Біз мектептегі психологиялық қызметті жүргізуге төмендегі жұмыс кезеңдерін ұсынамыз:
1.1. І-ші кезең — Мектеп мұғалімдеріне қажетті психологиялық көмек көрсету — мамыр айы.
1.2. 2-ші кезең — МПҚ-тің жұмысын жоспарлау — тамыз айы.
1.3. 3-ші кезең — Мектептің алдына қойған мақсатты ескеріп, педагогикалық үрдістерге қатысушылардың қажеттілігін анықтап, жұмыстың негізгі бағыттарын іске асыру — оқу жылының аяғына дейін.
1.4. 4-ші кезең — Нәтижелерді қортындылау, жалпыламалау -есептік кезең.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
2.1. Психологиялық диагаостика —
Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін де зерттеу.
2.2.Психологиялық профилактика —
Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.
2.3.Психотүзету (психокоррекция) және дамыту —
Мақсаты: Оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту.
2.4. Психологиялық консультация (кеңес) жүргізу, кәсіби кеңес (консультация) жүргізу —
Мақсаты: Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.
2.5.Психологиялық білімді көтеру —
Мақсаты; Педагогикалық үрдістерге қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.
ПСИХОЛОГТЫҢ ЖҰМЫС БӨЛІКТЕРІ.
-оқушылармен жұмысы;
-оқытушылармен жұмысы;
-ата-аналармен жұмысы;
-әкімшілікпен жұмысы.
КӘСІПТІК ПСИХОГРАММА
(психологқа арналған)
| № | Тұлғалық ерекшеліктер, кәсіпті білуі. | 
| 1. | Өзгелердің жағдайын түсінуге тырысу, назар аударуы. | 
| 2. | Қарым-қатынасқа бейімділік, жылы шырайлылығы. | 
| 3. | Жетекші болуға қабілеттілігі. | 
| 4. | Әдептілігі, сыпайылығы. | 
| 5. | Дұрыс ақыл-оймен басқаруы. | 
| 6. | Жарқын жүзділігі. | 
| 7. | Шыдамдылығы, төзімділігі. | 
| 8. | Үлкен жауапкершілікті сезуі. | 
| 9. | Әртүрлі жұмыстарды толық орындау қабілеттілігі. | 
| 10. | Еңбек іс-әрекетіне ынтасы. | 
| 11. | Әрекеттегі ұқыптылығы. | 
| 12. | Жаңа идеяларды тез игеруі, пікірдің өз еркіндігі. | 
| 13. | Жұмыс барысындағы ұқыптылығы және реттілігі. | 
| 14. | Өз болашағын жоспарлауға қабілеттілігі. | 
| 15. | Өз ойын еркін айтуға қабілеттілігі. | 
| 16. | Есте сақтауы. | 
| 17. | Өзгелерді оқытуға қабілетгілігі. | 
| 18. | Ауруларға қамқорлық жасай білуі | 
| 19. | Бейтаныс адамдарға қамқорлық жасай білуі |