Психологиялық міндет және психологиялық көмек

Тәжірибелеуші психолог бұл – психологиялық міндеттер жөніндегі маман.

Нақты психологиялық міндет психологқа клиенттің немесе тапсырыс берушінің тарапынан түскен тапсырыстан пайда болады. Психологиялық тапсырыс клиенттің кеңесшіге психологиялық көмектің нақты бір түрін табыс ету сұранысы.

Психолог міндетті анықтау үшін алғашында өзіне клиент берген сөздік немесе сөздік емес материалға ие болады. Кейде клиент қиыншылықтарын нақты көрсетеді («Мен парашютпен секруден қорқамын»), кейде олар тым бұлыңғыр болады («Мен не үшін келгенімді білмеймін, менің ойымша менде әлдене дұрыс емес сияқты»). Психолог өзінің кәсіби білімдері мен дағдыларына сүйеніп, клиентпен өзара әрекеттестікте сол мәліметтің психологтың өзіне, оның мектебіне, тұлғасының ерекшеліктеріне, қарым-қатынас мәнеріне байланысты екенін естен шығармай талдайды. Сұраныс проблеманы және сол проблема жайлы клиенттің (тапсырыс берушінің) көзқарасын да қамтиды, сондықтан ол психологиялық міндетке айналмастан бұрын белгілі бір «психологиялық өңдеуден», негізділігі жайлы тексеруден өтуі тиіс.

Клиенттің психологқа ұсынған сұранысының көбінде фрагментарлы және бірқалыпты болмауына қарамастан, онда нақты құрылымды табуға болады. Сұраныс берудің талдануы бірқатар компоненттерді ерекшелендіреді. Біріншіден, шағым анықтамасы бойынша бір нәрсеге немесе әлдекімге деген шағым болып табылады, яғни оның өзіне тән пәні бар. Екіншіден, шағымда көп жағдайда клиенттің психологиялық проблемасын жаңғыртуға болатын элементтер ұсынылады. Үшіншіден, шағым клиенттің өзін-өзі айқындау, өз қиындықтарын түсіндіру әрекеттерін қамтиды. Төртіншіден, ол психологтың әлденені клиенттің қызығушылығына орай жасауына көмек көрсету жөніндегі сұранысты қамтиды.

Сондай-ақ шағым – кез келген коммуникативті хабарлама сияқты клиенттің өзін-өзі көрсетуін, оның өзі жайлы ойын, әрі оның психологқа қатынасын да қамтиды.

Клиенттің психологқа ұсынатын сұранысының құрылымдық элементтерін егжей-тегжейлі қарастыралық.

  1. Сұраныстың заттық мазмұнын құрайтын белгілі пәні болады. Сұраныстар пәні немесе бағыттылығына қарай іштей және сырттай бағдарланған болып екіге бөлінеді. Ішкі бағдар бұл – адамдардың өз-өзіне шағым етуі (мінезіне, қабілеттеріне, денсаулығына, ахуалына, мінез-құлқының ерекшеліктеріне және т.б.). Шағымның сыртқы бағдарының пәні ретінде басқа адамдар немесе тағдыр, жазмыш өмірдің жақсыз жағдайлары анықталады.

Шағымның объектісі ретіндегі адамдар бұл – көбінде клиентке жақын немесе таныс тұлғалар: отбасының мүшелер, көршілері, жұмыстағы қызметтестері, басшылық, билік өкілдері, «жаулары». Шағымның объектісі ретінде топ: отбасы, қызметкерлердің ұжымы, ұйым және т.б. танылуы мүмкін. Осы тектес шағымдар күйеуінің, әйелінің, балаларының, енесінің және т.б. жынысына, жасына, мәртебесіне сәйкес келмейтін рөлдік мінез-құлықпен қанағаттанбаумен байланысады. Олар клиенттің ойынша мінез-құлықтың психикалық нормаға (ақыл-ой дамуына, эмоциялы «қалыптылыққа») сәйкес келмеуінен немесе гипербелсенділік, баяулылық, рухсыздық, қатігездік, шешімсіздік сияқты ерекшеліктерінен туындайды.

Жақсыз жағдайлар – қылмыскерлік, кедейлік, құқықсыздық, баспанамен, қызметпен, уақытпен және т.б. байланысты қиындықтар.

Қатынасты, жақындықты, түсіністікті жоғалту сияқты өзара қатынастар, клиент қарсы жаққа шағымданса да, оның өзі де сол проблеманың мүшесі болып табылатын (клиент оны сезінбеуі мүмкін) кикілжің шағым бағдарының ерекше жағдайы ретінде қызмет етеді.

  1. Клиенттің көзқарасы бойынша проблема, бұл – ары қарай бұлай жалғаса алмайтындықтан оның өзіне ұнамайтын және өзгеруі тиіс жағдайға нұсқауы.

Едәуір кең тараған проблемалардың барлық жиынтығын екі категорияға бөлуге болады.

Олар:

а) дидактикалық проблемалар: қолымнан келмейді, білмеймін, түсінбеймін, түсінгім, білгім, үйренгім келеді, не істеуге болады (ықпал ету, иландыру, кикілжіңдерді басу, міндеттеу, шыдау, кешіру, жазалау, емдеу, кету және т.б;

б) тұлғалық: сенімділікке ие болғым келеді (ерікке, ерлікке, шыдамдылыққа); қалай жасауға болатынын білемін, алайда істей алмаймын, қосымша стимулдар қажет, өзімнің қолымнан келмейді, ситуацияны өзгерткім келеді.

Сондай-ақ: «Барлығы да нашар, не істеуге болады, ары қарай қалай өмір сүруге болады» — деген ауқымды құрастырылған проблемалар да кездесуі мүмкін.

  1. Адамдардың өз-өзіне диагноз қоюы – клиенттің өмірінде өзі жайлы және қоршаған әлем жайлы, адамдардың өзара қатынастары жайлы түсініктеріне негізделген қайсыбір бұзылыстың табиғатын түсіндіруі. Адамдардың өз-өзіне диагноз қоюы клиенттің шағымының мазмұнына деген қатынасын немесе оның болжалды себебіне нұсқауын білдіреді. Олардың неғұрлым жиі кездесетін түрлері төмендегіше:

а) нақты тұлғалардың «ашулы еркі», яғни олардың жағымсыз ниеттері. «Психикалық аномалиялар» сондай-ақ кемістігі генетикалық бағдарламаланған, тұқым қуалайтын ақыл-ойы кем деп есептелетін адамдардың бағалануы. Олардың мінез-құлықтарының тұрақты тұлғалық бітістерінің көрініс беруі ретінде;

б) адамдардың дербес бұрыс әрекеттері – оның өзінің өткен шақтағы және болашақтағы мінез-құлқын қайсыбір тәрбиеші, басшы бағынушы рөлінде сын тұрғысында бағалауы; тұлғасының кемшіліктері — мазасыздығы, сенімсіздігі, енжарлығы және оның салдарынан туындаған бұрыс мінез-құлқы;

в) отбасындағы немесе жұмысындағы жайсыздық, ауру, мөлшерден тыс жүктеме, шаршау және т.с.с.

  1. Тапсырыс, бұл – клиенттің психологтан күтетін көмегі. Әдетте, тапсырыс – проблеманың қисынды жалғасы болып табылады. «Істей алмаймын, үйренгім келеді» деген проблема: «үйретіңіз» деген тапсырысты тудырады. Тапсырыстың жалпы мағынасы бұл – клиенттің психологтан не нәрсенің қажет екендінінің айқындалуы, одан нақты әрекеттерді, ойларды не сезімдерді күтуі. Психологқа ықпал ету әрекеті азды-көпті дәрежеде ашық немесе бұлыңғыр болуы мүмкін. Соңғы жағдайда манипуляциялау сөз етілуде. Манипуляциялаушы клиент психологқа ықпал ету үшін шағымның барлық элменттерін пайдаланады.

Шағымның төмендегідей түрлері ерекшеленеді:

а) эмоциялы және моральды арқауға қатысты шағымдар («мен айтқандарымның дұрыс екені?!», «менің жақсы адам екендігім рас қой?»);

б) бірігіп талдауға қатысты шағымдар («мен жағдайды дұрыс түсінгеніме сенімсізбін, маған көмектесіңізші?»);

в) ақпарат жайлы шағым («бұл жөнінде не білесіз?»);

г) дағдыларға үйрету жайлы шағымдар («мен мұны істей алмаймын, үйретңізші»);

д) ұстанымды қалыптастыруға көмек сұрау шағымы («ол менің көзіме шөп салса, не істеуге болады?»).

Дәл осындай тапсырыстар клиенттің басқа адамдардың атынан, біреу үшін көмек сұрауда анықталуы мүмкін («оған қорқыныштарынан арылуға көмектесіңізші», «балалармен араласуға үйренуге көмектесіңізші?»). Тапсырыстар клиенттің қызығушылығына орай нақты адамдарға ықпал ету сұранысында анықталуы мүмкін («оны едәуір тілалғыш етіңізші», «оның ызалы еркін жеңуге көмектесіңізші»).

Адамның өмірінде істес болатын міндеттері заттық және психологиялық деп екі үлкен категорияларға бөлінеді. Заттық проблемалар адамды қоршаған ортаны өзгерту жолымен шешіледі. Психологиялық проблемалар – адамның өзін, оның ахуалын, қабылдауын және орта жайлы түсінігін өзгерту жолымен шешіледі. Психологиялық проблема бұл – клиенттің құтылғысы келген, психикалық қысым тудыратын және қасіреттерге душар ететін дамуындағы нақты қарама-қайшылықтардан туындаған психикасының үйлесімсіз күйі, оның психологиялық қиындықтарының жиынтығы. Олар: кикілжіңдер және олардың салдары; қарым-қатынастағы қиыншылықтар, ауыр тиетін жан күйзелістері, адамдардың өз-өзіне немесе әлдекімге қанағаттанбауы және тағы басқа жағдайлар.

Проблемалардың екі категориясы да бір-бірімен тығыз ұштасады: кейде адамның өмірі мен іс-әрекеті жағдайларының өзгеруі, адамды өзгертудің ең қысқа жолы болуы мүмкін, ал ортаның өзгеруі үшін адамның өзгергені қажет.

Сондықтан, аталған проблемалар оңай бөліне бермейді: жиі заттық проблеманың астарында психологиялық проблема жасырынады.

Айналаны өзгертпес бұрын адамдардың өзі өзгеруі қажет деген екі ұшты көзқарас бар ол сірә, өмір жағдайларын қайта өңдеуден гөрі, «адамдардың өздерінің» өзгергені оңай деген сенімге негізделеді. Алайда, психологиялық проблема сыртқы заттық проблемадан әсте оңай емес: әдетте қалаулы ішкі өзгеріске жету қиын, ол ерікке тәуелді: шылымды тастау оңай емес, ал ішімдіктерден немесе нашадан құтылу мүмкін емес десе де болады. Адам жанын зақымдайтын қатерді сарыуайымды, агрессивті бетбұрыстарды және басқа да ішкі дефомацияларды билеуге қабілетті бола бермейді. Осы тектес барлық жағдайларда ол психологиялық проблемамен (ретсіз психикалық әрекетпен істес әр психологқа дәл сол проблемамен келеді.

Клиент проблемасының вербалды емес белгілермен қосарланатын қайсыбір сөз түрінде анықталатын белгіленетіні анық. Осындай вербалды және вербалды емес хабарлар психологиялық және ортаға қатысты ақпараттарды қамтиды. Психологиялық ақпарат (адамдардың өзін-өзі бағалауы) психологтың танымдық, эмоциялы және мінез-құлықтық бетбұрыстарды ерекшеліндіруге, ортаға қатысты ақпарат – клиент өмірі мен жұмысының нақты жағдайларында бағдарлануына мүмкіндік береді.

Психологтың рөлі проблеманың баяндалуын тыңдауда: клиенттің қиыншылықтарын айқын құруға және бірігіп оларды жеңу жолдарын көздеуге көмектесуде. Психологты бірінші кезекте проблеманың негізінде жатқан факторлар мен жағдайларды қызықтыратыны кездейсоқтық емес.

Сондай-ақ клиенттің шынайы жағдайы шағымының мазмұнынан біршама ерекшеленуі мүмкін. Әдетте әңгіме клиенттің шынайы қасіретінің тек үстіртін құрылымын білдіреді. Психолог әлденені кеңес етпестен бұрын проблемды бөлімді кеңейтуі тиіс. Өткені клиенттің бір ғана проблемасы болмайды, сол себептен олардың барлық жиынтығына бағдарланған пайдалы.

Проблеманы анықтаудан басқа, клиенттің қиындықтарын жеңуге арқау болатын қорларын ашу қажет. Оның тұлғасының қуатты жақтарына назар аударған маңызды. Клиентті өзінің проблемасын талдау мен шешудің шығармашылық процесіне енгізудің өзі психологтың аса маңызды міндеттерінің біріне жатады.

Жиі психологиялық міндеттің құрылуы клиентпен күнделікті қатынасатын адамдармен әңгімелесуді, терең психодиагностикалық процедураның жүргізілуін, оның еңбектегі және тұрмыстағы мінез-құлқының ерекшеліктерін зерттеуді болжайды. Басқаша айтқанда, психологиялық проблема сыналушы іс-әрекетінің немесе психикалық күйінің нақты өлшемдерінің, сондай-ақ оның басқа адамдардың арасында бағаланатын қасиеті бойынша орнының анықталуын міндеттейтін психодиагностикалық міндеттердің шешіміне сүйенеді.

Практикалық психолог міндетінің анықталуы «норма» ұғымымен байланысты. Жалпы, норма бұл:

а) объектінің қызмет етуінің нақты жағдайлары мен міндеттеріне неғұрлым сәйкес келетін едәуір тұрақты тіршілігін болжайтын жағымды күйі;

б) мәліметтердің салыстырылуының (бағалануының) бастауы;

в) ауытқулардың болмауы (теріс қисынды өлшемі);

г) баяндаушы мінездеме (жағымды қисынды өлшем).

Белгілі бір сатыда танымдық, эмоциялы және тұлғалық дамудың жас ерекшелік немесе адамзатқа ортақ нормаларымен салыстыру жайында мәселе туындайды. Егер клиент өзінің барлығына ұқсамайтынына шағымданса ол да «барлығы сияқты» қалыпты болғысы келу тілегіне сәйкес жасырын норманы пайдаланады. Девиантты мінез-құлықтың құбылыстарымен жұмыс жасауда өзектелетін адамгершілік нормалары едәуір айқын түрге ие. Психологтың шеттей алмайтын «денсаулық нормасы» атты дәрігерлік ұғым да бар.

Психикалық денсаулық – адамдардың психофизикалық күйінің, ахуалының бағдарлануы мен мінез-құлқының организмнің даму деңгейіне, психофизиологиялық мүмкіндіктеріне, шығындарына, тұлғалық дамудың қажеттіліктері мен мақсаттарына, сондай-ақ адам психикасының бейімделуші — компенсаторлық мүмкіндіктеріне сәйкестігін анықтайтын тіршілік әрекетінің көп деңгейлі кешенді қасиеті. Психикалық денсаулық ұғымы жалпы денсаулық жайындағы жалпыға ортақ мойындалған түсініктен туындайды. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының уставында «аурулар мен дене кемістіктерінің болмауымен бірге, дене, рухани және әлеуметтік толыққанды амандық күйі ретінде анықталады. Индивидумның және тұрғындардың денсаулығы ерекшелінеді. Соған сәйкес психикалық денсаулық бұл –басты шарты, көбінде психикалық норма ретінде анықталатын психикалық аурулардың болмауы болып табылатын рухани және әлеуметтік саулық күйі.

Психикалық норма – қоғамның тарихи дамуының нақты кезеңінде қабылданған адамның психикалық белсенділігі көріністерінің әртүрлі өлшемдеріне қатысты нақты ережелер мен талаптар. Нормалар психологиялық көмек көрсетудің мақсаттарын анықтаудың бағдарын білдіреді.

«Нормативті» өлшемнің негізінде клиенттерге психологпен өзара әрекеттестік жағдайында ұсынылатын міндеттерідің төрт типін бөліп көрсетеді.

Бірінші тип психикалық денсаулықтың әлеуметтік формаларынан туындайтын міндеттерді қамтиды. Клиент өзінің психологиялық жағдайын және оған қатысты ақпаратты «қалыпты-қалыпты емес» критерийі бойынша бағалайды. Осының негізінде пайда болатын күйзелістер нормаға сәйкес келмеу себебінен эмоцияларда анықталады. Клиенттің тапсырысындағы осындай күйзелістер: «Мен қалыптымын ба, тексерңізші?» деген сұраныс түрінде қалыптасады. Адамдардың өз-өзіне деген осындай қатынасы көбінде басқалардың көзқарасына деген мөлшерден тыс реакциясымен міндеттеледі. Психологтың осындай жағдайдағы стратегиялық міндеті клиенттің бағалаушы бағдарларын өзгертуде. Бұл – клиенттің өз өмірін басқа қырынан көруге, жетістіктерін кеңейтуге, бір үлгідегі мінез – құлықтан және күйзелістен алшақтауға мүмкіндік береді.

Клиенттің ұсынатын міндеттемелерінің екінші типі әдептік бағалардың жүйесінен туындайды. Клиенттің күйзелістері жақсылық мен зұлымдық мәселелеріне немесе: «жақсы-жаман», «дұрыс-бұрыс» атты әдептік бағанаға бағдарланады. Клиент мінез-құлқының адамгершілік тұрғысындағы өлшемдеріне, өзінің басқа адамдарға деген қатынасына қанағаттанбайды. Мұнда ол мінез-құлқының қоғамдық және тұлғааралық бағаларына да бағынады. Сонымен бірге, оның өзіне тән мінез-құлқы басқалардың «бұрыс» мінез-құлқымен аяқталады. Яғни: «Баланың тіл алмағаны жаман ғой, оның бір айтқаннан тіл алғаны қажет емес пе?», «Оны әрқашан мақтау беруге болмайды ғой, оны еркелетіп жібергеннің несі жақсы» және т.с.с.

Клиент психологпен қарым-қатынасының барысында өзін-өзі бағалауы мен әлеуметтік бағаның арасындағы кеңістікте қозғалып, психологиялық ақпаратты таңдап қабылдайды. Егер ол сезімдерін өз бетінше бағалауда қиналса, күйзелісін «жақсы» не «жаман» деп бағалауға көмектесетін өзге адамдарға бағдарланады.

Психолог клиенттің осындай сұранысымен жұмыс жасауда оның бағаларының жүйесін талқылауы тиіс. Психолог клиенттің психологиялық ақпараттың динамикалылығын талдауға мүмкіндік бермейтін «жақсы-жаман» деп бағалайтын өлшемнің шектеулігін және мөлшерден тыс қатігездігін көрсетуі мүмкін. Психологтың мақсаты клиенттің басқалардың бағасына бағдарлануынан қалыптасатын сыртқы тәуелділіктен босап, өзінің күйзелістеріне және бағалау критерийлеріне бағдарлануға үйретуде. Мейірім табиғатынан адамнан тұлғаның сыртқы талаптарымен емес, барлық күйзелістердің қозғайтын өмірлік философиямен міндеттелетін ерекше қатынасты талап етеді. Әртүрлі адамдар үшін жақсылық пен зұлымдық критерийлерінің дифференциалдылығын және сол критерийлерге негізделетін күйзелістердің әртектілігін сезінуге жақындау қажет.

Клиентті мазалайтын және психологқа хабарланатын міндеттердің үшінші типі экзистетциялы сипатқа ие, өйткені өзегі өмір мен өлім мәселесі болып табылатын мәңгілік құндылықтарды қозғайды. Бұл мәселелердің ақырғы шешімдерінің жоқ екендігі белгілі. Алайда, психолог – нақты жағдайларда адамгершілік тұрғысынан таңдау жасау қажет:

Психолог пен клиенттің экзистенциялы міндеті бойынша жұмыстары өмірдің шексіз әрі шешілмейтін проблемаларын қабылдаудың даралық формаларын анықтаудан және күнделікті күйзелістер мен жеке-дара құндылықтардың сол проблемалардан тәуелділігін әлсіретуге тырысудан тұрады.

Клиенттің психологпен өзара әрекеттестік жағдайына енгізілетін міндеттердің төртінші типі психологиялық болып табылады. Олар клиенттің қайсыбір күйзелістің мәні жайлы мәселені ұсынуымен ерекшеленеді. Психологқа қойылатын сұрақтар: «Қалай түсінуге болады? Бұл не? Аяғына дейін түсіне алар емеспін?» деген сөздерден тұрады. Сұрақтардың осылайша қойылуы клиенттің өзінің проблемаларын қалыптастыратын психологиялық ақиқатқа өте жақын екендігін білдіреді. Ол өз-өзімен өнімді қатынасқа түсуге даярлықты білдіруде. Ал бұндай жағдай, психологиялық проблема өмірдің әрқилы нормативтік, экзистенциялы, тіптен материалды каржылық қиындықтарымен бүркелетін алдыңғы типтегі міндеттерде байқалмайтын. Клиент күйзелістерін бағалап қана қоймай, бағалаушы тұрғыларды салыстыруға және бағаларды өзгертуге дайындықты танытады. Бұл оның мінез-құлықтың едәуір өнімді формаларын меңгеруге ашық екендігінің, басқа күйзелістерге, іс-әрекетінің жетістіктері мен мақсаттарына қабілеттілігінің нышаны болып табылады.

Практикалық психолгтардың тәжірибесінде мұндай клиенттер сирек кездеседі. Клиенттер көбінде әлеуметтік және әдептік міндеттерге бағдарланады. Сонымен бірге, практикалық психологтың жұмысы клиенттің проблемасы психологиялық ақиқатты ашып, психологтың тарапынан психологиялық көмекті қабылдауға мүмкіндік береді.

Клиент міндетінің психологиялық міндетке өзгеруі оған психологиялық көмекті көрсетудің алғашқы қадамы болып табылады.

Психолог клиенттің психологиялық міндетін сипаттау үшін: тілектер, әрекеттер, сезімдер мен танымдар сияқты төрт модальдылықты пайдалана алады. Тілек модальдылығы қажеттіліктермен және әуестіктермен байланысты, әрі «мен қалаймын» деген сөздерге ұласады; әрекет модальдылығы мінез-құлыққа даярлықпен және мотивтермен байланысты болып, «менің қолымнан келеді» деп айтылады; сезімдер модальдылығы (эмоциялар, көңіл күйлер және адамның эмоциялы сферасының басқа да көріністері), «мен сеземін» деген сөздермен айтылады. Танымдық модальдық бұл – қабылдау бейнелері, естеліктер, ойлар және адамның танымдық сферасының басқа да көріністері, ол «мен ойлаймын, көремін, есіме түсіремін, елестетемін, шырашытамын» деген сөздермен айтылады.

Практикалық психолог психологиялық ақпаратты жинастыруда осы модальдылықтарды пайдаланып, клиенттің дербес психологиялық міндетінің қалыптасуына ықпал етеді және оған өзінің кәсіби ұстанымын көрсетеді.

Адамдар практикалық психологтан көмек сұрап келгендіктен, үміттенген көмегін алған жағдайда ғана қанағаттанады. Психологиялық көмек бұл практикалық психологиялық құралдарымен адамды немесе адамдар тобында пайда болған психологиялық проблемаларды шешуге, жұмсартуға немесе жеңуге бағытталған іс – шаралардың жүйесі.

Кейбір терапевтік процедураларда, мәселен клиентке орталықтандырылған процедурада көмек алу дерегі айқын көріне қоймайды.

Карл Роджерстің 1986 ж Мәскеудегі терапевтік сеанстары клиенттердің көңілін қалдырды, өйткені танымал психотерапевт мәскеулік клиенттерінің ойынша ешқандай кеңес бермеген және рецепт жазбаған. Ол клиентті мұқият тыңдап (олардың әрқайсысы келісуге даяр бола қоймайтын) проблемасын түсініп, жаңаша күйзелу мүмкіндігін ұсынады.

Көмек бұл – адамға арқау болу, қол ұшын ұсыну. Адамдар арасындағы көмек, досыңа тыңдаудан психиатриялық клиникадағы күрделі процедураларға дейін әрқилы формада жүзеге асады. Практикалық психологияның шеңберінде көмек сұхбаттасу, кеңес беру немесе психотерапия формасында тұлғаға немесе топқа көрсететін арқау ретінде анықталады.

  1. Психологиялық көмек көрсетудің бірнеше түрі бар:
  2. Клиентпен сұхбаттасу және оған объективті психодиагностикалық ақпаратты хабарлау жолымен көмектесу. Осындай қызметті ұсынған психолог ақпараттың сенімділігіне және оны клиентке хабарлау формасына жауапты болады. Клиент алынған ақпаратқа қатынасты анықтап оны қалай қолданатыны жайлы шешімді өзі қабылдайды. Сұхбаттасу ең алдымен ақпарат жинау әдісі болып табылады, алайда оған клиенттің көмек ретінде қабылданатын нақты шешімдері мен қысқа ықпалдары арқау болады.
  3. Психологиялық кеңес беру көмек көрсетудің бір түрі болып табылады. Кеңес беру психикалық қалыпты адамдардың мақсаттарына жетуде сұхбаттасумен салыстырғанда едәуір терең көмек көрсететін процесс. Ол клиенттердің тұлғалық дамудың мақсаттарын жүзеге асыруға, өмірлерінің өнімділігін арттыруға бағытталған. Өнімділік адамның дербес мәдениетінің ішінде, сондай-ақ оның шеңберінен тыс аумақта адамдардың ең жоғары дәрежедегі көп санымен араласу мүмкіндігіне ие болу үшін мінез-құлық ұғымдардың сезімдердің қылықтардың көп түрін анықтау мүмкіндігімен байланысты. Бұл – адамның өмір мен іс-әрекет жағдайларына жақсырақ бейімделу мүмкіндігін дербес мәдениетінің аса шектемеу мүмкіндігін табыс етеді.

Кеңес беру, сұхбаттасу мен психотерапияның арасындағы айқын шекараны нұсқау қиын. Кеңесші көбінде терапевт ретінде көрінеді, сондай-ақ сұхбаттасады.

Әдетте, ол қалыпты жағдаймен жұмыс жасай отырып, патологиямен істес болуға мәжбүр. Психолог – кеңесшілер психотерапевтерге қарағанда көбінде клиенттермен жиірек кездесіп, тереңірек жұмыс жасайды. Кеңес беру іскерлігі, дәрігерлерге, коммерсанттарға, оқытушыларға, менеджерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге, кемістігі бар балалар мен жұмыс жасайтын психологтарға, ата-аналарға, сондай-ақ пайдалы ақпаратқа ие болған кез келген адамға қажет.

  1. Психологиялық түзету көмек көрсету түрі ретінде клиенттің белсенділігін және психикалық дамудың жас ерекшелік нормаларына сәйкестігін өзгерту мақсатында оған ұйымдастырылған ықпалды болжайды. Психолог іс -әркеттің қайсібір түрін (жазу, оқу-есептеу және т.с.с) меңгерудің жас ерекшелік нормасы және оны меңгерудің жеке-дара ырғағы сияқты ұғымдармен жұмыс жасайды психологиялық түзетудің кейбір бағыттары тәрбие жұмысына жақындай түсіп әлеуметтік – адамгершілік нормаларға сәйкестікте мінез-құлықты түзеуді мақсат етеді.
  2. Психотерапевтік көмек тұлға құрылымындағы үлкен өзгерістермен сипатталатын реконструкциясының өңделуінің ұзақ мерзімді үрдісі. Клиент, тұлғасының реконструкциясына мұқтаж болғандықтан оған белсенді ықпалды болжайды. Психотерапевтің клиенті бұл – психикалық ақиқатының қайта жасалуы немесе реконструкциясы қажет адам. Психотерапия ойлаудың, мінез-құлықтың және тұлғаның өзгеруімен клиентпен ұзақ қатынасумен ассоциацияланады. Өте жиі психотерапияны психикалық патологияның проблемаларымен айналысады деп есептейді.

Шынымен, психотерапия көбінде «қалыпсыз» клиенттермен жанасады. Жиі психотерапия клиентке медикаментоздық ықпал етудің фонында жүзеге асып, емдеудің қосалқы әдісі ретінде анықталады.

Психотерапияның маңызды ерекшелігі клиент тұлғасының реконструкциясына, әсіресе, оның бірінші сатыларында жауапкершілік психотерапевтің мойнында болатынында. Психологиялық кеңес беруде тұлға өнімділігінің өзгеруімен байланысты нәтижелерге жауапкершілік психолог пен клиенттің арасында бөлінеді.

Тәжірибеде психологиялық көмектің жеке түрлерінің арасындағы айырмашылықтар жоғалады, өйткені көптеген мамандар оларды бір-бірінен ажыратпайды. Сұхбаттасушы клиенттің күрделі проблемаларын анықтаса, бірден кеңес беруге немесе психотерапевтік әдістерге көше алады. Психотерапевт үнемі сұхбаттасу мен кеңес беруді қолданады.

Психологиялық көмектің кейбір түрлері әлеуметтік қолайлы тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. Бұл – терапия алдын–ала келісімсіз жүзеге асатын мекемелерге тән. Терапияның көптеген түрлерінің жарияланатын мақсаты – «тұлғаға дербес бағытын табуға, одан кейін сол бағытпен байланысты мақсатқа жетуге көмектесу». Алайда психологтардың барлығы сол мақсаттарды қол жетерліктей жасай алмайды.

Осылайша психологиялық көмек, бұл – жалпылама ұғым. Сұхбаттасу, диагностика, кеңес беру және психотерапия клиентке көмек көрсетуге бағытталғандықтан сол ұғымға кіреді. Сонымен бірге, әлемде интернационалды тәрбиеден (этноцентризмнің шеткі түрлерін жеңу) жасырын алқаштар топтарына дейін психологиялық көмек көрсету бағдарламалары көптеп кездеседі.

Әрбір нақты жағдайда клиенттің проблемалары мен тұлғасының ерекшеліктерін ескеріліп, психологиялық көмектің жеке-дара бағдарламасы құрастыралады.

Адамдарға психологиялық көмек көрсету бірқатар жағдайлардың негізінде өте қарапайым іс бола қоймайды. Көбінде психологиялық көмек көрсетуде тіл, мәдениет және басқа да жағдайлар кедергі келтіреді. Терапияның кейбір түрлері вербалды емес қарым – қатынасқа негізделгендіктен көбісі адамдардың сөйлегенін талап етеді. Сондықтан, психолог пен клиенттің вербалды қабеліттері маңызды рөл ойнайды. Олардың тілдегі, мәдениеттегі және материалды жағдайларындағы кедергілер бір-бірімен тіл табысуда әсер етуі мүмкін.

Көмекке мұқтаж адам психологқа қарағанда едәуір тәуелді жағдайда болады. Сол себептен, білікті маман әрқашан басқа адамдарға көмек ұсынуда сол жағдайды ескеруі тиіс. Терапевтен қарапайымдылық пен даналық талап етіледі. Ол адамға қалай көмектесуге болатынын әрдайым біле бермейді, өйткені проблемалар жиі психологиялық теория мен тәжірибенің қазіргі жағдайы үшін тым күрделі келеді. Сондай-ақ, психологтың клиентпен өткізетін шынайы уақыты оның өмірімен салыстырғанда өте аз.

Дегенмен, осындай қиыншылықтарға қарамастан адамдарға психологиялық көмек қажет-ақ, әрі олардың өмірін және тұтастай қоғамның жайын біршама өзгерте алады.