекеттерді жасамақсыз?» деген сұрақтарды қою жоспары ұсынылады. Кезекті кездесуді тұлғалық өзгерістердің бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылаудан бастап, жағымды өзгерістерді айғақтайтын деректерді атап өткен орынды.

Психолог клиентке проблемасы жөнінде шешім қабылдаудың өзіне және басқаларға ықтималды жағымды әрі жағымсыз салдарын болжап, ескеретін құрылымды және реттелген (тең) стилін ұсына алады. Мінез-құлықтағы көзделген өзгерістердің қайсібір түрін қарастыруда клиент үшін, әрі онымен байланысты басқа адамдар үшін материалды және моральды иеліктер мен шығындарды ерекше атап өтіп, ескерген орынды. Осы процедураның үлгісі ретінде шешім шығаруда оның жағымды және жағымсыз салдарын тігінен екі бағанаға бөлінген парақта жазып отыратын Бенджамин Франклиннің әдісін пайдалануға болады. Кестені толтыруда ықтималды шешімнің басқа адамдарға ықпалының көзден таса қалмағаны өте маңызды.

«Болашақ күнделігі» клиенттің тұлғалық өсу бағдарламасын белсенді жүзеге асыруына ықпал етеді. Оның мәні – болашақта, мәселен бір жылдан кейін өмірдің үйреншікті күнінің қалай өтетінін болжау әрекеттерінде. Осы тектес болжамдар талқыланған шешімнің қолдануға келмейтінін, демек қолайсыздығын түсінуге көмектесуі мүмкін.

Клиенттің шешімі жөнінде жүргізілген жұмыс сәйкес мотивацияның қалыптасуына және сақталуына ұласады. Ондай жұмыс психологпен кездесудің алғашқы минуттарынан, адамның проблемасын шешу қажеттілігін біршама сақтап қалатын сенімді қатынастарды қалыптастырудан басталады. Психолог клиентке қайтарымды ақпаратты ұсынып, проблемасын түсінуде инсайтты кешіруге ықпал етіп, оны ашылуға итермелеп, онда өзінің тұлғасы жөнінде жүйелі жұмыс жасаудың әрекетшіл тілегін қалыптастырады. Ары қарай клиенттің референтті тобында қабылданған нормаларды ұстанудың егжей-тегжейлі ұсыныстардың негізінде мотивация жүзеге асады. Психологпен тікелей қарым-қатынас аяқталғаннан кейін сауықтандыратын мотивацияны сақтап қалу үшін телефон немесе хат арқылы едәуір ұзақ мерзімді байланысты сақтап қалу мүмкіндігі клиенттің өзінің және жақындарының алдындағы жауапкершілігін есіне түсіріп отыру, сондай-ақ оның психологтың көмегінсіз қиындықтарын сәтті жеңе алатыны жайлы сенімділік орнату сияқты факторлар маңызды.

Психологтың клиентке берген ұсыныстары мен кеңестері жайлы мәселе оның кәсіби әрекеттерінің жалпы құрылымында маңызды орын иеленеді. Осы жағдайға практиктер мен теоретиктер аса жоғары сақтықпен қарайды. Тіптен, кейбіреулері негізгі үш дәлелді келтіріп, кеңес беруге тиым салу ұстанымын ұсынады. Бірінші, дәлел бұл — әрбір клиент өмірінің бірегейлігі мен болжанбайтындығынан тәжірибеде тиімді кеңес беруге болмайтыны. Екінші дәлел бойынша кеңес клиенттің еріксіздігін, тәуелділігі мен енжарлығын арттырып, тұлғасының дамуына ықпал етпейді. Үшінші дәлелдің мәні кеңесті жүзеге асырудағы сәтсіздіктің себебі клиент пен психологқа жүктеліп, оның беделінің төмендеуіне әкелуінде.

Кеңес беруден тартыну жөнінде ережеге жатпайтын екі жағдай бар. Біріншісі, клиентті оның өміріндегі өте маңызды нәрсені түсінуіне ынталандыру қажет болатын жағдайға қатысты. Бұл үшін психолог оны жаңа ақпаратты және жаңа эмоциялы тәжірибені алуда бір нәрсені жасауын не болмаса жасамауын сұрауы мүмкін. Екіншісі, психолог клиенттің өз бетінше шеше алмайтын сыни күйде екендігіне сенімді болған жағдайларға қатысты.

Сонымен бірге, клиентке объективті ақпаратты ұсыну қажет. Сондай-ақ, клиент кеңеске мұқтаж, психологтың одан бас тартуы, оның көңілін қалдыруы мүмкін. Мәселе кеңестің қандай түрде ұсынылуында. Ол, клиенттің өз бетінше қорытынды шығаруы тиіс бейтарап формада ақпарат ұсыну түрінде жасалынса жақсы.

Психолог эксперт ретінде қызмет еткенде және іс-әрекетінің тиімділігі кеңестер мен ұсыныстардың сапасымен анықталатын жағдайларда кеңес беруге тиым салу ережесінің психологқа қатысы болмайды.