Психологтың жұмыс орнын материалдық жабдықтаудың жобасы

ПСИХОЛОГ ҚҰЖАТТАРЫ:

Әртүрлі және әр типтегі білім беру мекемелерде жұмыс істейтін психолог психологиялық педагогикалық және дәрігерлік-әлеуметтік көмек керек балаларға (орталықтағы) төмендегі форма бойынша жұмыс жүргізуді қолдануға болады:

  1. Білім мекемесіндегі психологтың жылдық жұмыс жоспары:

— Мақсаты мен міндеттер;

— мектеп ұжымының диагностикасы;

— педагогикалық үрдістерінің диагаостикасы мен болжамы;

— оқушылармен, педагогтармен, ата-аналармен, басшылармен;

— оқушылармен түзету жұмысы;,

— мектеп ұжымына психопрофилактикалық жұмыс;

— ұйымдастыру жұмысы, облыстық, аудандық; орталықтармен өзара байланыс.

  1. Психологтың апталық немесе айлық жұмыс жоспары.
  2. Әр түрлі бағыттағы психологиялық диагаостикалық және профилактикалық материалдар жинағы.
  3. Жүргізілген зерттеулерді нәтижесі бойынша қорытынды шығару.
  4. Психологтың кеңес беру журналы.
  5. Психологтың топпен жұмыс бағдарламасы.
  6. Топтық жұмысты есепке алу журналы.
  7. Түзету жұмысы (егер арнайы топ құралса).
  8. Түзету-дамыту сабақтарына бағдарлама.
  9. Балаға психологиялық-дәрігерлік-әлеуметтік көмек беру картасы.
  10. Жүргізілетін сабақтардың бағдарламалары қысқа жоспары.
  11. Психологтың аналитикалық есебі.
  12. Мектеп тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасы (2-3 жылға).

Зерттеу негізінде жинақталған материалдарды сақтауға арналған сейф және жұмыс бөлмесі.

  1. Жоспарды құру барысында мыналарды ескеру қажет:
  • Өз жұмыс
  • мекемесіндегі білім беретін іс-әрекет мақсаты мен міндеттерді;
  • ҚР Конституциясына, «Білім туралы» заңға, «Баланың құқы туралы Конвенциясына», Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарына және облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес баланың қызығу құқтар приоритеті және т.б.
  1. Жұмыс жоспарына төмендегі бағандарды енгізу қажет:
Жұмыстың аты Жүргізу жағдайы Жауапты Уақыты Ұсынылатын нәтиже

2 бағанда әр түрлі іс-шаралардың (жиналыс, кеңес, әңгіме, сабақ және т.б.) аттары, сондай-ақ белгілі бағыт бойынша іс-әрекеттің бағдарлама аты (мысалы, сыныпты диагностикалық тексеру немесе қосату, түзету т.б.) Егер әр бағыттың жұмысын бөлек көрсету керек болса, оңда осы бағаннан бағанашаларға бөлесіз. Жұмыс жоспарын апталық, айлық, кварталдық немесе тоқсанға есептік ретінде құрастырылады.

  1. Болашақ жұмыс жоспары психологтың жұмыс мақсаты мен бағыттарын ендіріп, бір жылға жасалады.

Оқу жылына арналған мектеп психологының іс-әрекеттік жұмыс жоспары

Төмендегі жоспар проектісі 44 жұмыс аптасына арналған. Психологтың апталық жұмыс жоспарларының уақыты 24 сағаттан аспау керек. Кейбір апталардағы күндер жұмыс түрлерімен қамтылмаған болса, онда сол уақытта әкімшіліктің педагогтар мен оқушылардың сұраныстары бойынша кезектегі жұмыстарды атқарған жөн. Жоспарға төмендегілер кіреді.

  1. Мектеп психологының іс-әрекетіне қосымша жұмыстардың мазмұны:

— 1-ші сыныпқа қабылдау;

— бастауышсыныптағыоқушылардыңмектепке бейімделуі;

— орта буынға ауысуы, өтуі;

— орта буынға бейімделуі;

— жасөспірім дағдарысы;

— жоғарғы сыныпқа бейімделу.

  1. Педагогикалық ұжымдармен ағарту және топтық кеңестік жұмыстарының бағыттары (семинарлар) — 1-3, 5-7 жөне 8-11 сыныптарының әр топқа жылына екі семинар жоспарланып, жүргізілуі керек.

Семинарларда төмендегі жұмыс бағыттары қаралуы керек:

  • ағарту бағыты — пән мұғалімдерді мен сынып жетекшілеріне оқушылардың белгілі жастағы психикалық дамуындагы заңдылықтары мен ерекшеліктерін таныстыру;
  • әдістемелік бағыт — пән мұғалімдерін белгілі жастағы оқушыларды оқытудың негізгі психологиялық талабын, мүмкіндіктерін таныстыру;
  • әдістемелік бағыт — сынып жетекшілерін белгілі жастағы оқушылардың оқудан тыс іс-әрекетгерін ұйымдастырудың негізгі психологиялық талабын, мүмкіндіктерін тәрбиелеу мақсатында таныстыру.