Практик психологтардың іс-әрекетіне әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру

  1. Психолог-практиктердің іс-әрекетіне деген әлеуметтік тапсырыс, тұрғандардың психологиялық көмекке деген қажеттіліктерін сезіну дәрежесін сипаттайды.

Психологиялық көмек адамдарға әрдайым қажет. Сондай-ақ, көптеген адамдар оны әр уақытта алып отырды. Шамандар, тәуіптер, шіркеу, жанұя, достар, жеке-дара психологиялық қабілетті тұлғалар қалайда психологиялық проблемаларды шешіп отырды. Алайда тек жиырмасыншы ғасыр ғана практик-психолог мамандығының пайда болуына түрткі болған әлеуметтік тапсырысты қалыптастырды. Көп мөлшерде бұл адамның маңыздылығын, бірегейлігін және қайталанбастығын сезінумен міндеттеледі. Әрине, әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуына, практикалық психологияға сұраныстың артуына қоғамдағы, экономикадағы, жанұялардағы, жеке-дара адамдардың тағдырларындағы дағдарыстардың ықпал еткені сөзсіз. Технологиялық, әлеуметтік – экономикалық, экологиялық, саяси және басқа да процестердің есебінен бүкіл әлемде психологиялық проблемалардың артқаны соншалықты, оларды шешудің тұрмыстық тәсілдері жеткіліксіз болды.

Сондай-ақ, психолог қоғамдық сананың қарама-қайшылығына кездесіп отырады. Ол клиенттердің оның қызметінің мазмұны жайлы түсініктерінің бұлыңғырлығында көрінеді. Кейде психологтың кәсіби мүмкіндіктері абсалюттеніп, тіптен жұмбақталса, кей жағдайларда оның іс-әрекеттерінің нәтижелеріне мөлшерден тыс сыни қатынас қалыптасады.

Күнделікті кәсіби психологиялық тәжірибе қоғамның адам даралығының құндылығын сезінуге ықпал етеді. Практикалық психологтың мамандығына әлеуметтік тапсырыстың берілуі, қоғамдық сананың, оның кәсіби іс-әрекеттерінің мазмұны жайлы, адамдардың ешбір өзге әлеуметтік институттар ықпал ете алмайтын қиындықтарына көмектесу мүмкіндіктері жайлы қолайлы түсініктеріне негізделеді. Бұл процеске қазіргі заманғы адамдардың қиындықтарын талдайтын публицистикалық және ғылыми-танымал әдебиет те ықпал етеді. Адам жайлы нақты психологиялық білімдердің қажеттігін әлеуметтік тәжірибенің әртүрлі салаларының өкілдері: мұғалімдер, дәрігерлер, заңгерлер, менеджерлер, саясаткерлер де сезіне бастады. Ондай білімдерсіз олардың өздеріне қатысты – басқа адамдармен мақсатты түрде өзара әрекеттесу, оларды басқару сияқты негізгі міндеттері қиындатылатын еді. Практикалық психологиялық проблемалардың саны мен қарындылығы оларды психологиялық білімдерді жариялауға едәуір сезімтал етеді. Осылайша, өзінше бір психологиялық басқару – объектінің (индивидтің, топтың) психологиялық сипаттамаларын өзгерту мақсатында кәсіби мамандардың практикалық психология әдістерінің және құралдарының көмегімен ықпал етуінің орын алатынын айтуға болады.

Қоғамдық тәжірибенің жеке аймақтары өздерінің практикалық психологиялық проблемаларын әрқилы ырғақпен, біреулері едәуір тез, басқалары баяуырақ сезінеді. Заңгерлік тәжірибе, қаржылық аймақ, медицина, орта білім жүйесі, қарулы күштер, көлік (транспорт), авиациялық сияқты әлеуметтік салалар психологиялық қызметтерді қабылдауға едәуір бейім. Бұл жағдайды өмірдің осындай салаларында психологиялық қиыншылықтардың салдарына едәуір сезімтал, адам даралығының рөлін және тұтастай психологиялық фактордың маңыздылығын түсінуде нақты дәстүрлердің орын алуымен түсіндіруге болады.

Соңғы жылдары психологты қабылдаудағы белгілі бір дайындықты жалпы білім беретін мектептен көруге болады, дәл сонда оның қызметінің нәтижелеріне қатысты азды-көпті тепе-тең үміттер қалыптасқан. Бүгінгі күннің өзінде–ақ мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар: оқудағы ерекше қиындықтарды және олардың себептерін анықтау; ақыл-ой мен тұлғалық дамудағы ауытқуларды жою және алдын алу; күрделі даулы жағдайларды шешу және т.б. көптеген қиындықтарды шешуде психологқа сүйенеді. Дегенмен, бұнда да психологиялық білімдердің танымал болуы ең алдымен мәдениеттің негізін қалыптастыруда өзекті болуда.

  1. Психолог-маманның тәжірибесі психологтың қызметіне деген әлеуметтің тапсырыстың туындауына ықпал етеді. Сондай-ақ ұйымдағы психолог нақты қызметкердің немесе топ мінез-құлқының, қарым-қатынастарының және іс-әрекетінің ерекшеліктері оның назарын аударып, алаңдатса әрі ол сол ерекшеліктерді түзету немесе дамыту мақсатында олардың себептерін анықтау қажеттігін сезінсе әрдайым бастамашылдық танытып, ол жөнінде алдына міндет қоя алады.

Мемлекет практикалық психологияның маңызды тапсырыс берушісі болып табылады. Дәл сол жағдай әртүрлі әлеуметтік және ұлттық топтардың қызығушылықтары мен қатынастарын үйлестіруді, тұрғындардың нақты қатпарларындағы өмірдің сапасын жақсартуды, адамдардың психикалық денсаулығын нығайтудың жағымды жағдайларын қалыптастыруды көздеген әлеуметтік саясатты жүргізуі тиіс. Бұл салада сәйкес мемлекеттік бағдарламаларынсыз шешілмейтін көптеген күрделі, негізінен жалпы ұлтқа ортақ проблемалар бар. Мәселен, АҚШ-та санақтың мәліметтері бойынша стресстермен байланысты проблемаларды шешуге жыл сайын 75-90 миллиард доллар жұмсалады. Ол ұлттық жалпы өнімнің шамамен 10 пайызын құрайды. Сонымен бірге, өнімділіктің стерсстік күйзелістерден төмендеуінің шығындары шамамен 17 миллиардды құрайды; ішкілік 10 миллиардтармен есептелетін шығындардың себебі болып табылады (жұмыстан қалу және бос шығындалған дарындылық); нашақорлық жыл сайын 17 миллиардтың шығындалуына әкеледі.

Қазақстандағы әлеуметтік денсаулық мәселесі де қылмыскерліктің деңгейін, саяси алаңдағы конфронтациялықты төмендету үшін, билік пен халықтың, жұмыспен қамтамасыз етушілер мен жалдамалы жұмысшылардың арасындағы өзара қатынастарды жақсарту үшін, тұрғындардың барлық категорияларының күнделікті тұрмысын сауықтандыру үшін қуатты шешімдерге мұқтаж болар.

Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен партиялар психологиялық қызметкерлердің ең жетекші тапсырыс берушілері болып табылады. Басшылық саяси процестегі психологиялық факторлар маңыздылығының және практикалық психологияның стратегиялық деңгейге көтерілгенінің қуатын сезінген сайын, саяси –психологиялық сипаттағы тапсырыстардың саны арта түседі.

Осылайша, психолог-практиктердің іс-әрекетіне әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуы экономиканың, саясаттың, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдерінің, сондай-ақ қоғамдық өмір мен іс-әрекеттің басқа да салаларының адамдар мінез-құлықтарының психологиялық заңдылықтарын түсіну мен ескерудің толққандылығына деген өспелі тәуелділігімен міндеттеледі. Тұрғындардың адам өмірінің құндылығын сезінулерімен байланысты психологиялық мәдениеттерінің артқан деңгейі психологиялық қызметтердің маңызды бастауы болып табылады.