Практикалық психологтың қызметіне деген нақты сұраныс тапсырыс берушіге немесе клиентке байланысты болып, кәсіби қызметтердің аталмыш түріне деген әлеуметтік тапсырыстың көрініс беру формасын білдіреді. Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру ұғымының астарында кеңесшілердің, психотерапевттердің және өзгеше маманданған практикалық психологтардың қызметін пайдалану даярлығында көрінетін кәсіби іс-әрекеттің аталмыш формасының қажеттігін тиімді қоғамдық мойындау жағдайы анықталады.
Жалпы, бұндай тапсырыс күрделі ішкі немесе тұлғааралық проблемаға қатысты кеңес қажет болған психикалық дені сау адамдардан түседі. Әрине, психологқа проблемаларын өз бетінше шеше алатын, өмірін психологиялық зақымдайтын жағдайлардың пайда болуынан алдын ала сақтандыра алатын адамдар келмейді. Алайда, оның іс-әрекетіндегі немесе өміріндегі экстремалды оқиғалар да кәсіби психологиялық көмекке деген қажеттілікті тудыруы мүмкін.
Клиенттер және тапсырыс берушілер де психологтың қызметіне тікелей тапсырыс беретіндер болып табылады. Практикалық психологиядағы клиент бұл – психологтан көмек алатын адам. Психологқа өзі, басқа адамдар немесе олармен өзара қатынастары жайлы психологиялық ақпаратты табыс ететін ересек адам немесе бала практикалық психологтың клиенті болып табылады. Ол өзін сол ақпараттың мазмұнына жауапты санайды, өйткені ол оның күйзелістері мен тиімсіз ойларының өнімі болып табылады. Сонымен бірге, клиент психологиялық ақпаратты алушы да болып табылады, яғни дәл клиенттің проблемасын психологқа артпай өзі шешуі тиіс.
Оқушыларға қатысты мұғалімдер, балаларына қатысты ата–аналар, қызметкерге қатысты ұйымдардың басшылығы, аурулардың нақты категорияларына қатысты дәрігерлер, психологиялық сараптамаға мұқтаж айыпталушыларға қатысты сот органдары психологтың қызметтеріне тапсырыс берушілердің қатарына жатады. Жарнамашылар, қоғаммен байланыстар жөніндегі құрылымдар және имиджмейкерлер де өзінше психологтың қызметіне тапсырыс береді. Олар өздерінен тәуелсіз «клиентпен» – тікелей сатып алушылармен немесе дауыс берушілермен қызметке бағдарланады.
Психологқа мектептегі білім жүйесінен келіп түсетін едәуір кеңінен танылған тапсырыстарды қарастырып көрелік. Мұғалімдердің және ата–аналардың тарапынан түсетін тапсырыстар көбінде кейбір балалар мен жас өспірімдердің оқығысы келмей, қабілеттерін жүзеге асыруға ниет білдірмеулеріне, барлық немесе нақты пәндер бойынша төмен үлгерімдеріне байланысты. Оқушылар өздерін нақты іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге, есті дамытуға, сабақта анағұрлым зейінді болуға, уақыттарын орынды бөлуге үйретуді сұрай келеді.
Көптеген тапсырыстар жеке проблемалар жөнінде болады: баланың мазасыздығы (әсіресе мектептегі), әртекті кешендер, баланың өз-өзіне сенімсіздігі, мінез-құлықтағы және өзгелермен өзара қатынастарындағы қиындықтар. Оқушылар психологтан қатарластарымен, әсіресе қарама–қарсы жыныстағы құрдастарымен қарым – қатынастарындағы, мүғалімдермен және ата–аналарымен өзарақатынастарындағы қиындықтарды жеңуге көмектесуді сұрайды. Жоғары сыныптағы жас өспірімдер мен боз балалар нақты қасиеттерін қалай дамытуға болатынын, қандай мамандықты таңдауға болатынын сұрайды. Психологқа «қиын» сыныптармен тәрбие жұмысының бағдарламасын қалай құруға болатыны жөнінде, нашар отбасыларындағы балаламен қалай жұмыс жасауға болатыны жайлы; сынып пен мұғалімнің, ата–аналар мен балалардың, оқушылардың арасындағы дауларды қалай шешуге болатыны, мектеп пен ата–аналардың арасындағы қатынасты қалай реттеуге болатыны жайлы тапсырыстар келеді.
Психологқа келіп түсетін сұраныстардың бірқатары оқуда елеулі нәтижелерге жетпеген, өздерінің кәсіби қызығушылықтарын сезіне қоймаған, өздерін қабілетсіз сезінетін оқушыларға қатысты кәсіби бағдарға байланысты. Психологқа баланың дарындылығына орай оның оқу курсын тездетіп өтудің орындылығына байланысты тапсырыстар да келеді.
Ұйымда қызмет ететін психолог тұрақты әрекет еткен әлеуметтік тапсырысты өзінің күнделікті міндеттерін бастамашылдықпен және шығармашылықпен орындау арқылы жүзеге асырады. Ол өзінің жоспары бойынша жұмыс жасай отыра, дара немесе топтық психологиялық проблемаларды анықтайды, оларды зерттеп, шешу жолдарын іздестіреді. Мәселен, психолог оқушылармен танысу үшін ағылшын тілі сабағына келеді. Оның назарын мұғалімнің әрбір сұрағына қолын көтеріп, сенімді, ашық та қуанышты жауап беретін қыз аулайды. Мұғалім аталмыш сыныптағы балаларды сиаттауда сол қызды өте қабілеттілердің бірі деп атайды. Алайда, келесі математика сабағында ол өз өзіне ұқсамайтындай: пысықтығы жоғалып кетті, сұрақтарға селт етпейді, ал егер сұраса сенімсіз түрде жасқаншақтықпен жауап береді. Математика пәнінің мұғалімі қызды үлгерімі әлсіздердің қатарына жатқызады. Психологтың алдында: осындай соншалықты әркелкі оқудың негізінде не жатыр? деген сұрақ туындайды. Ендігі жолда ол тәжірибеден алынған вербалданбаған, көркемделмеген тапсырыстың негізінде психологиялық проблеманы құрастыруы қажет.
Жалпы, клиенттер тәжірибелеуші психологпен кездесуге, одан кеңес алуға немесе психотерапия сеанстарына өз бетінше келеді. Алайда, кейбір жағдайларда (жабық мектептерде, түрмелерде, клиникаларда) адамдарды психологқа олардың келісімінсіз бағдарлайды. Әрине, осындай жағдайда өзара қолайлы қатынастарды қалыптастыру қиынға соғады.
Клиентке қарағанда, тапсырыс беруші, психолог пен клиенттің арасындағы делдал іспеттес. Кейде ол жақындарына, таныстарына немесе қоластындағыларына психологиялық көмектің қажет екендігін сезінетін, алайда оны өз күшімен жасай алмайтын интуитивті психолог рөліне енеді. Кейде ол нақты ұйымның басшысы ретінде ондағы сәйкес инновациялық немесе қайта өңдеу іс-шараларын шешу жоспарларына енген диагностикалық және кеңес беруші іс-шаралардың бастамашысы болып табылады. Кейбір жағдайларда клиент пен тапсырыс беруші бір адам болуы мүмкін. Ондай жағдай психологқа түскен жеке-дара көмек, топтық (тұлға аралық) психодиагностика мен кеңеске ұласып, өзарақатынастардағы дау-дамайлардың шешілуін болжағанда орын алады. Егер де, адам психологқа: «Мен мұнда балаларыммен дұрыс араласу үшін және ол жайында талқылау үшін келдім» деп көмек сұрай келсе, психолог проблеманың орталық үзбелісі балалар болмаса да, олар жайлы тақырыпты елемей қоя алмайды.
Тапсырыс беруші психологқа клиенттің әлеуметтік мәртебесінің, проблемасының өзіндік нұсқасын ұсынады. Кейде ол көзделген психологиялық көмектің мерзіміне, көлемдеріне және кейбір басқа да ерекшеліктеріне қатысты жағдайлар жөнінде алдын ала ескертеді.
Он төрт жасқа дейінгі бала психологиялық қызметтердің тапсырыс берушісі бола алмайды, өйткені ол құқықтық нормаларға сәйкес өз әрекеттеріне заңды жауап бере алмайды. Бұндай жағдай психологиялық ақпаратты ұсынуға және оны кімнің пайдаланатынын анықтауға қатысты құқықтық шеңберді қалыптастырады. Сондай-ақ бұл – практикалық психологтың диагностикалық зерттеулерінің нәтижесінде алған ақпараттың кімге және қандай мақсатпен қолданылатыны жайлы мәселе. Егер де клиент он төрт жасқа дейінгі бала болса, ол жайлы психологиялық ақпарат оған жауапты адамдарға хабарланады. Ата-аналар немесе қамқоршылар сірә, ол ақпаратты баланың қызығушылықтарына орай пайдаланар.
Ересек адамға оның өзі пайдаланып, проблемасын қабылдап, шеше алатын психологиялық ақпарат хабарланады. Клиенттің психологиялық проблемасының шешімі қандай тиімді болса да, ол тек психологтың ойына ғана келсе, оны клиентке таңуға тырысудың қажеті жоқ. Мұнда адамдардың психологиялық мәдениеті нақты (алайда негізі емес) рөл ойнайды. Ол практикалық психолог қызметіндегі психологиялық ақпаратты алу, ұсыну және пайдалану қиыншылықтарының алдын алады.